Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Тұрақты электр тогы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.17 – қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

- қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін анықтау және алдын алудың жолдарын қарастыру..

Бағалау критерийлері

  • Қыздырғыш приборлар параметрлерінің тәуелділігін біледі
  • Шам кедергісін табуға қатысты дұрыс есептеулер жүргізеді (кедергі тәуелді болатын шамалардың бірін табу үшін формуланы өзгерте алады);
  • Қысқа тұйықталу жайлы біледі;
  • Балқымалы сақтандырғыштар қолдану мақсатын түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар электрқыздырғыш приборлар, қыздыру шамы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар жайында ауызша түсіндіредіПәнге тән лексика мен терминология:

электрқыздырғыш приборлар, қыздыру шамы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар, температура, кедергі, қуат ,электр энергиясы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

қысқа тұйықталу деп...........

балқымалы сақтандырғыштардың қызметі .......

ПӘК-і деп........................

 Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, топ ережесін сақтау, игерген білімдерін өмірде қолдану құндылығын дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Есептерді шығарғанда математика пәнімен байланыс

Бастапқы білім

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

1)Оқушылардың белсенділіген аттыру мақсатында «Электр» сөзжұмбағы беріледі.                                                                     

1) «Электр» атауы қандай сөзден шыққан?                                                     

(электрон)                                                                                                   

2) Диэлектриктен жасалған дене                                                                        (изолятор)                                                                                                     

3) Электрді өткізбейтін дене                                                                               (резинка)

4) Электр зарядының бірлігін анықтаушы француз физигі.

(Кулон)

5) Зарядтың таңбасы

(теріс)

6) Денелердің электрленгенін анықтайтын аспап.

(электроскоп)

Сабақтың ортасы

5-25мин

25-30 мин

30-35 мин

2) Жаңа тақырыпты оқушылардың өздері игерулеріне мүмкіндік беру

Топпен жұмыс «Балық қаңқасы» әдісі Фиш-боун  1-топ Электрқыздырғыш құралдар.2-топ Қыздыру шамдары3-топ Қысқа тұйықталу.4-топ Балқымалы сақтандырғыштар

Оқушылар топта талқылайды да, басқа топ мүшелерін өздерінің материалдарымен таныстырады. Соңында мұғалім оларға кері байланыс жасай отырып, теориялық материалдарға толықтырулар жасайды.Қыздырғыш аспаптарға электр кептіргіш фендер, электр үтігі т.б жатады. Қыздырғыш аспапатрда қыздырғыш элемент болады.

Қыздыру шамы:1-вольфрам қыл2-металл шығыс3-шыны тірек4-түтікше5-металл цоколь6-контакт.

3) Сабақты бекіту. Оқушылардың теориялық материалды меңгергендіктерін тексеру үшін сұрақтар қойылады.

  • Электр қыздырғыш құралдарына жататын құралдар
  • Қыздыру шамының құрамды бөліктері және әрқайсысының атқаратын қызметі қандай?
  • Қыздыру элементі қандай материалдан жасалады?
  • Қысқа тұйықталу дегеніміз не?
  • Электр тізбегіне сақтандырғыш не үшін керек?
  • Не себепті тізбектің басқа бір бөлігіне қарағанда, алдымен балқыған сақтандырғыш істен шығады?

Жұпта талқылайтын сұрақтар

№680. Балқымалы сақтандырғыштарда баяу балқитын металдарды қолданбайтыны неліктен?

№681. Жөндеу кезінде электрқыздырғыштың спиралін қысқартқан. Оның қуаты мен қызуы өзгереме? Неге?

№682. Электр қыздырғышына ток жеткізетін сымдар спираль сияқты неге қызбайды?

№685. Сақтандырғыштың жанып кеткен қорғасын сымның орнына, мыс немесе болат сымдарын қолдануға бола ма?

Сабақтың соңы

35-40 мин

РефлексияМұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін

Үйге тапсырма: §46-49 ; 22-23 жаттығу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар тапсырманы орындау барысында басқаға түсіндіру арқылы алған білімнің 90% есте сақтауға тырысады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу