Шытырман оқиғалы ойындар арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 73 сабақ.


 Дене шынықтыру сабағының №73 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 бөлім: Шытырман оқиғалы ойындар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шытырман оқиғалы ойындар арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

Оқу мақсаттары

6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Сабақ мақсаттары

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсынуға үйрету.

Бағалау критерийлері

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады, оны шешудің балама жолдарын ұсына алады.

Тілдік мақсаттар

 

Шытырман ойындарда өзінің дағдыларын талқылау, талдау және көрсету.

Мыналарды қамтиды:

  • Шабуыл, қорғаныс
  • Әділ ойын , жарыс кезіндегі қарым-қатынас
  • Кеңістікте бағдар алу.
  • Командалық жұмыс
  • Тактика, стратегия, шығармашылық қабілет
  • Көшбасшылық дағды
  • Жүгіру, бағыт өзгертіп, жылдам жүгіру
  • Ынтымақтастық сыни ойлау

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Белсенді әрекет дегеніміз не ?
  • Ойын алаңында ұсыныс қабылдаудың ең қолайлысы қандай?
  • Команда ретінде алаңда әрекет етудің жолдарына қалай жетуге болады?
  • Көшбасшы болу үшін қандай негізгі қасиеттер болу керек?
  • Тапсырма орындаған кезе қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Оқушылар волейбол элементтерін қозғалмалы ойындар арқылы дағдылар мен қабілеттер білімін дене тәрбиесі және алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақыттарда қамтыған.

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-8мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар волейболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

9-24мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25-34мин

 

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар волейболдағы допты екі қолмен төменнен қабылдау және қайтару техникасымен таныстырылады. Осыдан кейін оң жақтан және сол жақтан допты екі қолмен төменнен беру, қабылдау әдістерін үйрену үшін білім алушылар жұптарда келесі тапсырмаларды орындайды:

1 тапсырма.

1-ші ойыншылар допты екі қолмен жоғарыдан бір рет өздерінің үстіне лақтырып, жоғарыдан екі қолмен допты беру әдісімен әріптесіне қайтарады, ал 2-ші ойыншылар допты төменнен екі қолмен қабылдап (қағып алмай), бірден бір рет өзінің үстіне көтереді де, допты төменнен екі қолмен қайтаруға тырысады. Қайтарылған допты 1-ші ойыншылар қағып алып, тапсырманы басынан бастап орындайды. Белгіленген уақыт өткен соң ойыншылар рөлдерімен ауысады. Тапсырма дәл осылай жалғасады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты екі қолмен жоғарыдан және төменнен қабылдау, қайтару техникасы бойынша орындағандары қадағаланады. Допты төменнен қабылдап, қайтару кезінде аяқ жартылай бүгулі, бір аяғын алға, екінші аяғын артқа қояды. Екі қолын төмен түсіреді. Допты қайтарған кезде аяқтарын бүгіп, сәл төмен отырып, екі қолының шынтақтарын бүкпей лақтыру қажет екендігі және допты жоғарыдан қайтарған кезде аяқ жартылай бүгулі, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болуы керек екендігі ескертіледі.

2 тапсырма.

1-ші ойыншылар допты екі қолмен жоғарыдан бір рет өздерінің үстіне лақтырып, жоғарыдан екі қолмен допты беру әдісімен әріптесіне қайтарады, ал 2-ші ойыншылар допты төменнен екі қолмен қабылдап (қағып алмай), бірден бір рет өзінің үстіне көтереді де, допты жоғарыдан екі қолмен қайтаруға тырысады. Қайтарылған допты 1-ші ойыншылар қағып алып, тапсырманы басынан бастап орындайды. Белгіленген уақыт өткен соң ойыншылар рөлдерімен ауысады. Тапсырма дәл осылай жалғасады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты екі қолмен жоғарыдан және төменнен қабылдау, қайтару техникасы бойынша орындағандары қадағаланады. Допты төменнен қабылдап, қайтару кезінде аяқ жартылай бүгулі, бір аяғын алға, екінші аяғын артқа қояды. Екі қолын төмен түсіреді. Допты қайтарған кезде аяқтарын бүгіп, сәл төмен отырып, екі қолының шынтақтарын бүкпей лақтыру қажет екендігі және допты жоғарыдан қайтарған кезде аяқ жартылай бүгулі, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болуы керек екендігі ескертіледі.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Тапсырманы орындау кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады;
  • Оны шешудің балама жолдарын ұсынады.
  • ойыншының дұрыс тұру қалыбын орындайды (аяқ иық денгейінде, бір аяғы сәл алда);
  • Екі қолын төмен түсіреді және допты қағып алған кезде шынтағын бүкпейді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

(Т, Ж, ҚБ) Сыныпты екі топқа бөліп, ойын өткіземін. Әр топ допты тор арқылы немесе жіп арқылы қарсыластарының, алаңына түсіру және өз алаңына түсіруге жол бермеу керек. Допты ұстап алған ойыншы оны қайта бірден немесе әр команда өз жағында бір, екі рет пас беріп қарсыласының алаңына лақтыру керек. Лақтырулар тек бір рет жоғарыдан допты беру әдісімен өздерінің үстіне лақтырып, төменнен екі қолмен допты беру әдісімен орындалады.

Әр қателік үшін қарсылас командасына бір ұпай жазылады. Қателік болып табылады: доптың түсуі; алаңға түсуі; доптың бағыты «ойыннан тыс»; арқанға тигізу немесе одан асыру; ойыншыларға ойын алаңынан шығып кетуге.

Содан соң доп қайта ойнатылады. Допты ойынға қосу бір қолмен төменнен, жанынан немесе жоғарыдан лақтыру арқылы орындалады. Доп торға тигізсе қателікке саналмайды.

Ойын белгілі бір уақытқа дейін жалғасады. 1 партия 15 ұпайға дейін ойналады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Тапсырманы орындау кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

Үлкен бос кеңістік.

Волейбол доптары.

Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:

http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami

Допты жоғарыдан қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=xBg8q430QNA

https://www.youtube.com/watch?v=lQbpg0oQNUU

https://www.youtube.com/watch?v=PQh3gVGPXnQ

Допты төменнен қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=8f0G-A1hpUs

https://www.youtube.com/watch?v=9YzQIUMp2kM

https://www.youtube.com/watch?v=S98wO9zcjN8

https://www.youtube.com/watch?v=CToESO4-0jg

Үлкен бос кеңістік.

Волейбол доптары.

Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:

http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami

Кең ауқымды ойын алаңы, доп, бор, арқан, секундомер, ысқырық.

Қозғалмалы ойынға сілтеме: http://www.gomelscouts.com/athletic-games.html

Допты төменнен қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=8f0G-A1hpUs

Допты жоғарыдан қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=xBg8q430QNA

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін барлық білім алушылар түсінеді және қолданады, оны шешудің балама жолдарын ұсынады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін қолдану және оны шешудің балама жолдарын ұсыну кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу