Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi. Тогы бар шарғының магнит өрiсi. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Электромагниттік құбылыстар

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi.

Тогы бар шарғының магнит өрiсi

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.3.2 – магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру;

8.4.3.3 – тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтау

 Сабақ мақсаттары

  • Түзу токтың магнит өрісінің бағытын анықтау
  • Шарғының магнит өрісін неден тәуелділігін анықтау

 Бағалау критерийлері

  • Түзу токтың магнит өрісінің бағытын оң бұрғы ережесімен анықтайды
  • Шарғының магнит өрісін неден тәуелділігін анықтайды

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тұрақты магнит- Permanent magnet – постоянный магнит

Магнит өрісі- magnetic field – магнинтое поле

Магнит өрісініӊ күш сызықтары- The magnetic field force lines – силовые линии магнитного поля

Магниттік полюстер- magnetic poles – магнитные полюса

Оӊтүстік полюс -South Pole - южный полюс

Солтүстіқ полюс - North Pole – северный полюс

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

тогы бар өткізгіштегі магнит өрісі ...

тогы бар шарғының магнит өрісі ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ ұйымшылдық, ынтымақтастық, жауапкершілік және сыйластық құндылықтарын дарытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Жердің полюстерін анықтағанда география пәнімен байланыс

Бастапқы білім

Тұрақты магниттер, Жердің магнит өрісі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-10 мин

1. Өткен материалды еске түсіру мақсатында оқушыларға қойылатын сұрақтар:

    • Тұрақты магниттер дегеніміз не?
    • Болаттан шарды магниттеуге бола ма?
    • Магнитті қыздырғанда ол неліктен магнитсізденеді?
    • Магниттердің полюстері өзара қалай әрекеттеседі?
    • Жердің магнит өрісі бар екендігі немен дәлелденді?
    • Аспан денелерінің магнит өрісі бола ма?

Оқушылардың жауаптарына мұғалім немесе оқушылар бір-біріне кері байланыс жасайды.

2. Ой қозғау Магнит өрісін қалай байқауға болады? Оқушылар жұпта талқылайды, ал мұғалім олардың жауаптарының дәлелі ретінде Эрстед тәжірибесін көрсетеді.

Тәжірибе нәтижесі бойынша электр өрісін қозғалмайтын заряд тудырса, магнит өрісін қозғалыстағы зарядтар туғызатындығын түсінулері тиіс.

Құрал – жабдықтар:

Ток көзі, жалғағыш сымдар, кілт, резистор, магнит тілшесі.

Сабақтың ортасы

10-20мин

20-30мин

30-35 мин

3) Түсіндіру. Мұғалім демонстрация көрсетеді

Тогы бар түзу өткізгіштің айналасындағы магнит өрісінің күш сызықтары (токтың бағытын өзгертеді)

Мұғалім түзу электр тогының магнит өрісінің бағытын оң қол ережесімен анықтауға болатындығын түсіндіреді.

 Оқушылар тогы бар катушканыӊ магнит өрісін зерттейді

 1 топ. Катушканыӊ магнит өрісініӊ оныӊ орамдар санына тәуелділігін зерттейді

 А) Орамдар саны аз катушка

 

 Б) Орамдар саны көп катушка

 

 Оқушылар зерттеу барысында катушканыӊ орамдар саны артса, оныӊ магнит өрісі артады деген қорытындыға келуі тиіс

 2 топ. Магнит өрісініӊ ток күшіне тәуелділігін зерттейді

 А) Тізбектегі ток күші кіші.

 

 Б) Тізбектегі ток күші артты.

 

Оқушылар зерттеу барысында ток күші артса, магнит өрісі артады деген қорытындыға келуі тиіс.

Топтар өз зерттеу нәтижелерімен бөлісу үшін әр топтың бір оқушысымен алмасады. Мүғалім бақылайды.Соңында мұғалім магнит өрісінің күш сызықтарын оң қолмен қалай анықтауға болатынын түсіндіреді

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бағалау критерийлері бойынша бағалай алады:

  • Соленоидтың магнит өрісін анықтау үшін тізбек құрастырады.
  • Соленоидтың магнит өрісін неден тәуелді екенін зерттейді.
  • Қорытынды жасайды.

4) Сабақты бекіту. Оқушыларға бүгінгі тақырыпты қаншалықты игергендіктерін тексеру үшін сұрақтар қойылады:

1) Электр тоғы өтіп жатқан өткізгіште қандай құбылыстар болады? (Магниттік)

2) Қандай магниттік құбылыстарды білесің?

(екі ток өтіп жатқан өткізгіштің бір – біріне тартылуы, металл бұйымдардың тұрақты магнитке тартылуы, магнит тілшесінің тогы бар өткізгіштің қасында бұрылуы)

3) Эрстедтің тәжірбиесін сипаттаңдар.

4) Электр өрісі және магнит өрісі туралы не айтасың?

Оқушы жауабына мұғалім немесе оқушылар кері байланыс жасайды.

Сабақтың соңы

35 – 40 мин

5) Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

6) Үйге тапсырма:

Есептер жинағындағы сұрақтарға жауап жазу.

686 – 700 сұрақтар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу