Ойындар арқылы мәселені шешу. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 70 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының №70 қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 бөлім: Шытырман оқиғалы ойындар | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Ойындар арқылы мәселені шешу. | |
Оқу мақсаттары | 6.1.4.1. Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу | |
Сабақ мақсаттары | Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінуге және түсіндіре білуге үйрету. | |
Бағалау критерийлері | Волейболдағы қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді және түсіндіре біледі. | |
Тілдік мақсаттар
| Шытырман ойындарда өзінің дағдыларын талқылау, талдау және көрсету. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. | |
Алдын ала білімі | Оқушылар волейбол элементтерін қозғалмалы ойындар арқылы дағдылар мен қабілеттер білімін дене тәрбиесі және алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақыттарда қамтыған. |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 0-8мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. Білім алушылар волейболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды. | Үлкен бос кеңістік.
| ||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 9-24мин
25-34мин
| (С, Ж, ҚБ) Білім алушылар волейболдағы допты екі қолмен төменнен қабылдау және қайтару техникасымен таныстырылады. Осыдан кейін оң жақтан және сол жақтан допты екі қолмен төменнен беру, қабылдау әдістерін үйрену үшін білім алушылар жұптарда келесі тапсырмаларды орындайды: 1 тапсырма. 1-ші ойыншылар оң жақтан және сол жақтан допты екі қолмен төменнен әріптесіне лақтырады, ал 2-ші ойыншылар оң жақтан және сол жақтан допты төменнен екі қолмен қағып алуға тырысады. Осыдан кейін 2-ші ойыншылар оң жақтан және сол жақтан лақтырады, ал біріншілер оң жақтан және сол жақтан қағып алады. Тапсырма дәл осылай жалғасады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты екі қолмен қабылдау және қайтару техникасы бойынша қағып алғандары мен лақтырулары қадағаланады. Допты лақтыру және қағып алу кезінде аяқ жартылай бүгілу, бір аяғын алға, екінші аяғын артқа қояды. Екі қолын төмен түсіреді. Допты қағып алған кезде шынтағын бүкпейді. Допты лақтырған кезде аяқтарын бүгіп, сәл төмен отырып, екі қолының шынтақтарын бүкпей лақтыру қажет екендігі ескертіледі. 2 тапсырма. 1-ші ойыншылар допты екі қолмен төменнен әріптесіне оң жағына және сол жағына лақтырады, ал 2-ші ойыншылар оң жақтан және сол жақтан допты төменнен екі қолмен қабылдап (қағып алмай), бірден қайтаруға тырысады. Белгіленген уақыт өткен соң ойыншылар рөлдерімен ауысады. Тапсырма дәл осылай жалғасады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты екі қолмен қабылдау және қайтару техникасы бойынша қағып алғандары мен лақтырулары, қабылдау мен қайтарулары қадағаланады. Допты лақтыру, қағып алу және қабылдау, қайтару кезінде аяқ жартылай бүгілу, бір аяғын алға, екінші аяғын артқа қояды. Екі қолын төмен түсіреді. Допты қағып алған кезде шынтағын бүкпейді. Допты лақтырған кезде аяқтарын бүгіп, сәл төмен отырып, екі қолының шынтақтарын бүкпей лақтыру қажет екендігі ескертіледі. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Жаттығуларды орындау барысында көшбасшылық қасиет қалай байқалады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Волейболдағы қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзіңіздің және өзгелердің біліктілік сапасын қалай түсінесіз? (Т, Ж, ҚБ) Сыныпты екі топқа бөліп, ойын өткіземін. Әр топ допты тор арқылы немесе жіп арқылы қарсыластарының, алаңына түсіру және өз алаңына түсіруге жол бермеу керек. Допты ұстап алған ойыншы оны қайта бірден немесе әр команда өз жағында бір, екі рет пас беріп қарсыласының алаңына лақтыру керек. Лақтырулар тек оң жақтан немесе сол жақтан төменнен екі қолмен допты беру әдісімен орындалады. Әр қателік үшін қарсылас командасына бір ұпай жазылады. Қателік болып табылады: доптың түсуі; алаңға түсуі; доптың бағыты «ойыннан тыс»; арқанға тигізу немесе одан асыру; ойыншыларға ойын алаңынан шығып кетуге. Содан соң доп қайта ойнатылады. Допты ойынға қосу бір қолмен төменнен, жанынан немесе жоғарыдан лақтыру арқылы орындалады. Доп торға тигізсе қателікке саналмайды. Ойын белгілі бір уақытқа дейін жалғасады. 1 партия 15 ұпайға дейін ойналады. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Жаттығуларды орындау барысында көшбасшылық қасиет қалай байқалады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Волейболдағы қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзіңіздің және өзгелердің біліктілік сапасын қалай түсінесіз? | Үлкен бос кеңістік. Волейбол доптары. Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме: Допты төменнен қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=8f0G-A1hpUs https://www.youtube.com/watch?v=9YzQIUMp2kM https://www.youtube.com/watch?v=S98wO9zcjN8 https://www.youtube.com/watch?v=CToESO4-0jg Үлкен бос кеңістік. Волейбол доптары. Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме: Кең ауқымды ойын алаңы, доп, бор, арқан, секундомер, ысқырық. Қозғалмалы ойынға сілтеме: http://www.gomelscouts.com/athletic-games.html Допты төменнен қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=8f0G-A1hpUs
| ||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 35-40 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын барлық білім алушылар түсінеді және түсіндіре біледі деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушылар қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіндіру кезінде мысал келтіруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?