“Электр өрісінің кернеулігі, потенциалы мен кернеуі” бойынша есептер шығару. Электр өрісінің жұмысы мен энергиясы. Электр өрісі бөлімі бойынша қорытындылау. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А: Электр өрісі

Сабақ тақырыбы

“Электр өрісінің кернеулігі, потенциалы мен кернеуі” бойынша есептер шығару.

Электр өрісінің жұмысы мен энергиясы. Электр өрісі бөлімі бойынша қорытындылау.

Сабақта іске асатын оқу мақсаты

8.4.1.6 - электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;

8.4.1.7 - электр өрісін күш сызықтары арқылы графиктік кескіндеу;

8.4.1.8 - потенциал және потенциал айырымы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;

8.4.1.8 - потенциал және потенциал айырымы, электр өрісі жұысы мен энергиясы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру.

Бағалау критерийі

Оқушы

  • Электр өрісінің материалдық сипаттамасын түсіндіреді;
  • E=F/q және E= Q/4πε0r2 формулаларын қолданады;
  • Күш сызықтарының дұрыс бағытын көрсететін сызықтар мен өрістердің сұлбалары көрсетілген сызбаларды салады;
  • Потенциалдың физикалық мағынасын түсіндіреді;
  • Электр заряды орын ауыстырған кездегі жұмыстың формуласын қолданады;
  • Есептер шығаруда электр өрісінің жұмысының формуласын түрлендіре алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Физикалық құбылыстарды түсіндіру.

Электростатика бойынша есептерді жазу.

Зарядтар арасындағы өзара әрекеттесу күшін анықтау.

Зарядтың орын ауыстырған кездегі жұмысты анықтау.

Нүктелік зарядтың потенциалы мен кернеулігі.

Электр өрісіндегі тепе-теңдікке есептер шығару.

Пәнге тән лексика мен терминология:

English

Қазақша

Русский

Charge

Заряд

Заряд

Matter

Материя

Материя

Electricity

Электр

Электричество

Force

Күш

Сила

Property

Қасиет

Свойство

Unit

Өлшем бірлігі

Единица измерения

Electrolyze

Электрлену

Электризовать

Friction

Үйкеліс

Трение

Induction

Индукция

Индукция

Amount

Сан

Количество

Isolated

Оқшауланған, тұйықталған

Изолированный

The law of conservation of electric charge

Электр зарядының сақталу заңы

Закон сохранения электрического заряда

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Өткізгіштер мен изоляторлар арасындағы айырмашылығы изоляторларда электрондар атомдармен тығыз байланысқан, ал өткізгіштерде электрондар еркін орын ауыстыра алады.

В отличие от проводников и изоляторов, электроны тесно связаны с атомами, и электроны могут свободно перемещаться в проводниках.

Unlike conductors and insulators, electrons are closely related to atoms, and electrons can move freely in conductors.

Құндылықтар

Өзін өзі реттеу дағдыларының дамуы. Ынтамақтастық. Өзіне және өзінің айналасындағы адамдарға деген құрмет. Академиялық шынайылық.

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Дүниенің физикалық көрінісін құрастыру теориясында заряд фундаменталды шама екенін түсіну.

Өмірмен байланыс

Оқушылар статикалық электр тоғының қасиеттерін қолдана алады.

Пәнаралық байланыс

Химия, матетматика.

Алдыңғы білім

8 -сынып: заряд; кулон;зарядтар арасындағы күш заңы; Кулон заңы; электр өрістерін күш сызықтары арқылы ұсыну.

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

1 сабақтың басы

1-2 мин

(W) Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатыспағандарын белгілеу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлерін талдау.

Презентация

1 слайд

1 сабақтың ортасы

3-7 мин

8-12 мин

13-18 мин

1 сабақтың соңы

19-20 мин

(W/I) Өткен сабақтағы материалды еске түсіреміз.

  • Электр өрісі ұғымын алғаш енгізген ғалымдар.
  • Электр өрісінің бар екендігін дәлелдейтін құрал?
  • Электр өрісінің бар екендігін дәлелдейтін қарапайым тәжірибе?
  • Оң және теріс зарядтардың күш сызықтарының бағыты қандай?
  • Электр өрісінің кернеулігі дегеніміз не?
  • Электр өрісінің кернеулігінің өлшем бірлігі қандай?
  • Электр өрісінің күш сызықтарын қалай кескіндейміз?
  • Электр өрісіндегі потенциалды қалай анықтауға болады?
  • Электр өрісінің кернеулігін анықтайтын формулалар.

Мұғалім оқушылардың жауабын кері байланыс жасай отырып бағалайды.

(G) Сапалық есептерді шығару (Сурет бойынша сұрақтар).

Дескрипторлар:

  • Электр өрісінің күш сызықтарының бағыты бойынша заряд таңбаларын анықтайды;
  • Электр өрісінің эквипотенциал беттер бойынша потенциалдар айырмашылықтарын анықтай алады.

(W/I) Өзіндік жұмыс.

1. Өрістің қандай да бір нүктесінде, 2 нКл зарядқа 0,4 мкН күш әсер етеді. Өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті табыңыз.

2. Электр өрісінің кернеулігі 2 кН/Кл-ға тең нүктеге орналасқан 12 нКл зарядқа қандай күш әсер етеді?

3. Зарядтан 18 см қашықтықтағы нүктеде орналасқан 36 нКл заряд өрісінің кернеулігін табыңыз.

4. Өзара параллель өткізгіш пластиналар арасындағы кернеу 1000 В. Пластиналардың арақашықтығы 4 м болса, олардың арасындағы өрістің кернеулігін анықтаңдар.

5. Екі электрленген пластина кернеулігі 25×103В/м біртекті өріс құрады. Арақашықтығы 4 см пластиналардағы кернеу неге тең? 6,0×10-6Кл зарядқа өріс қандай күшпен әрекет етеді?

Дескрипторлар:

  • Есептің берілгені бойынша шамаларды жазады;
  • Шамалардың өлшем бірлігін ХБЖ өрнектейді;
  • Есеп шарты бойынша негізгі формуланы жазады;
  • Белгісіз шаманы анықтау формуласын түрлендіреді;
  • Математикалық есептеулерді орындайды.

Бағалау: мұғалімнің кері байланыс беруі арқылы, есептің жауаптарын нақты орындау арқылы оқушы өзін-өзі бағалай алады.

Рефлексия.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

2 слайд

3-6 слайдтар

7-11 слайдтар

12 слайд

2 сабақтың басы

1-2 мин

(W) Сабақ тақырыбын, мақсаттарын және бағалау критерийлерін қайталау.

Презентация

13 слайд

2 сабақтың ортасы

3-10 мин

11-18 мин

(W) Жаңа материалды меңгеру.

Мұғалім біртекті электр өрісінде зарядты көшіргенде атқарылатын жұмысты түсіндіреді

А – электростатикалық өріс күштерініӊ жұмысы (Дж);

q - заряд (Кл);

d – орын ауыстыру (м).

Зарядты электр өрісініӊ 1 нүктесінен 2 нүктесіне орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс

φ1 және φ2 - бірінші және екінші нүктеніӊ потенцалы (В);

U- кернеу (В).

(W/I) Сапалық есептер (сурет бойынша сұрақтар).

Дескрипторлар:

  • Электр өрісінің эквипотенциалдық беттеріне байланысты зарядтың жұмысын салыстырады және есептейді.

Мұғалім оқушылардың жауабын кері байланыс жасай отырып бағалайды.

Бағалау: мұғалімнің кері байланысы бойынша оқушы өзін-өзі бағалайды.

(W/I) Есептер шығару.

1. Біртекті электр өрісінің кернеулігі 2Н/Кл өріс күштерінің сызықтары бойымен 3 Кл заряд 0,5 м қашықтықта орын ауыстырды. Электр өрісіндегі зарядтардың орын ауыстыру күшінің жұмысын анықтаӊыз.

2. Кернеулігі 2,5 кВ/м біртекті электр өрісі 10-5 Кл зарядпен 10 мДж жұмыс жасағанда, оның орын ауыстыратын ара қашықтығын табыӊыз.

3. Потенциалы 20 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге 2 Кл заряд орын ауыстырғандағы электр өріс күштерінің жұмысын анықтаӊыз.

4. Нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы ∆φ = 100 В, А =400 Дж энергия жұмсағанда, осы нүктелер арасында орын ауыстыратын зарядтыӊ шамасын табыӊыз.

5. Аккумулятордағы 0,25 Кл заряд орын ауыстырғанда 0,7 Дж жұмыс жасалса, онда аккумулятор полюстеріндегі потенциалдар айырымы қандай?

6. Горизонталь орналасқан екі пластинаның арасындағы кернеу 600 В. Пластиналардың арақашықтығы 10 см. Осы пластиналардың өрісіндегі тепе-теңдікте тұрған тозаңның заряды 5×10-14 Кл болса, оның массасы қанша?

Дескрипторлар:

  • электр өрісіндегі жұмыс формуласын біледі;
  • электр өрісінің жұмысын анықтайды;
  • жұмыс формуласын қолданып арақашықтықтың формуласын өрнектейді;
  • электр өрісінің жұмысының потенциалға тәуелді формуласын қолданады;
  • зарядтың шамасын анықтайды.

Бағалау: есептің шарттары мен есептеулерді орындау барысына қарай оқушы өзін-өзі және сыныптастарын өзара бағалай алады.

14-18 слайдтар

19-21 слайдтар

22-27 слайдтар

2 сабақтың соңы

18-20 мин

(W) Рефлексия «3М»:

Бүгінгі сабақта қандай заряд алғанынды белгіле:

Сабақ барысында қолыңыздан келген үш сәтті атаңыз, сіздің жұмысыңызды жақсартатын бір әрекетті ұсыныңыз.

28 слайд

Үй жұмысы

“Электр өрісі” тарауын қайталаңыз.

Оқулық бойынша тақырыптарды қайталаңыздар.

Барлық формулаларды жаттаңыздар.

Презентация

29 слайд

Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау

Қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулық жүргізіледі. Оқушылар танысқандығы туралы белгі қалдырады.

Ноутбуктармен жұмыс жасаған кезде ҚТ ережелерін сақтау. Оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау.

Қорытынды бағалау

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу