Электрсыйымдылық. Есеп шығару. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Сабақ тақырыбы: Кондесаторлар. Есептер шығару
Оқу мақсаты: 8.4.1.10 конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау
Тапсырмалар.
- Әрқайсысының ауданы S = 200 см2 болатын екі пластинадан тұратын, арасында қалыңдығы 0,1 см слюда парағы бар конденсатордың сыйымдылығын анықтаңдар.
Жауабы: 10,62 · 10-10 Ф
- Жеке тұрған өткізгішке q = 1 · 10-9 Кл заряд беріп, оны φ = 100 В потенциалға дейін зарядтаған. Өткізгіштің фарадпен, микрофарадпен және пикофарадпен өлшенген сыйымдылығын анықтаңдар.
Жауабы: 10-11 Ф, 10 пФ, 10-5мкФ
Тест тапсырмалары:
1. Оңашаланған өткізгішті 100 В потенциалға дейін зарядтап, 1,109 Кл электр зарядын жіберген өткізгіштің электр сыйымдылығы
A) 0,2 Ф.B) 0,011 Ф.C) 2 мкФ.D) 24 Ф.E) 40 Ф.2. Егер конденсатор астарларының арасы диэлектрик тұрақтысы 3 диэлектрикпен толтырылған болса, электр сыйымдылығы
A) 3 есе артады.B) 3 есе кемиді.C) 9 есе артады.D) 9 есе азаяды.E) 2 есе артады.3. Потенциалдар айырымы 1000В, конденсатордың заряды 5∙10-9 Кл. Осы конденсатордың электр сыйымдылығы.
A) 5∙10-12 Ф.B) 8∙103 Ф.C) 3∙102 Ф.D) 4∙102 Ф.E) 5 Ф. 4. Жазық конденсатордың ауданы 520 см2. Конденсатордың сыйымдылығы 46 пФ болу үшін пластина қашықтықтығы
A) 0,02 м.
B) 0,01 м.
C) 100 м.
D) 4,1 м.
E) 5,1 м.
5. Зарядталған конденсатордың энергиясы 800 кДж. Конденсаторға 4 мкКл заряд берген. Сыйымдылығын анықтаңдар.
A) 100 мкФ.B) 10 мкФ.C) 40 мкФ.D) 200 мкФ.E) 20 мкФ.6. Конденсатор сыйымдылығы неге тәуелді? А)пластина ауданына ,пластина арақашықтығына,диэлектрик қасиетіне В)диэлектрик қасиетіне байланысты С) пластина ауданына D)өткізгіш кедергісіне байланысты E) пластина арақашықтығына 7.Халықаралық бірліктер жүйесінде сыйымдылық өлшем бірлігі не?А) 1 микрофарад B)1 милифарад C) 1 пикофарад D) 1 фарад E) 1 килофарад
8. Конденсатордың пластиналарының жұмыстық ауданын 2 есе азайтса, ал олардың ара қашықтықтарын 3 есе кемітсе, конденсатордың сыйымдылығы неше есе өзгереді? А) 2 есе артады В) 1,5 есе артады С) 1,5 кемиді D) 2 есе кемиді E) өзгермейді
Үйге тапсырма
- Кернеуі U = 120 В болатын ток көзінен q = 6 · 10-5 Кл заряд алатын конденсатордың сыйымдылығы қандай?
Жауабы: 0,5 мкФ
- Слюдадан жасалған конденсатор астарларының ауданы S = 15 см2, ал астарлар арасындағы қашықтық d = 0,02 см. Конденсатордың сыйымдылығы қандай?
Жауабы: 400 пФ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?