Тізбек бөлігі үшін Ом заӊы Есеп шығару. Физика, 8 сынып, қосымша материал.
Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заӊы
Оқу мақсаты: Тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану;
http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba071-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_15.swf
Тізбек бөлігіндегі токтыӊ күші, тізбек ұштарындағы кернеу және тізбек бөлігініӊ кедергі арасындағы тәуелділікті 1827 ж. неміс физигі Ом Георг анықтады. Бұл тәуелділік Ом заӊы деп аталады.
1827 жылы неміс ғалымы Ом (1787-1854) көптеген тәжірибелердің нәтижесінде мынадай қорытынды шығарды:тұрақты температурада (Т=const) өткізгіштің ұштарындағы кернеудің ток шамасына қатынасы әр уақытта тұрақты болады: U\I=R, мұндағы R өткізгіштің кедергісі деп аталады. Өткізгіштің кедергісі оның пішініне және мөлшеріне, сол сияқты табиғаты мен температурасына тәуелді. Осы формула арқылы кедергінің өлшем бірлігін тағайындауға болады.Кедергінің бірлігі үшін кернеуі 1В өткізгіштің кедергісі алынады. Оны Ом деп атайды.1Ом=1В\1А.I=U\R. Бұл Ом заңының формуласы болып табылады. Сонымен ток шамасы өткізгіштің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, кедергісіне кері пропорционал екен.
Тапсырмалар жауаптары:
1. Тұрақты температурадағы металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасының графигі бейнеленген. Графикті пайдалана отырып металл сымның кедергісін анықтаңыз.
Жауабы: 3 Ом
2. Суретте ток күшінің уақытқа тәуелді графигі көрсетілген. Қай уақыт аралығында шамның ұштарындағы кернеу өзгермеген?
Жауабы: 20-50 мин
3. Суретте ток күшінің кернеуге тәуелді графигі көрсетілген. Қай өткізгіштің кедергісі жоғары.
Жауабы: R1<R2<R3
4. Тізбектің бөлігіндегі кілтті тұйықтағанда амперметр көрсеткіші қалай өзгереді.
1- сурет Жауабы: 2 есе артады 2-сурет Жауабы: 2 есе артады
5. Электр тізбегіндегі қандай жалғаудағы құрал резистордың кедергісін дәл өлшейді
Жауабы:3
Үйге тапсырма Берілген суреттерді қолданып кедергінің мәнін анықтаңдар
3- сурет
Жауабы: 1- сурет 20 Ом , 2-сурет (І) 2 Ом
(ІІ) 4 Ом
(ІІІ) 1 Ом
3- сурет 1 Ом
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?