Ғарышқа саяхат. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5 -бөлім: Саяхат | Мектеп: Талдықорған қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Карипжанов М.С. | |||
Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||
Сабақ тақырыбы | Ғарышқа саяхат | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу. | |||
Сабақ мақсаттары | -қарапайым әдістерді, құралдарды пайдаланып өз көлігінің эскизін жасау | |||
Жетістік критерийлері | -қарапайын әдістерді пайдалана алады, -құралдарды қолдана алады -эксперимент жасайды | |||
Тілдік мақсаттар
| Талқылауға арналған сұрақтар : • Сіз ... бейнесін қалай жасай аласыз? • Сіз қандай құрал-саймандарды қолданатын боласыз? • Сіз бұл әсерлерді қалай жасадыңыз? • Сіз қандай материал қолданар едіңіз? • Жұмысты жақсарту үшін келесі жолы сіз не істер едіңіз? | |||
Құндылықтарды дарыту
| Құндылықтарды дарыту көліктердің эскизін салу арқылы жүзеге асады). | |||
Миссия, пайымдау, жаһандық азаматтық | Бұл сабақта бір-бірін құрметтеуге, өмір бойы білім алуға дайын оқушылар өз еліміздің алғашқы ғарышкерлерін танып білу және өзге елдердің ғарышкерлерімеен танысады | |||
Пәнаралық байланыстар | Кескіндеме, графика | |||
АКТ қолдану дағдылары | Бұл сабақта АКТ қолданбайды | |||
Бастапқы білім | Көліктерді біледі, ажырата алады, суретін сала алады | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы | Сабақ басында: - оқушылардың зейінін шоғырландыруға; - оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтап алу; - оқушылар сабақ соңында өз көліктерінің эскизін бейнелейді | https://www.youtube.com/watch?v=MOhGPh9CdxU https://www.youtube.com/watch?v=BSNcNqiWjeg | ||
Сабақтың ортасы
| (С, К) Сабақтың басында оқушыларға ғарыш туралы суреттерді қарап шығуларын ұсыныңыз. Осы сабақта олардың қайда сапар шегетіндіктері жайлы сұраңыз. Оқушыларға Күннің, Жердің өлшемі жайлы айтыңыз. Жер - Күн жүйесіндегі үшінші планета. Егер Күнді қарбыз деп елестетсек, онда Жер бұршақ тәрізді. (Ө) Оқушыларға өздігінен бесжұлдыз салуды ұсыныңыз. Жұлдызды салудың кезеңдерін көрсетіңіз. Оқушылардан басқа әдіспен жұлдызды қалай салуға болатындығын сұраңыз. (Ө, Қ) Оқушыларға болашақ аппликация үшін шашырату арқылы фон жасау керектігін түсіндіріңіз. 1. Оқушылар ақ қағаз бетіне екі жұлдызды, екі дөңгелекті салып, қиып алады. 2. Қиып алынған пішіндерді қара парақтың бетіне орналастырады. 3. Әрі қарай тіс щеткасын бояуға батырып, саусақпен қылшықтарын өзіне қарай үйкейді. 4. Бояу кепкен соң, уақытша орналастырылған пішінді алып тастау керек. 5. Осы пішіндерді әр түрлі түстермен безендіреді. 6. Өткен сабақтағы таңғажайып көлікті жабыстырады. | Ғарыштың фотосы Альбомдар, қағаз Коллажға арналған құралдар мен материалдар: қара түсті қатырма қағаз, газет, түрлі- түсті қағаз, борлар, фломастерлер, желім, гуашь, тіс тазалайтын щетка, қайшы, су құятын ыдыс. | ||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып оқушыларға қажетінше қолдау көрсетемін | Оқушылар өздерінің жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды | Денсаулық сақтау технологиялары интерактивті тақтаны 10 минуттан көп қолданбау. Сабақта белсенді іс-әрекет қарастырылған. Сабақ барысында Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?