Электр тогы. Ток күші. Физика, 8 сынып, қосымша материал.
- (Р) Жұптық жұмыс.
Жұмыстың тақырыбы: Электр тізбегін жинау және оның әртүрлі бөлігіндегі ток күшін өлшеу.
Жұмыстыӊ мақсаты: тізбектіӊ бөлігіндегі ток күшін амперметр арқылы өлшеу.
Құрал жабдықтар: ток көзі, өткізгіш сымдар, қыздыру шамы, амперметр, кілт.
Жұмыс барысы: 1-тапсырма. Амперметрдің бөлік құнын анықтау.
1. Ток көзі (батарея, аккумулятор, т.б.) және электр тогын тұтынушылар (электр немесе қыздыру шамы, т.б.) кілт арқылы жалғағыш сымдар арқылы тұйықталып, электр тізбегін құрайды. электр тізбегін құрастыру үшін, оның сұлбасын пайдалану керек. Ал электр тізбегінің сұлбасында ток көзінің, тұтынушының және кілттің шартты белгіері қолданылады. Сол сияқты ток өлшейтін құрал амперметрдің де шартты белгісі болады. Амперметр тізбекке тізбектей жалғанады және ток күшін өлшейді.
-амперметр
-кілт
-ток көзі, батарея, аккумулятор
-тұтынушы, қыздыру шамы, электр шамы
2. Амперметрдің жүйеге (тізбекке)қосылу клеммаларын тексеріп, олардың өлшеу шегін жазыңыздар: Іmax=________________
3. Амперметрді стол бетіне қойып, мұқият зерттеп, аспаптың бөлік құнын анықтау ережесі бойынша, оның бөлік құнын есептеңіздер:
а) Амперметр шкаласының бөлік құнын есептеу үшін, шкаланың сан мәндері көрсетілген көршілес екі бөлігін тауып, үлкен мәнінен кішісін алып, алынған санды олардың арасында орналасқан бөліктер санына бөліңіздер.
2-тапсырма. Тізбектің әр түрлі бөлігіндегі ток күшін анықтау.
1) Суреттегі сұлбалар бойынша электр тізбегін жинаңыздар.
2) Тізбекті тұйыктаӊыздар;
3) Әр жағдайдағы амперметрдің көрсетуін жазыңыздар.
__________
4) Амперметрлердің көрсетуін жазып, қорытындысын талдаңыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?