Электр зарядының сақталу заңы, тыныштықтағы зарядтардың өзара әрекеттесуі, Кулон заңы. Элементар электр заряды. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Электростатика негіздері

Өткізілетін күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кенжеханова М.С.

Сынып: 8

Оқушылардың саны:

Сабақта жоқ оқушылардың саны:

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:

Электр зарядының сақталу заңы, тыныштықтағы зарядтардың өзара әрекеттесуі, Кулон заңы. Элементар электр заряды

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.4 – электр зарядының сақталу заңын түсіндіру;

8.4.1.5 – есептер шығару барысында Кулон заңын қолдану.

Сабақтың мақсаттары

  • Денелердің зарядталуы әртекті болатынын, денелердің электронды жоғалтуы немесе қосып алуы бойынша электрленетінін түсіндіру.
  • Тұйық жүйеде электр зарядының сақталу заңын тұжырымдау.
  • Зарядталған денелердің бір-бірімен әсерлесетінін, ол әсерлесу күшін ең алғаш Кулонның анықтағанын түсіндіру.
  • Кулон заңының тұжырымдамасымен таныстыру және оны қолдану біліктерін дамыту.

Бағалау критерийі

  •  Электр зарядының сақталу заңын түсіндіре алады;
  •  Кулон заңының тұжырымдамасын біледі;
  •  к тұрақтының физикалық мағынасын түсіндіре алады;
  •  Есептер шығару барысында Кулон заңын қолдана алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

зарядтың электрондардың қозғалысымен байланысты феноменін түсіндіреді және зарядтың таңбасы электрондарды қосып алумен немесе жоғалтумен байланысты екенін біледі, зарядтардың тартылатынын немесе тебілетінін түсіндіреді

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электрлендіру, теріс заряд, оң заряд, кулон, электрон.

Электризация тел

Дененің электрлендіруі

The electrification of bodies

Электростатистический заряд

Электростатистикалық заряд

electrostatic charge

Элементарный заряд

Элементарлық заряд

elementary charge

Проложительный / отрицательный заряд

Оң / теріс заряд

Positive / negative charge

Проводники

Өткізгіштер

conductors

диэлектрики

Диэлектриктер

dielectrics

Заряды притягиваются

Зарядтар тартылады

charges attract

Заряды отталкиваются

Зарядтар тебіледі

charges repel

Строение атома

Атомның құрылымы

structure of atom

сила

Күш

force

Кулон

Кулон

pendant

Единица измерения

Өлшем бірлік

unit of measurement

Физическая величина

Физикалық шама

A physical quantity

Электромагнитное взаимодействие

Электромагнитті өзара әрекеттесу

The electromagnetic interaction

электрон

Электрон

electron

протон

Протон

proton

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Егер дене өзіне электрондарды қосып алса, онда ...

Егер дене өз электрондарың жоғалтса, онда ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ ойын жүйелеп сыныптастарының алдында айта алу, сыни көзқарасты қалыптастыру, зерттеушілік қабілетін дамыту, өз жұмысының нәтижесін сараптай алу құндылықтарын дарытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану пәні бойынша табиғаттағы денелердің электрленуіне қатысы мысалдар қарастырылады.

Бастапқы білім

Атом құрылысын, денелердің электрленуін, электр зарядын, электрометрді және оның жұмыс істеу принципін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 минут

3-5 минут

5-10 минут

Сабақтың ортасы

10-17 минут

17-35 минут

Сабақтың соңы

35-40 минут

  •  Оқушылар өткен сабақтағы теориялық материалды еске түсіру мақсатында тест тапсырмалары ұсынылады:

І. Өзара тексеру тесті.

1. Қандай зарядтар бір-біріне тартылады?

а. аттас.

б. әраттас.

в. Екі жауап та дұрыс.

2. Электрон қандай әріппен белгіленеді?

а. m

б. q

в. e

3. Электрон зарядының өлшем бірлігі?

а. К

б. Кл

в. Н

4. Заряд қандай әріппен белгіленеді?

а. g

б. q

в. E

ІІ. Оқушылардың ажырата алу дағдысын тексеру мақсатында келесі тапсырма ұсынылады:

«Құбылыс және түсінік». Төмендегі сөздер қандай принцип бойынша біріккен және әр қатардағы артық сөзді табыңыз

  • Электрон, электрлену, молекула, өткізгіш, кітап. (Жауабы: электрлену-құбылыс; қалғандары физикалық денелер)
  • Кернеулік, потенциалдар айырымы, электрсыйымдылық, жұмыс, электр өрісі. (Жауабы: электр өрісі-түсінік, қалғандары физикалық шамалар)
  • Поляризация, өткізгіштік, электрометр, электрлену, өзара әрекеттесу, зарядтардың қозғалысы. (Жауабы: электрометр-прибор, қалғандары құбылыстар мен түсініктер)

ІІІ. Оқушылардың білімін жүйелеу мақсатында физикалық шамалардың белгіленуі, өлшем бірлігін анықтауға арналған және атомның құрылысы бойынша қандай элемент екенін анықтауға арналған тапсырма ұсынылады.

«Дұрыс жолды көрсетіңіз» (презентацияда) және «Бұл қай элемент?» (презентацияда)

  • Ой қозғау. Мұғалім аттас зарядтар мен әраттас зарядтардың әрекеттесуін демонстациялайды.

Оқушылар олардың әрекеттесуін жұпта талқылай отырып бір-біріне түсіндіреді.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • электр зарядының сақталу заңын түсіндіру;
  • есептер шығару барысында Кулон заңын қолдану.

4. Түсіндіру. Мұғалім Бүкіләлемдік тартылыс күшін анықтаған Кавендиштің тәжірибесін және Кулон өз заңын тұжырымдау үшін қолданған прибор туралы баяндайды. Кулон күшінің физикалық шамаларға тәуелділігі анықталады.

Оқушыларға сұрақ қоюға болады:

- Кулон заңын қалай тұжырымдар едіңіз?

Мұғалім кері байланыс жасай отырып екі қозғалмайтын нүктелік зарядтың арасындағы бір-біріне әсер ету күші зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтық квадратына кері пропорционал екенін түсіндіреді.

5.Сабақты бекіту

  • Әр зарядтың шамасын 2 есе арттырса Кулон күші қалай өзгереді?
  • Зарядтар арасындағы арақашықтықты 3 есе кемітсе Кулон күші қалай өзгереді?
  • Әр зарядтың шамасын 4 есе арттырып, ал олардың арақашықтығын 2 есе кемітсе Кулон күші қалай өзгереді?
  • Егер диэлектрлік ортада зарядтардың өзара әрекеттесу күші вакуумдағы әрекеттесу күшімен салыстырғанда 4 есе кемісе, онда диэлектрлік өтімділік неге тең?
  • Модульдері тең екі әраттас зарядтар бір-бірімен 10 Н-ға тең күшпен әрекеттеседі. Егер олар бір-бірінен 5 м қашықтықта орналасса, олардың модульдері неге тең болады?
  • Заряды 4 мкКл-ға тең шар жібек жіпке ілініп тұр. Оған төменгі жағынан заряды -100 нКл-ға тең екінші зарядты жақындатты, шарлардың центрлері бір түзудің бойында жатыр. Осының нәтижесінде жіптің керілу күші екі есе артты. Шарлардың арасындағы арақашықтық 8 см. бірінші шардың массасын анықтаңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Кулон күші мен зарядтардың арасындағы тәуелділікті біледі;
  • Кулон күші мен зарядтардың ара қашықтығы арасындағы тәуелділікті біледі;
  • Кулон күші мен диэлектрик арасындағы тәуелділікіт біледі;
  • Кулон күшінің формуласын біледі, одан белгісіз шаманың формуласын өрнектеп шығара алады.

6. Жетістікті бағалау.

Оқушылар стикерге/ауызша бүгінгі сабақта түсініксіз болған ақпаратты жазады/айтады. Қиындықтар туындамаған жағдайда оқушылар осы тақырыпқа қатысты бір-біріне сұрақ қояды. Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.

7. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

8. Үй жұмысы:

§ 31. 14-жаттығу (4-5)

 

Кулон заңын демонстрациялау үшін көптеген видеолар бар, мысалы:

http://www.youtube.com/watch?v=6Du0_gcn5_I

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қоя отырып, тапсырмаларды орындауға көмектесу.

Қабілеті жоғары оқушыларға жоғарй деңгей тапсырмаларын ұсыну.

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып өзара бағалау жасайды. Сұрақтарға жауап бергенде әркім өз жұмысын өзі тексереді

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу