Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Тұрақты электр тогы | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.16 – металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау | ||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар білуі тиіс:Оқушылар электр кедергісінің, асқын өткізгіш ұғымдарының физикалық мағынасын ауызша түсіндіреді. Пәнге тән лексика мен терминология: Электр кедергісі, температура, асқын өткізгіштік. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қызғанда темір сымның кедергісі .................. . Спираль қызған сайын амперметр тізбектегі токтың ....................... көрсетеді.. Асқын өткізгіш деп ............................................................. . | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Эксперименттік тапсырмалар орындау барысында оқушылар сыни ойлау және зерттеушілік дағдылары дамиды . | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тәуелділік графигін тұрғызғанда және есептеулер жүргізгенде математика пәнімен байланыс. | ||||||||||
Бастапқы білім | Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау біледі және кедергінің қандай шамалардан тәуелді екенін түсінеді | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-3 мин 3-5 мин | 1. Бүгінгі сабаққа қажетті ақпаратты еске түсіру мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді 1) Ток күші кедергіден тәуелді ме? Түсіндір 2) Электр кедергісінің анықтамасын беріңдер 3) Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді? 2. Ой қозғау. Өткізгіштің кедергісі R оның өлшемдері мен материалына тәуелді екенін білеміз. Өткізгіштің кедергісі оның температурасына тәуелді бола ма? Оқушылар жұпта талқылайды, ал мұғалім олардың жауаптарына кері байланыс бере отырып, бұл сұраққа жауап беру үшін тәжірибе жасап көрсетеді. | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5-15 мин 15-20 мин 20-35 мин | 3. Түсіндіру. Мұғалім демонстрация жасап көрсетеді , ал оқушылар өлшеу құралының көрсеткішін бақылай отырып, қорытынды жасайды. Спираль қызған сайын, амперметр тізбектегі токтың азайғанын көрсетеді. Демек, кызғанда темір сымның кедергісі артатынын оқушылар түсінулері тиіс. Мұғалім асқын өткізгіштікті түсіндіреді. 4. Сабақты бекіту. Оқушылар қолдану дағдысын дамыту үшін кедергінің температурадан тәуелді теңдеуін есептер шығаруда қолданады. 1) 50оС-ғы болаттың меншікті кедергісін табыңдар. 20оС-ғы меншікті кедергі1210-8 Омм, ал температуралық коэффициенті 0,006 К-1 Жауабы: 1,4-7 Омм 2) Қандай температурада күміс өткізгіштің кедергісі 0оС- ге қарағанда 2 есе артық болады? Күміс α-1 Жауабы: 250оС 3) Мыс кедергінің температура коэффициентін анықтау үшін мыс сым катушкасына белгілі бір кернеу берді. Осы катушканы еріген мұзға батырған кездеток күші 14 мА, ал қайнап жатқан суға батырғанда ток күші 10мА болды.Мыс кедергінің температуралық коэффициентін анықтаңдар.Жауабы: α-1 Оқушылар берілген тапсырмаға бағалау критерийлерін құрастырып, өзара бағалау жүргізулеріне болады. | амперметр, темірсым, ток көзі, кілт, | |||||||||
Сабақтың соңы 35-40мин | §40. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру, 19-жаттығу №5,№6 орындап келу.
| ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Өзара бағалау, сұрақтарға жауап берген оқушыларды бақылау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Барлық оқушылар:Электр кедергісінің температураға тәуелді екенін біледі Оқушылардың басым бөлігі: Электр кедергісінің температураға тәуелділігі мен асқын өткізгіштік туралы түсіндіре алады Кейбір оқушылар:Электр кедергісінің температураға тәуелділігі, асқын өткізгіштік туралы мағұлмат алады, ұғынады.мысалдар мысалдар келтіре отырып, есептер шығарады. . | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?