Оптикалық аспаптар. Сызықтық ұлғаю. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Оптикалық аспаптар. Сызықтық ұлғаю.

Оқу мақсаты: Қарапайым оптикалық құралдарда кескіннің пайда болуын сипаттау.

Теориялық материал

Лупа - бұл шыныдан жасалған қосдөңес, қысқа фокусты, линза. Ол арқылы кішкентай нәрселердің бөлшектерін көре аламыз. Бұл үшін нәрсені оның линзасы мен фокусы арасына қояды, яғни d < F. Бұл линза нәрсенің ұсақ бөлшектері жақсы көрінетін үлкейтілген кескінін береді. Фокус аралығы азайған сайын линзаның үлкейтуі артады. Лупа 25 есе үлкейте алады. Лупа нәрсенің тура, үлкейген және жалған кескінін береді. 

Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және грек. skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор.

Микроскоп бактериялар, органикалық жасушалармайда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микро нысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған.

Телескоп туралы, ол сыңар дүрбі (теле және грекше skopeo – қараймын) – аспан шырақтарын электрмагниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал. Телескоп гаммалық телескоп, рентген, ультракүлгін, оптикалық, инфрақызыл және радиотелескоп; оптикалық сұлбасы бойынша айналы (рефлектор), линзалы (рефрактор) және айналы-линзалы телескоп болып бөлінеді.

Телескоптардың көмегімен фотографиялық, теледидарлық, электронды-оптикалық, т.б. сәуле қабылдағыштарды пайдалану арқылы фотографиялық, спектрлік, т.б. бақылаулар жүргізіледі. Телескоптар пайдалану ретіне қарай: астрофизикалық (жұлдыздарды, планеталарды, тұмандықтарды зерттейтін) телескоп, Күн телескопы, астрометрикалық телескоп, серіктік фотокамералар (Жердің жасанды серіктерін бақылайтын), сондай-ақ метеорларды бақылайтын метеор патрульдері мен кометаларды бақылайтын телескоп, т.б. болып бөлінеді. Күн телескопының трубасы қозғалмай не горизонталь не верткаль тұрады. Телескоптың (оптикалық рефрактордың) көмегімен алғашқы астрономиялық бақылауды Г.Галилей жүргізді.

Фотоаппарат - бұл проекциялық аппарат тәріді нәрселердің нақты, кішірейтілген кескіндерін экранда (фотопленкада) алуға көмектесетін аспаптарға жатады.и Ол жарық өткізбейтін жабық камерадан тұрады. Фотоаппараттың негізгі бөлігі - линзалар жүйесінен тұратын объектив. Объективтің өмегімен жарықталынған нәрселер фотопленкаға немесе жарықты сезгіш қабаты бар фотопластинкаға проекцияналды.

Жарық проекциясына арналған нәрсе әрқашан аппараттан ты с орналасады: d>2F. Фотопластинка аппараттың ішіндегі кассетада объективтен F<f<2F қашықтықта болады. Демек, нәрсенің шын кескіні кішірейтіліп және төңкертіліп шығады. Пластинкада немесе пленкада анық кескін алу үшін объективті фотокамераның артқы қабырғасына қатыстыжылжытады. Кескінді түр іздеу терезесінен бақылайды.

Фотоаппараттың негізгі бөлігі - диафрагма. Ол нәрсенің жарықтандырылуы мен ақындығын реттеп отырады.

Проектор (лат. proficio — алға тастаймын) — күрделі пішінді беттері бар тетіктерді тексеруге арналған аспап. Бұл аспаптардың  экрандарында  тексерілетін  тетіктің  үлкейтілген  кескіні түседі. Проекторлар өтетін немесе шағылысатын сәулелерде жұмыс істеуі мүмкін. Тетік өлшемдері арнайы есептеу құрылғылардың көрсеткіштері бойынша экранда үлкейтілген кескіндерді бірден өлшеу арқылы табылады.

Кестедегі тапсырманың жауабы:

Құралдар

Кескін түрі

Ұлғаю формуласы

Қолдану

Лупа

Тура , жалған , үлкейтілген

Гd/F

d

Ұсақ нәрселерді қарау үшін

Микроскоп

Төңкерілген , жалған, үлкейтілген

ГdL/FокFоб

L обьектив пен окулядың ара қашықтығы

Өте ұсақ нәрселерді қарау үшін

Телескоп

Төңкерілген , жалған, үлкейтілген

ГFоб/Fок

Жұлдыздырды , планеталарды бақылау

Фотоаппарат

Төңкерілген, шын, кішірейтілген

Нәрселердің кесікінін алу және сақтау

Проектор

Төңкерілген, шын, үлкейтілген

Суреттердің кескінін алу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу