Электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ тақырыбы:

Электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі

Мектеп:

ХББ НЗМ Алматы

Мерзімі:

Мұғалімнің аты:

Балажигитова Н.К

Сынып:

8

Оқушылар саны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.6 – электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;

8.4.1.7 – біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу;

8.4.1.8 – электр өрісін күш сызықтар арқылы кескіндеу

Сабақ мақсаттары

  • электростатикалық өрістіӊ күш сызықтарыныӊ физикалық мағынасын түсіну;
  • жеке тұрған оӊ және теріс зарядтардыӊ күш сызықтарыныӊ бағытын білу;
  • оӊ және теріс зарядтардыӊ өзара әрекеті кезіндегі өрістіӊ күш сызықтарыныӊ суретін білу;
  • оӊ және теріс зарядталған параллель пластиналардыӊ электр өрісініӊ күш сызықтарын және кернеулігін білу.

Бағалау критерийлері

Оқушылар біледі:

- электростатикалық өрістіӊ күш сызықтарыныӊ физикалық мағынасын;

- жеке тұрған оӊ және теріс зарядтардыӊ күш сызықтарыныӊ бағытын;

- оӊ және теріс зарядтардыӊ өзара әрекеті кезіндегі өрістіӊ күш сызықтарыныӊ суретін;

- электр өрісініӊ суперпозиция принципін;

- оӊ және теріс зарядталған параллель пластиналардыӊ электр өрісініӊ күш сызықтарын және кернеулігін.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар электр өрісі туралы ұғымға ие болады. Кернеуліктіӊ физикалық мағынасын және формуласын біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электрлік құбылыстар- phenomena

Заряд- charge

Оң заряд- positive charge

Теріс заряд- negative charge

Тебісу- repulsion

Тартысу- attraction

Зарядтың сақталу заңы- The law of conservation of charge

Электроскоп- electroscope

Электрометр- electrometer

Электр өрісі - Electric field

Электр өрісініӊ кернеулігі-Tension of electric-field

Электр өрісініӊ күш сызықтары-Lines of tension of electric-field

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

 Электр өрісінің күш сызықтары – бұл сызықтардың әр бір нүктесіне жүргізілген жанамалар сол нүктедегі электр өрісінің кернеулігінің бағытымен сәйкес келеді. Электр өрісінің берілген нүктедегі кернеулігінің бағыты сол нүктеге орналастырылған оң зарядқа әсер ететін күштің бағытымен анықталады.

 Күш сызықтары үздіксіз.

 Күш сызықтары қиылыспайды.

 Күш сызықтары әрқашанда өткізгіш беттеріне перпендикуляр бағытталған болады.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың топпен жұмыс жасай алу және талдау құндылықтарын дарытады.

Пәнаралық байланыстар

Біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу үшін математика пәнімен байланыс.

Бастапқы білім

Оқушылар денелердің электрленуін, электр зарядын, өткізгіштер мен диэлектриктерді және электр зарядының сақталу заңын, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңын біледі.

ЖОСПАР

Уақытша жоспарлау

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақ басы

0-5 мин

5-7 мин

8-10мин

  • Өткен материалды еске түсіру мақсатында оқушыларға қойлыатын сұрақтар:

1) Электр зарядының сақталу заңының мағынасын түсіндір

2) Тұйық жүйе дегеніміз қандай жүйе?

3) Қандай заряд нүктелік деп аталады?

4) Кулон заңын тұжырымдаңдар

К тұрақты нені білдіреді?

5) Диэлектрлік өтімділіктің физикалық мағынасы қандай?

2. Ой қозғау.

Тартылыс туралы ойланайық:

  • Кернеулік
  • Масса
  • Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге талқыланады
  • электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;
  • электр өрісін күш сызықтар арқылы кескіндеу;
  • біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу.

Презентация

Сабақтың ортасы

10-20 мин

20-27 мин

27-37 мин

  •  Түсіндіру. Мұғалім зарядталған денелердің өзара әрекеттесуіне (тартылыс және тебіліс) мысалдар келтіреді

Сұрақ: Денелердің арасы бос кеңістік болғанымен неліктен олар өзара әрекеттеседі?

Оқушылар сұрақты жұпта талқылайды. Мұғалім кері байланыс жасай отырып зарядталған денелердің айналасында электр өрісі бар екенін түсіндіреді, өрістіӊ күш сызықтарыныӊ қасиеттерін сипаттайды және электр өрісін күш сызықтар арқылы кескіндейді.

Электростатикалық өрістіӊ күш сызықтарыныӊ қасиеттері:

  • Күш сызықтары үзіксіз.
  • Күш сызықтары қиылыспайды.
  • Күш сызықтары әрқашанда өткізгіш беттеріне перпендикуляр бағытталған болады.

 Мұғалім біртекті электр өрісін түсіндіреді

 Біртекті электр өрісі - өрістің кернеулігі оның барлық нүктелерінде бірдей болатын электр өрісі. Біртекті өрістің күш сызықтары параллель және тығыздығы бірдей болады, кері жағдайда өріс біртексіз деп аталады.

Электр өрiсiнiң кернеулiгi – берiлген нүктедегi электр өрiсiн сипаттайтын векторлық шама, және ол өрiстiң берiлген нүктесiнде орналасқан нүктелiк зарядқа әсер ететiн күштiң заряд шамасына q қатынасына тең:  

  •  Сабақты бекіту.

Тест тапсырмаларын орындау

Қосымша тапсырмалардан есептер шығару

Бағалау критерийлері

Дескриптор

зарядталған шардыӊ және біртекті өрістің кернеулігін есептейтін формуланы қолданады;

  • біртекті электр өрісінің кернеулігін анықтайды;
  • шар бетіндегі электр өрісінің кернеулігін анықтайды;
  • А нүктесінде орналасқан q зарядтың электр өріс кернеулігі бағытын біледі;
  • біртекті электр өрісінің кернеуін анықтайды

Таратпа материалдар

Сабақтың соңы

37-40 мин

6. Рефлексия. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

7.Үй тапсырмасы: Физика және астрономия. 8-сынып.

§ 32. 15-жаттығу. 5-8 есептер. 122 -бет.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы, талдауға қатысуға көмектесу. Қабілетті оқушылар кернеулік формуласын қолданып есептер шығарады.

Жұптық талқылауды бақылау, есептер шығару барысында формуланы қолодану дағдысын бағалау

Эксперименттік тапсырмаларды орындағанда техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу