Табиғаттағы өнер. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 В-бөлім: Қоршаған әлем

Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сынып, күні: 1

Мұғалімнің аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғаттағы өнер

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

1.1.4.2

қоршаған ортаны және жекелеген формаларды бейнелеу барысында, дамыған кеңістік түсінігін көрсету

1.2.2.1

қарапайым тәсілдер арқылы, материалдар, процесстер және құралдарды пайдалана және тәжірибе жасай бастау, сурет салуға арналған құралдардың кейбір қасиеттерін зерттей бастау

 Сабақ мақсаттары

  • оқушылар лэнд-арт стиліндегі шетелдік суретшілердің

жұмыстарымен таныса отырып, табиғат пен өнер арасындағы байланысты көре білуді үйренеді;

  • табиғи материалдармен жұмыс істеуді үйренеді;
  • табиғатты аялай білуге дағдыланады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пән лексикасы және терминология

жазық–плоский–flat;

көлемді – объемный–volume;

табиғи материал–природный материал– natural material.

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Бұл жұмысқа қандай материалдар қолданылған?
  • Суретші мұндай нәтижеге қалай жетті?

Неліктен…екенін айта аласыздар ма?

 Құндылықтары дарыту

Құрмет- сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау;

Ынтымақтастық-сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу;

Еңбек және шығармашылық-жұмыс барысында шығармашылық дағдыларын көрсету.

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе. Табиғи материалдың түрлері. Текстура мен құрылымды танып білу.

Өнер. Материалдардың көлемін көрсету үшін дыбыстау динамикасын пайдалану.

Дүниетану. Географиямен байланыс, түрлі ландшафт.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды

Бастапқы білім

Оқушылар «пейзаж» терминімен танысты және «Менің Отаным» тақырыбында пейзаж орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

30 минут

 1. Сабақтың басы, тақырыпты анықтау, сабақтың мақсаттарын қою. Сабақты иллюстрацияларға сүйене, «сен бұны білесің бе?» деген сұрақ қоя отырып, қардан және мұздан жасалған мүсіндер туралы қысқа әңгімеден бастауға болады. Бұл бірінші сынып оқушысына ашық кеңістіктегі, табиғаттағы өнердің үлгісі ретінде көрсетуге түсінікті және нақты жұмыс болады (слайд, 2-ші бет) Содан кейін тақырып пен сабақ мақсатын анықтауға немесе өзіңіз атауға болады.

 Әрі қарай жазық және көлемді форманы түсіндіру керек. 2. Кері байланыс алу. (2 минут) Сурет және адам мүсінін көрсету, олардың қандай айырмашалығы бар екенін сұрау (слайд, 3-ші бет).

Оқушылардың мүмкін жауаптары: Қағаздағы адам қарындашпен салынған, ал адам мүсіні металдан жасалған. Суреттегі адамды біз бір жағынан көреміз. Ал маталдан жасалған адамды барлық жағынан көруге, қолмен ұстауға болады.

 Жазық бейне мен көлемді сұлбаның анықтамасына тоқталып, оқушылардың жауаптарын қорытындылау.

3. «Бұл қызық» тапсырмасы. (3 минут) Жұптық жұмыс түрі.

 Оқушылар лэнд- арт бағытында орындалған жұмыстармен танысуы керек. Оқушылар жұпта бұл жұмыстар қалай орындалғанын талқылайды.

Оқулықта (слайд, 4-ші бет) лэнд-арт бағытының суретшілері Джим Деневан мен Энди Голдсуортидің фотосуреттері берілген. Тақырыпқа сәйкес келетін әуенді ақырын жүргізіп қою. Оқушылар жұпта бұл суреттердің қалай жасалғанын, неден жасалғанын талдайды.

Мүмкін жауаптары: Суретте біз суретшінің жапырақ тәріздес із қалдыра отырып, құмға салған суретін көреміз. Келесі фотосуретте адамдардың қар үстіне шеңбер жасап жатқанын көріп тұрмыз. Осылайша көлемі әр түрлі шеңберлерден сурет шығады. Біз күзгі жапырақтардан салынған шеңберді көріп тұрмыз. Өрнек сұрғылт, қызғылт сары және сары жапырақтармен салынған. Ортасында қара шеңбер бар. Келесі фотосуретте көлемі әр түрлі тастардан жасалған шеңберді көріп тұрмыз. Қарасұр түсті тастар ортасына қарай ашық реңге ауыса бастайды.

 Бұл «картиналарға» ауа райы әсер ететіндіктен олардың уақытша екенін айтып өтіңіз. Сондықтан суретшілер өздерінің жұмыстарын фотоға түсіріп алады. Суретшілер өздерінің жұмыстары арқылы адамның табиғатпен байланысын, өздерінің табиғатқа деген сүйіспеншілігін, Жер-анаға деген құрметін көрсететінін түсіндіріңіз. Олардың да осындай суреттерді жасай алатындығын айтыңыз.

4. «Сен білесің бе?» (слайд, 5-ші бет, 2 минут) айдарында оқушылар өнердің әр алуан бағыттары туралы білімдерін кеңейтеді. Кескіндер мен пішіндерді жерде салу өнері лэнд- арт деп аталатынын түсіндіріңіз. Сосын табиғи материалдарға көшіңіз. Жазық және көлемді кескіндерді жасауға жарайтын табиғи материалдың көп екенін айтыңыз.

6. «Ізден» айдарында оқушыларға сабақта бар табиғи материалдардың «бедері» мен «құрылымын» қарастыруды ұсыныңыз. «Менің мектебім» деп аталатын 2-бөлімде оқушылар «текстура» және «құрылым түсініктерімен танысты. (слайд, 6-шы бет, 3 минут)

Жауаптар: Шыршаның бүршіктері жеке-жеке бөліктерден тұрады, үстіңгі беті ине сияқты, тегіс болмайды.

Қабықтың үсті кедір-бұдыр, тегіс болмайды.

Тастар әртүрлі болады. Тегіс тастарды малта тас деп атайды. Кейбір тастардың қырлары үшкір болады.

7. Шығармашылық жұмыс. (20 минут)

«Орындап көр» айдары табиғи материалмен жұмыс жасау дағдысын бекітеді. Оқушылардың назарын табиғатты аялай білуге аудару керек.

 Өрнек жасау - бұл қарапайым және әдемі жұмыс, бірақ бұған көлемі, пішіні және түсі бойынша сәйкес болатын материал таңдай білу қажет. Сонымен бірге шыдамдылық керек екенін ескерту.

 Тастар немесе құмнан сурет салу. Бұл жұмысты табақта не жалпақ ыдыста орындауға болады. Қатырма қалыпты да шеңбер ретінде қолдануға болады. Қабілеті төмен оқушыларға дайын сурет салынған шеңберлерді беру қажет.

 Шығармашылық жұмыс барысында оқушыларды қадағалап жүру қажет. Қажет болған жағдайда оқушыларға жеке көмек көрсету және қолпаштап отыру керек.

Ресурстар

Тастар, құм, бұтақ, бүршіктер, қабық, ағаштың кептірілген жапырақтары, дәндер.

Қазақстан суретшілерінің жұмыс үлгілері

http://gma.yahoo.com/photos/ice-and-snow-sculptures-slideshow/ice-sculptures-photo-1000602102.html

Andy Goldsworthy

(Энди Голдуорти) http://www.bbc.co.uk/learningzone/clips/andy-goldsworthy-art-in-a-natural-environment/8230.html

http://www.ucblueash.edu/artcomm/web/w2005_2006/maria_Goldsworthy/TEST/index.html

Джим Деневэн-

http://www.jimdenevan.com/sand.htm#sand_images/02_Untitled-1.jpg

Ричард Лонг

http://www.richardlong.org/

Мұғалімнің табиғатты бейнелеген суреттері

Табиғатта немесе сыныпта көркем туынды жасауға арналған табиғи материалдар, мысалы, құм, малта тас, ұсақ тастар, жапырақтар, ағаш қабығы және т.б.

Ою және мүсіндеуге арналғанн қарапайым құрал-саймандар

Сабақтың соңы

5 минут

8. Бағалау.

Жұмысты бағалаудың екі критерийін анықтау керек.

Жұмыс аяқталса және өрнек әдемі орналасса – жасыл парақпен бағалау.

Жұмыс аяқталмаса және өрнек көрінбесе – сары парақпен бағалау.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралауды іске асыру үшін кейбір балаларға алдын ала қтырма қағазына үлгі дайындап қою және жеке көмек көрсету. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделірек өрнек салуын тапсыру.

Жұмысты бағалаудың екі критерийін анықтау керек.

Жұмыс аяқталса және өрнек әдемі орналасса – жасыл парақпен бағалау.

Жұмыс аяқталмаса және өрнек көрінбесе – сары парақпен бағалау.

Табиғи материалдармен жұмыс кезінде, яғни таспен немесе құммен жұмыс кезінде көзге, бастарына шашпау керектігін айту және қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары дұрыс қойылған.

Оқушылардың барлығы дерлік ОМ жете алды.

Саралау дұрыс жүргізілді деп ойлаймын, себебі оқушылардың қабілеттерін бақылаған болатынмын және тапсырмаларды да балалардың қабілеттеріне байланысты тапсырдым.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Берілген уақытты жұмыстарын аяқтап үлгерді.\ауытқулар болған жоқ. Сабақ негізінен қызықты өтті, осындай тапсырмаларды орындау балаларға ұнады.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы

2: Берілген тапсырмаларды өте жоғары қызығушылықпен орындауы

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу