Электр тогы.Ток көздері.Ток күші.Амперметр. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Тұрақты электр тогы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

8

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Электр тогы.Ток көздері.Ток күші.Амперметр

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.1 – электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру

8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;

Сабақ мақсаттары

  • электр тогы ұғымын түсіндіру;
  • электр тогының әрекетін сипаттау;
  • электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;
  • ток күшін сипаттау

 Бағалау критерийлері

  • электр тогы ұғымын түсіндіреді;
  • электр тогының әрекетін сипаттайды;
  • электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолданады;
  • ток күшін сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қазақша

русский

english

Электр тогы

Электрический ток

Electric current

Электр заряды

Электрический заряд

Electric charge

Өткізгіш

Проводник

Conductor

Ток күші

Сила тока

Current

Өткізгіш арқылы заряд өткен кезде...

При прохождении заряда через проводник...

As charge flows (passes) through the conductor…

Электрондардың реттелген бағытталған қозғалысы

Направленное упорядоченное движение электронов

Directed ordered movement of electrons

Оң полюсынан теріс полюсына қарай...

От положительного полюса к отрицательному полюсу...

From the plus pole to the minus pole

Амперметр

Амперметр

Ammeter

Тізбектей

Последовательно

Series

Электр тогының пайда болу мен бар болу шартттары

Условия возникновения и существования электрического тока

Conditions of appearance and existence of electric current

Оқушылар электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын ауызша түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Электр тогы деп........

Электр тогы пайда болуы үшін қажетті шарттар:...................

Ток күші дегеніміз................

ЭҚК деп.........

 Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақта оқушылар жұпта жұмыс жасауға және сыни ойлауға дағдыланады.

Пәнаралық байланыстар

Токтың әрекетін түсіндіргенде химия және биология пәнімен, ал ток күшін есептегенде математика пәнімен байланыс

Бастапқы білім

ХБЖ; электр заряды; электр өрісі және электрометр ұғымдарымен таныс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

1. Ой қозғау. «Электр тогының өтіп жатқандығын қандай белгілері арқылы анықтауға болады?»

Оқушылар электр тогы жайлы білетін ақпараттарымен бөліседі. Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатына қарай бағыттайды.

2. Мақсатты болжау: Оқушылармен бірге талқыланады.

  • электр тогы ұғымын түсіндіру;
  • электр тогының әрекетін сипаттау;
  • электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;
  • ток күшін сипаттау

Презентация

Сабақтың ортасы

2-17 мин

17-27 мин

27-37 мин

3. Түсіндіру. Пластиналарды зарядтау үшін қолданылатын Ван де Грааф генераторын қолданып, зарядтың өтуін демонстрациялау

Зарядтың күмбездің бетінде жиналатынын және оған өткізгішті жақындатқанда, оның бойымен өтетінін еске түсіру.

Электрондар бір беттен екіншісіне қарай қозғалатындығын еске түсіреміз. Электр тогы зарядталған бөлшектердің ағыны екенін түсіндіріп, білімдерін кеңейту. Оқушылардан электрон туралы не білетіндерін сұрау, яғни олардың теріс зарядталған бөлшектер екенін қарастыру. Токты оң зарядталған бөлшектер ағыны деп алынғанын және токтың бағыты электрондардың қозғалысына қарсы болатынына назар аудару керек.

Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік ∆t уақытта тасымалданатын ∆q заряд мөлшері ток күші ретінде анықталатындығын түсіндіру.

Ток күші Ампермен (А) өрнектеледі. 

  Электр тогының әрекетін оқушылардан сұраймыз.Мұғалім токтың жылулық химиялық, магниттік және физиологиялық әрекетін түсіндіреді

4. Сабақты бекіту. Ток күшінің формуласын есептер шығаруда қолдануға арналған тапсырмалары бар парақтар үлестіріледі.

1) Электр тогының пайда болу мен бар болу шарттарын атаңдар

2) Шам арқылы 10 минут ішінде 300 Кл заряд өтетін болса шамдағы ток күшін есептеңдер

3) Амперметр арқылы өтетін токтың күші 12 мА. Амперметр тізбекке 4 минут бойы жалғанатын болса, ол арқылы өтетін зарядын анықтаңдар

4) Өткізгіш арқылы өтетін ток күші 9,6 мкА. Өткізгіш арқылы өткен электрон саны 30 миллиард. Электрондардың өткізгіш арқылы өту уақытын есептеңдер

Осы тапсырманы тексеру үшін оқушылардан бағалау критерийі мен дескриптор құрастыруларын сұрау. Өздері құрастырған дескрипторды пайдаланып өзара бағалау жүргізеді.

Өзіңді тексер! Таратпа материал

Төменде аталған құбылыстардың мысалдарына сәйкес келеді…

А. токтың жылулық әрекеті

Б. токтың химиялық әрекеті?

В. Токтың магниттік әрекеті?

Г. Токтың механикалық әрекеті?

  • Электр шамының жарығы.
  • Егер изоляцияланған сымды шегеге орап және оның ұштарын

батареяның полюстеріне қосып ол ұсақ темір заттарды тартады.

  • Егер тогы бар раманы магнит полюстерінің арасына орналастырсақ,

онда рама бұрылады.

  • Егер мыс купоросының ерітіндісіне аккумулятордың полюстерімен

жалғанған екі көмір өзекшелерін түсірсек, онда бірнеше уақыт соң оның

біреуінде мыс бөлінеді.

  • Электр шәйнекте су қайнады.
  • Электр тогының көмегімен металл заттарды никелдеу, хромдау,

күміспен жалату жүзеге асады

7. Электр өрісінің әрекетінен кварц пластинкасы тербеледі

Жауаптар: А1,А5; Б4,Б6; В2,В3; Г7

Дұрыс жауаптарды қолданып оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Қосымша 1

Презентация

Сабақтың соңы

37-40 мин

5. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

6. Үйге тапсырма §35-36 оқу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Қалыптастырушы бағалау нәтижелері;

Сабақ үстіндегі есептердің жауаптары;

Оқушылардың бір-бірін бағалау

Физика кабинеттіндегі қауіпсіздік техника сақтау ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу