Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Сабақтың тақырыбы: Электр зарядының сақталу заңы, қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi, Кулон заңы, элементар электр заряды Оқу мақсаттары: – электр зарядының сақталу заңын түсіндіру; – Кулон заңын есептер шығаруда қолдану
Сабақты бекітуге арналған тапсырмалар:
А-тобы.
№1.Диэлектрлік өтімділігі 2 болатын керосинде бір-бірінен 40 см қашықтықта
60 мкКл және -210-7 Кл зарядтар орналасқан. Осы зарядтардың арасындағы тартылыс күшінің шамасын анықтаңдар.
№2. 10нКл зарядталған бөлшектен өріс кернеулігі қандай арақықтықта 0,3кН/Кл болады? ( Жауабы: 0,55 м)
В -тобы.
№1. 4 нКл зарядтан 3см қашықтықта өрістің кернеулігі 10 кВ/м-ге тең. Сұйықтың диэлектрлік өтімділігі ?
№2. Екі зарядталған кішкентай шарлар бір-бірімен Кулон заңы бойынша 0,1Н күшпен әрекеттеседі.Егер шарлардың арақашықтығы өзгермесе,ал әрбір шардың зарядының шамасы 2 есе артса,онда шарларға әрекет ететін Кулон күші неге тең? (Жауабы: 0,4Н)
С -тобы.
№1. Арақашықтығы 30 см екі нүктелік заряд ауада белгілі бір күшпен әрекеттеседі.Осы зарядталған денелердің әрекеттесу күші өзгермес үшін оларды суда қандай арақашықтыққа қою керек? (ауаның электрлік өтімділігі 1-ге тең,судың әлектрлік өтімділігі 2,1)
№2. Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан кішкентай екі шардың бірдей теріс зарядтары бар және олар 0,23 мН күшпен өзара әрекет етеді.Әр шардағы «артық» электрондарының санын анықтаңдар.( Ж:1011)
Теориялық білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:
№1 Төмендегі келтіріліген өрнектердің қайсысы электр тұрақтысының өрнегіне сәйкес келеді.
№2СИ жүйесінде Кулон заңындағы пропорционалдық коэффициенттің өлшем бірлігін негізгі бірліктер арқылы өрнекте.
№3 Төмендегі графиктердің қайсысында Кулон күшінің зарядтан және олардың ара қашықтығынан R тәуелділігі дәлірек көрсетілген?
А) I, III B) I, III, V C) II, III, V D) II, V E) II, III, IV | |||||||||||||||
№4 Берілген графикке қарап, ортаның диэлектрлік өтімділігі қандай қатынаста тұрғанын көрсет. | |||||||||||||||
№5 Диэлектрлік өтімділігі 10- ға тең ортада тұрған екі нүктелік зарядты арақашықтығын екі есе арттырып вакуумге ауыстырсақ өзара әсер күші алай өзгереді?
| |||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?