Электр өрісі.Электр өрісінің кернеулігі. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі.Электр өрісінің кернеулігі.
Оқу мақсаттары:
- электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру; – біртекті электр өрісінде зарядқа әрекет ететін күшті есептеу; - электр өрісін күш сызықтары арқылы графиктік кескіндеу;
Сабақты түсіндіру барысында талқыланатын сұрақтар:
1.Денелердің арасы бос кеңістік болғанымен неліктен олар өзара әрекеттеседі? 2.Қандай тұжырым жасауға болады? 3.Ал зарядталған гильзаның айналасында электр өрісі бар ма?
Сабақты бекіту барысында талқыланатын сұрақтар:
- Электр өрісі мен гравитациялық өріс арасындағы айырмашылық неде?
- Бұл өрістердің ұқсастықтары қандай?
- Екі шардың өзара тебілгендігін байқай отырып, олардың екеуі де оң зарядталған деп айтуға бола ма?
- Егер денеге электрлену кезінде электрондар келіп қосылса, онда денеде қандай заряд болады.
- Осы кеңістіктің берілген нүктесінде электр өрісі бар екенін қалай білесіз?
- Белгілі бір нүктеде нүктелік заряд электр өрісін тудырады. Егер зарядтын шамасын n есе арттырсақ электр өрісінің кернеулігінің модулі қалай өзгереді.
Есептер шығару
1.Күш сызықтарында бір-бірінен қашықтықта жатқан нүктелер арасындағы потенциалдар айырымы 60 В-қа тең. Егер олар біртекті болса, онда электр өрістің кернеулігін анықтаӊыз
2.Радиусы 30см металл шарикке 6 нКл заряд берілген. Шар бетіндегі электр өрісінің кернеулігін табыӊыз
3.А нүктесінде орналасқан q зарядтың электр өріс кернеулігі (сурет) қайсы
вектор бойымен бағытталған
4.А нүктесінде орналасқан q зарядтың электр өріс кернеулігі (сурет)қайсывектор бойымен бағытталған.
5.Біртекті электр өрісінің кернеулігі Е = 30 кВ/м.Осы кернеуліктің бір сызығында d=0,3 м кашықтықта орналасқан электр өрісі нүктелерінің арасындағы кернеуді табыӊыз.
6.Зарядтың орналасу қашықтығын 3 есе арттырса, онда электр өріс кернеулігінің модулі қалай өзгереді?
7.Нүктедегі өріс кернеулігі 300 Н/Кл. Егер заряд 1∙10-8 Кл-ға тең болса, онда оның нүктеге дейінгі қашықты анықтаӊыз.
8.Егер электр өрісін тудыратын нүктелік зарядтың орналасу қашықтығын 5 есе арттырсақ, өрістің кернеулігі қалай өзгереді?
9.Нүктелік зарядтың өріс кернеулігі кейбір нүктеде 4 Н/Кл. Егер зарядтың орналасу қашықтығын 2 есе арттырсақ, онда өріс кернеулігінің мәні қандай болады?
10. Біртекті өрісте кернеулігі Е = 2В/м күш бағытымен заряд қашықтыққа орын ауыстырды. Потенциалдар айырмын анықтаӊыз.
11. Сұйықта орналасқан 4 нКл зарядтан қашықтықта өрістің кернеулігі 20 кВ/м. Сұйықтың диэлектрик өтімділігін анықтаӊыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?