Тұрақты магниттер. Магнит өрісі. Зертханалық жұмыс «Тұрақты магниттердің қасиетін зерттеу және магнит өрісінің кескінін алу». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Электромагниттік құбылыстар | Мектеп: | Пән: физика | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||
сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Тұрақты магниттер. Магнит өрісі. Зертханалық жұмыс «Тұрақты магниттердің қасиетін зерттеу және магнит өрісінің кескінін алу» | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.3.1 – магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу; | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: электростатикалық заряд, тұрақты магнит, магнит өрісі,магниттеу,магниттік полюстер,соленоид (тогы бар катушка), компас Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер Магниттердің солтүстік және ... полюстері болады. Неліктен Жерде магнит өрісі пайда болады? | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақтың барысында оқушылар дұрыс шешім қабылдау үшін терең ойлануға, өзінің сыныптастарымен бірлесе еңбек етуге дағдыланады. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Географиямен (Жердің полюстері), тарихпен (географиялық ашылулар) | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Жердің магнит өрісін 6 сынып география пәнінен біледі. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 0 – 10 мин | 1) Ой қозғау. Әріптерді орналастырып көрейік...
Бұл тапсырманың нәтижесін пайдаланып, мұғалім бүгінгі сабақтың оқу мақсатына қарай оқушыларды бағыттайды. 2) Оқушылардың бір – біріне тұрақты магниттер мен жердің магнит өрісі туралы айтып беруін сұраңыз. Мұғалім кері байланыс жасай отырып, тұрақты магниттті қысқаша түсіндіреді. | Презентация | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 – 20 мин 20 – 30 мин 30 -35 мин | 3) Тұрақты магниттердің қасиетін зерттеу үшін оқушылар жұпта тәжірибе жасайды. і) Оқушылар тұрақты магниттерді пайдаланып қандай заттарды оның тартатынын анықтайды. Оқушылар дәптерлеріне төмендегідей кестені сызып, нақты қандай заттардың тұрақты магнитті тартатыны немесе тартпайтыны туралы «+» немесе «-»таңбасын қояды.
іі)Оқушылардан магниттің қай бөлігі заттарды күштірек тартатынын анықтауды сұраңыз. ііі) Магниттің полюстарын компасты пайдаланып анықта. Магниттің полюстары туралы ұғымды енгізіңіз. iv) Оқушыларға магнит полюстарының әрекеттесуін анықтауды ұсыныңыз. Оқушылар қандай полюстердің бір – бірімен тартылатынын, тебілетінін айтады. Оқушылар өз жүргізген бақылаулары бойынша қорытынды жасайды, ал мұғалім кері байланыс береді. 4) Зертханалық жұмыс №8 «Тұрақты магниттердің қасиетін зерттеу және магнит өрісінің кескінін алу» Мақсаты: Тұрақты магнит полюстерін зерттеп, әртүрлі пішіндегі магнит айналасында магниттік өрістерді құрайтын сызықтарды көрсетіңіз. Жұмыс барысы 1. Темір ұнтағын қағаз стаканға салып, оның ішіне магнит енгізіңдер. 2. Магнитті шығарып алып оның әр жеріне темір ұнтақтарының қалай таралғанына назар аударыңдар. 3. Темір ұнтақтарының көп жабысқан жерін белгілеп, суретін салыңдар. 4. Екі жолақ магнитті бір – біріне әртүрлі ұштармен жақындастырыңдар. Бақылағандарыңды айтып беріңдер. 5. Үстел үстіндегі магнитті бір парақ қағазбен жауып, оның бетіне жұқалап металл ұнтағын себіңдер. 6. Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, оның суретін дәптерге салыңдар. Бағалау критериі: - тұрақты магниттердің магнит өрісін анықтайды; - магниттер бір – бірімен қалай әсерлесетінін түсіндіреді; - магнит өрісінің графиктік кескінін салады. Техника қауіпсіздігі ережелерін еске түсіру:
Осы жұмыс барысындатемір үгінділері көздеріне түсіп кетпеу үшін қорғаныш көзілдіріктерін кию керектігін ескерту. | Тұрақты магниттер, әртүрлі материалдар: шыны, пласмсса, темір, болат, ағаш, мыс т.б. Тұрақты магниттер, темір үгінділері немесе кеңселік қыстырғыштар (скрепки) Қажетті құрал – жабдықтар: түрлі пішіндегі (жолақ және таға тәрізді) магниттер, темір ұнтақтары , парақ (қағаз)
| |||||||||||||
Сабақтың соңы 35 – 40 мин | 5) Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін. 6) Үйге тапсырма §52-53 оқу | ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Өзара бағалау және өзін- өзі бағалау | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?