Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері. Физика, 8 сынып, қосымша материал.
Сабақ тақырыбы: Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері
Оқу мақсаты:– 8.5.1.15 – көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау
Көз торламасындағы кескін: шын, кішірейтілген, төңкерілген.
Алыстан көргіштік— көз жанарының нашарлауы, заттардың түр сипатының бұлдырап көрінуі (әсіресе жақыннан). Алыстан көргіштік туа бітеді және жүре келе пайда болады. Балалардың барлығы дерлік алыстан көргіш болып туады, алайда өсіп-жетілу процесінде алыстан көргіштіктің дәрежесі біртіндеп төмендеп, шамамен 10 жасқа келгенде көпшілігінің көруі қалыпқа түседі. Әлсіз немесе орта дәрежедегі алыстан көргіштік (3 диоптрийге дейін) әдетте қалыпты болып есептеледі, сондықтан оны арнаулы көзәйнекпен түзетудің қажеті жоқ. Алыстан көргіштіктің аса жоғары дәрежесінде кейде (5 диоптрийден жоғары) айқын көру бұзылады және тіпті көзәйнек кигеннің өзінде де нормаға жетпейді. Егер адам көзәйнек кимесе, алыстан көргіштік жағдайында оның көзі тез шаршайды, басы айналып, маңдайы мен көзінің маңайы зеңіп ауырады, көз қысымының артқаны сезіледі, оқыған кезде әріптер бұлдырай бастайды.
Жұмыста үзіліс жасау бұл құбылыстарды уақытша жояды, бірақ ол кейіннен қайта пайда болады. Мектеп оқушыларының басы қатты ауырған кезде дәрігерге көрінуі керек, ал алыстан көргіштік байқалған жағдайда балалар көзәйнек киюге тиіс. Кейде балалардың алыстан көргіштігі кезінде көздің қылиланып кетуі де мүмкін.
Көздің негізгі қызметі
-Кескінді проекциялайды; -Ақпарат көру жүйесі арқылы миға беріледі -Көру арқылы біз қоршаған әлемді танимыз.
АККОМОДАЦИЯ
Әртүрлі қашықтықтан қарағанда көз бұршағының өзінің қисықтығын өзгертіп, көз торламасында нәрсенің анық кескінін беретін қасиеті.
Жақсы көру қашықтығы -25 см
Екі көз не үшін қажет?
- Көру аймағы ұлғайады
- ( үш өлшемді кескін)
Алыстан көргіштікті түзету үшін жинағын линза қажет
Себептері:
- Көздің оптикалық күші төмендеген
- Оптикалық остің бойымен көздің созылуы азайған
Жақыннан көргіштік немесе Миопия — көз кемістігі, мұндайда адам алыстан жөнді көре алмайды. Бұл кемістік бөлмеле жарықтық жеткіліксіздігінен, затқа көзді тым тақап жұмыс істеуден (оқу, жазу, кейбір қолөнері кәсібімен шұғылдану) т. б. болады.
Жақыннан көргіштік әдетте балалардың мектепте оқып жүрген кезінде басталып, кейіннен өрши түсуі мүмкін. Мұндайда көз тез талады; ұзақ уақыт сабаққа дайындалғаннан кейін көзінің түбі сыздап ауырады; көзі бұлдырайды. Затты айқын көру үшін оны амалсыз көзіне тақауға мәжбүр болады.
Ойыс әйнекті көзілдірік кигенде мұндай кемістік түзеліп, көздің бұлдырауы жойылады. Жақыннан көргіштіктің алдын алу үшін ең әуелі жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасап, көзді талдыратын себептерді болдырмау қажет. Көзге жақын қойылатын заттармен жұмыс істегенде бөлмеле жарық жеткілікті болуы, еңбек және тынығу режим бұлжытпйй орындалуы тиіс. Мектеп жасындағы балалар оқығанда және жазғанда кітабы мен дәптерін 33—35 см-ден жақын тақамауы, басын тым еңк§йтпеуі ескертілгені жөн. Түнде сабақ оқығанда не жазғанда стол шамын (ең кемі 40 Вт) пайдалануы тиіс, оны қарсы алдына немесе сол жағына қойып, кітапқа немесе дәптерге қолдың көлеңкесі түспейтіндей етеді. Оқушылар сабағын 45—50 минут оқығаннан немесе жазғаннан кейін 5—10 минут тынығып, көзді дем алдырыл алу лары қажет.
Егер жақыннан көргіштік пайда болса, онда басты міндет — оны әрі өршітпеу шараларын қарастыру болып табылады. Ол үшін дәрігердің берген нұсқауларын бұлжытпай орындау керек. Алыстан көрмейтін көздің оптикалық кемістігі көзілдірікпен (дәрігердің нұсқауы бойынша) түзетіледі. Кейде, жақыннан көргіштік тым асқынған жағдайда, кәдімгі көзілдіріктен жәрдем болмаса, онда көзге жанаспалы (контактілік) әйнек қондырылады. Бұл — көздің мүйізгек қабатында сәуленің дұрыс сынбауын (ассигматизмді) түзету үшін қолданылатын ілдіріксіз көзілдірік. Ол органикалық шыныдай немесе пластмассадан жұқалап жасалады да (кератоконус, ассигматизм, афакия кезінде), тікелей көздің мүйізгек қаб атына кигізіледі. Мұндайда басқа адамға оның көзілдірік кигені, линза қондырғаны байқалмайды. Ауруға шалдыққан жағдайда көз тканін қоректендіруді жақсартатын және оның кенересін нығайтатын дәрі дәрмектермен. емделу курсын ұдайы алып отырған жөн.
Жақыннан көргіштік байқалған бойда, арнайы жаттығулар жасаған пайдалы, мұның өзі көп жағдайда оның одан әрі өршуін тоқтатуға немесе едәуір баяулатуға мүмкіндік береді.
Жақыннан көргіштікті одан әрі өршітпеуде жоғарыда айтылған гигиеналық талаптарды бұлжытпай орындаудың айрықша маңызы бар. Сабақ оқудан немесе кәсіптік қызметтен басқа жағдайда мүмкіндігінше көзді талдырмаған жөн. Көзге күш түсетін жұмыс істеген кезде әр 30—45 минуттен кейін 10—15 минут тынығу қажет. Алыстан көрмеушілігі асқынған адамдардың ауыр зат көтеруіне, тым шапшаң қимыл жасайтын спорт түрлерімен (мәселен, ауыр атлетика, бокс, күрес, акробатика т. б.) шұғылдануына болмайды
Жақыннан көргіштікті түзету үшін шашыратқыш линзадан жасалған очки қажет.
Жақыннан көргіштіктің себебі:
- Көздің оптикалық күші ұлғайған
- Оптикалық остің бойымен көздің созылуы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?