Зертханалық жұмыс. «Еркін құлау кезіндегі еркін түсу үдеуін анықтау». Есептер шығару. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Кинематика

Мектеп: Ақтау қаласы ХББ НЗМ

Күні: ___/10/2020ж

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зертханалық жұмыс. «Еркін құлау кезіндегі еркін түсу үдеуін анықтау». Есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.1.1.5 - ғылыми идеялар, бақылаулар мен тәжірибенің нәтижелерін пайдалана отырып қорытынды жасау;

9.2.1.7 - еркін түсу үдеуін анықтау бойынша тәжірибені сипаттау;

 Сабақ мақсаттары

  • ауа кедергісін ескере отырып, дененің гравитациялыө өрісте еркін түсуін сапалы сипаттау;
  • ғылыми идеялар мен эксперимент нәтижелерін қолдана отырып қорытынды жасау;

 Бағалау критерийлері

Оқушы білуі тиісті…

  • ауа кедергісін ескере отырып, дененің гравитациялық өрісте еркін түсуін сапалы сипаттайды;
  • ғылыми идеялар мен эксперимент нәтижелерін қолдана отырып қорытынды жасайды;

 Тілдік мақсаттар

Оқушы оқыту мақсатына жетті,егер....

  • Түсініктерін тәжірибе жүзінде пайдаланады.
  • Терминология,сөздік жаттау
  • Ережелерді біле отырып,есептерді шығарады,ойын тұжырымдайды.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Егер … артса/кемісе, онда … өзгермейді.

Қазақ

орыс

ағылшын

Орын ауыстыру Жылдамдық Үдеу Теңайнымалы қозғалыс движение

Перемещение Скорость Ускорение Равнопеременное

Displacement Velocity/speed Acceleration one dimensional motion with constant acceleration

Құндылықтарды дарыту

Айналасындағы қоршаған ортаны тану,оған сүйіспеншілігін білдіріп,аялай білу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарымен жұмыс, веб-сайтта ақпаратты оқу, таңдау, көшіру және файлға сақтау, ақпарат көздеріне сілтемелерімен бірге жүру, мәтінмен, кестелермен, диаграммалармен жұмыс жасау;

Бастапқы білім

Жылдамдық пен үдеу, қозғалыс теңдеулері туралы түсінікке ие болуы тиіс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

«Миға шабуыл»

5 мин

І. Ұйымдастыру. Оқyшылармен амандасy. Психологиялық дайындық.

ІІ. Сабақ басында:

1. Оқушылардың өлшеулерді жүргізу үшін қолданулары мүмкін g –ді өлшеудің бейнебаянын көрсету. Мысалы, Айдағы еркін түсу үдеуі мен жылдамдықты салыстыру көрсетілетін видео: http://www.youtube.com/watch?v=GdHlWp9k_sY немесе еркін құлаған доптың стробоскопиялық қозғалысын көрсететін видео: http://www.youtube.com/ watch?v=xQ4znShlK5A.

2. Сабақ тақырыбын айқындау.

3. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтау.

ІІІ. Ой қозғау.

G-Топтық жұмыс. Қосымша №1.

Мұғалім: Сыныпты екі топқа бөлінеді. Қажетті материалдарды алдын ала дайындалады. Жұмысқа кіріспес бұрын соңынан топтар бірін-бірі бағалайтынын ескертіледі. Топтық бағалаудың критерийлерін ұсынылады. Топтарға тапсырманы түсіндіріледі. Орындау уақытын белгіленеді.

Оқушылар: Бұл тапсырмада оқушының өз ойын еркін жеткізуі маңызды. Үдерісті талдайды, ерекше идеялар тауып, мәселелердің себебін анықтап, шешу жолдарын ұсынуды үйренеді.

І топ.

Бағалау критерийлері:

Галлилей тәжірибесін түсіндіреді. https://www.vascak.cz/data/android/physicsatschool/template.php?s=gp_volny_pad&l=ru сайтынан көрсетуге болады.

Дескриптор:

  • Құлаған денелердің жылдамдығы мен үдеуі неге тәуелді болатынын біледі
  • Галлилейдің денелердің құлауы туралы жасаған ұйғарымын біледі

ІІ топ.

Бағалау критерийлері:

Ньютон тәжірибесін түсіндіреді. https://www.vascak.cz/data/android/physicsatschool/template.php?s=gp_newtonova_trubice&l=ru сайтынан көрсетуге болады.

Дескриптор:

  • Тәжірибені сипаттай отырып, еркін түсудің анықтамасын береді
  • Еркін құлаған дененің қозғалысын сипаттайды.

Оқушылар өздерінің ой-қорытулары бойынша келесі факторларды келтірулері мүмкін: Г. Галилей тәжірибесі бойынша ауа кедергісі болады; шарларды екі адам ұстаған кезде олар бір мезгілде жібермеуі мүмкін. Ньютон тәжірибесі бойынша сол кездегі құралдардың жасалу техникасына байланысты толық ауасыз кеңістік жасалмауы мүмкін, сондықтан денелердің қозғалысына ауа кедергі келтіруі мүмкін.

Бұл тапсырмада оқушының өз ойын еркін жеткізуі маңызды. Үдерісті талдайды, ерекше идеялар тауып, мәселелердің себебін анықтап, шешу жолдарын ұсынуды үйренеді.

http://www.thealy.com/LCPhysics/mechanics/iSpring/g%20by%20freefall/index.html

Физика. 9-сыныпқа арналған оқулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2019ж. 2.7, 41 бет

Сабақтың ортасы

12 мин

15 мин

ІV. W- Сыныппен жұмыс.

Зертханалық жұмыс. «Еркін құлау кезіндегі еркін түсу үдеуін анықтау»

Мұғалім: Оқушыларға виртуалды зертханалық жұмыстың негізгі ережелері мен жұмыс тәртібін еске салу керек. Жұмыстың нақтылығы, дәлдігі мен қорытынды жазу қажеттілігіне назар аудару керек.

Оқушылар: Алынған бірнеше мәндерді салыстыра отырып, оқушылар ауырлық күшінің әсерінен еркін түсу үдеуі шамамен бірдей шамаға тең деген қорытындыға келу керек.

I-Жеке жұмыс. Қосымша №2.

Бұл кезеңде оқытудың сараланған әдісі жүзеге асады.

Бағалау критерийі:

  • Дененің ең үлкен көтерілу биіктігінің формуласын білу;
  • Биіктікке көтерілу уақытының формуласын білу;
  • Лақтыру нүктесінен өткен кездегі жылдамдық формуласын білу;
  • Дененің барлық ұшу уақытының формуласын білу;

Физика. 9-сыныпқа арналған оқулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2019ж. 2.4-28-29 бет

Қосымша №1.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

Нені үйрендім;

Нені орындай алмадым

VІ. (G) Қорытындылау.

Сабақ соңында алынған нәтижелердегі қиындықтар мен айырмашылықтарды талқыланады. Мақсатқа жетудің жетістігі талдап бағаланады.

VІІ. Үй тапсырмасы.

«Дененің еркін түсуі» Қосымша №3.

Физика. 9-сыныпқа арналған оқулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2019ж. 2.7, 41-43 бет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

«Бас бармақ» тəсілі көмегімен

«Шапалақтаy» тəсілі көмегімен

«Мадақтаy» тəсілі көмегімен

- Оқyшылардың партада дұрыс отырyын қадағалаy;

- АКТ-ны yақытылы қолданy;

- Психологиялық жағымда ахyал тyғызy, сергітy сәтін ұйымдастырy.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

[attachment=69391:9-synyp_-mzh-erkin-lau-kezindegi-erkin-tsu-deuin-anytau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу