Электр зарядының сақталу заңы, тыныштықтағы зарядтардың өзара әрекеттесуі, Кулон заңы. Элементар электр заряды. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Оқу мақсаттары:
- электр зарядының сақталу заңын түсіндіру;
- Кулон заңын есептер шығаруда қолдану
Сабақты бекіту үшін берілетін тапсырмалар:
- Әр зарядтың шамасын 2 есе арттырса Кулон күші қалай өзгереді?
- Зарядтар арасындағы арақашықтықты 3 есе кемітсе Кулон күші қалай өзгереді?
- Әр зарядтың шамасын 4 есе арттырып, ал олардың арақашықтығын 2 есе кемітсе Кулон күші қалай өзгереді?
- Егер диэлектрлік ортада зарядтардың өзара әрекеттесу күші вакуумдағы әрекеттесу күшімен салыстырғанда 4 есе кемісе, онда диэлектрлік өтімділік неге тең?
- Модульдері тең екі әраттас зарядтар бір-бірімен 10 Н-ға тең күшпен әрекеттеседі. Егер олар бір-бірінен 5 м қашықтықта орналасса, олардың модульдері неге тең болады?
- Заряды 4 мкКл-ға тең шар жібек жіпке ілініп тұр. Оған төменгі жағынан заряды -100 нКл-ға тең екінші зарядты жақындатты, шарлардың центрлері бір түзудің бойында жатыр. Осының нәтижесінде жіптің керілу күші екі есе артты. Шарлардың арасындағы арақашықтық 8 см. бірінші шардың массасын анықтаңыз.
Қалыптастырушы бағалауға берілетін тапсырмалар:
- Заряды -3,2 нКл тең шарды дәл сондай өлшемді өткізгіш зарядталмаған шармен беттесті. Зарядталған шардан зарядталмаған шарға неше электрон өтеді?
А) 105 B) 2·1010 C) 1010 D) 1,6·1019 E) 0
- Төмендегі өрнекке қандай физикалық шама сәйкес келеді?
Мұндағы: a - үдеу; l – ұзындық, F – күш, t – уақыт, υ – жылдамдық, k – Кулон заңындағы пропорционалдық коэффициент.
- А нүктесінде орналасқан оң зарядқа әрекет ететін күш векторының бағытын анықтаңыз. Q және -Q зарядтары теңқабырғалы үшбұрыштың төбелерінде, ал қалған екі заряд А нүктесіне қатысты симметриялы орналасқан.
- -25,6 нКл заряды бар шар сондай бірнеше зарядталмаған шарлармен әсерлеседі. Егер сол зарядта 1010 электрон қалса, ол неше зарядталмаған шарлармен әсерлескен?
Бағалау критерийлері:
- Берілген электрондар санын анықтай алады;
- Физикалық шамалардың өлшем бірлігін біледі және өрнек арқылы физикалық шаманы анықтай алады;
- Суперпозиция принципін түсінеді және талдай алады;
- Нүктеге әрекет ететін күштің бағытын анықтай алады.
Қосымша тапсырмалар
1-деңгей
- Табиғатта зарядтардың қандай түрлері бар?
- Протон, нейтрон, электрон, атом ядросы және молекула қандай зарядқа ие?
- Зарядтардың қандай қасиеттері бар?
- Шарлар қандай зарядқа ие?
- а, б жағдайларында элек тр өрісінің денеге әрекетін түсіндіріңіз.
- Егер бейтарап денеге оң зарядталған таяқшаны жақындатса, не байқалады?
- Бейтарап атомда төрт электрон бар. Осы атомның ядросында неше протон бар?
- Бейтарап атомға электрлену барысында электрон қосылды. Атом заряды қалай өзгерді? Ол атомды қалай айтуға болады?
2-деңгей
- Үш заряд суретте көрсетілгендей орналасқан. А нүктесіне әрекет ететін тең әрекет күшін сызып көрсетіңіз.
- Егер екінші заряд тепе-теңдікте тұрса, бірінші зарядтың шамасын анықтаңыз.
- Бір-бірінен 0,2 см қашықтықта орналасқан, біріншісі екіншісінен 5 есе үлкен болатын екі қозғалмайтын нүктелік заряд 4,5 Н күшпен әрекеттеседі. Осы зарядтардың ең кішісінін абсолюттік мәнін анықтаңыз.
3-деңгей
- Екі нүктелік екі зарядтың арасындағы әсерлесу күші 2 Н. Егер олардың арақашықтығы 3 м, ал жалпы заряд -3 нКл болса, онда зарядтар шамасын анықтаңыз.
- +1,78 нКл және -6 нКл зарядтарының арақашықтығы 4 см тең. Бірінші зарядтан 2 см қашықтыққа үшінші нүктелік зарядты орналастырды және ол тепе-теңдікте тұр. Үшінші зарядтың модулін анықтаңыз.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?