Отын энергиясы, отынның жануының меншікті жылуы; Есептер шығару. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1B Жылу мөлшері

Мектеп: ХББ НЗМ, Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты –жөні:

Сынып: 8

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отын энергиясы, отынның жануының меншікті жылуы; Есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін ОМ (оқу бағд. сілтеме)

8.3.2.5 отынның жануы кезінде бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану;

Сабақ мақсаттары

Отын энергиясы, отынның жануының меншікті жылуы формуласын пайдаланып есептер шығару

Жетістік критерийлері

  • Отын жанғанда энергия бөлінетінін біледі.
  • Табиғаттағы отындардың жылу шығару мөлшері меншікті жану жылуына байланысты екенін біледі.
  • Q=qm формуласы арқылы есептей алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар отын, меншікті жану жылуы терминдерінің физикалық мағынасын түсінеді. Меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінде, өлшеу бірлігін біледі. Қатты денені тұрақты температурада балқыту үшін қажетті жылу мөлшерін есептей біледі.

Арнайы пәндік лексика және терминология:

жану- burning

меншікті жану жылуы - specific warmth of burning

жылу мөлшері- quantity of heat

қатты дене - firm body

сұйық- liquid

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылар жылулық қозғалыс туралы өз пікірлерін білдіргенде бір бірінің айтылған пікірлеірмен келісіп, дұрыс болмаған жағдайда онымен келіспейтіндігін айта отырып өз пікірін ұсына алу.

Өмір бойы білім алуға зейінін аудару.

Сабақта негізгі құндылықтарды ескеру:

-қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

– құрмет;

– ынтымақтастық;

– ашықтық;

– еңбек және шығармашылық;

– өмірбойыбілімалу.

Пәнаралық байланыстар

Қоршаған ортаны қорғау-экология Жаратылыстану пәні бойынша табиғаттағы құбылыстардың жылуға қатысы қарастырылады

АКТ қолдану дағдылары

физикалық құбылыстардың компьютерлік моделін ұсынуға болады.

Бастапқы білім

Меншікті жылу сыйымдылық

Сабақ барысы

Уақыт кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Алдыңғы білімді тексеру

https://www.plickers.com/set/632bf8fc5043f5001129e437

Қолайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады

1.Сәлемдесу 2.Түгендеу 3.Сыныптың сабаққа дайындығы

Төмендегі суреттерде не ортақ?

Оқушылар хабарламасы

Ойлану / ақпарат

13мин

Мұғалім әрекеті: оқушылардың алдарына ОТЫН топтамасын таратамыз. Олар отынның түрін ажырату және өмірде қолданысына мысалдар келтіру

Оқушылар әрекеті: 3-мин

Жұптарымен ақпарат алмасады

Мұғалім әрекеті: 5 мин

1.Отын деп нені айтамыз?

2. Қандай отын түрлерін білесіздер?

3. Отынның қандай ерекшеліктері бар?

4. ағаш, көмір, газ қайсысы жылуды көп бөледі?

Сабағымыздың тақырыбы: Отын энергиясы, отынның жануының меншікті жылуы; Есептер шығару 15мин

8.3.2.5 отынның жануы кезінде бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану;

Жану (бір молекулалардың жойылып, келесі бір молекулалардың түзілуі) → Отын (жанатын заттар) → энергия бөлінеді

Отын жанғанда энергияның бөлінуі.

Отынның   құрамындағы   көміртегі   мен   ауаның   қүрамындағы   оттегінің қосылуы ксзінде энергияның бөлінуі Отынның түрлері (көмір, торф, ағаш, мұнай, табиғи газ).

Отын жанғанда бөлінетін энергияның отынның массасына тәуелділігі. Отын толық жанғанда болінетін энергияның отынның тегіне тәуелділігі (әртүрлі отынның массалары бірдей болғанда) Отынның меншікті жану жылуы және оның өлшем бірліктері. Әртүрлі   отынның   меншікті   жану   жылуынын   мәндерін   таллау   (кесте бойынша)

Массасы т отын жанғанда бөлінетін энергияны есептеу формуласы: Q=qm  q=Q/m

Механикалық энергияның бір түрден екінші түрге айналуы (дененің қандай да бір биіктіктен құлауы )

Механикалық энергияның ішкі энергияға айналуы (қорғасын шардың қорғасын плитаға құлауы)

Отынның ішкі энергиясының механикалық энергияға айналуы (автомобиль жэне трактор қозғалытқышында).

Мысалдар көмегімен отындардың жанған кезінде бөлетін жылулар әр түрлі екенін түсіндіріп отынның меншікті жану жылуын түсіндіру.

Презентация

Практикум

20 мин

Б)Қолдану

Массасы антрацит жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есепте.

Берілгені: Шешуі:

m=15 кг Q=qm Q=15 кг*3,4*107 Дж/кг=510*106 Дж q=3,4*107 Дж/кг

Т/к Q-? Жауабы: Q=510*106 Дж

2. Көлемі керосин жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есепте.

3. Стакандағы ыстық суға массалары бірдей күміс немесе алюминий қасық салынса, суды тез суытатыны ( салюм = 920 Дж/кг*К, скум = 250 Дж/кг*К )

Оқу мақсатына жетуге арналған тапсырмалар

4. 40 м биіктен құлай аққан судың барлық кинетикалық энергиясы жерге түскенде судың ішкі энергиясына айналса, су температурасыныі өзгерісі қандай болады ?

5 .     Массасы қорғасында 1000С-қа қыздыру үшін 13000 Дж жылу мөлшері жұмсалды. Қорғасынның меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар. Оны кестедегі мәнмен салыстырыңдар.

6.     150С-та  суды 1000С-қа қыздырғанда, оның ішкі энергиясы 178,8 кДж-ге артты. Судың массасын анықтаңдар.

7.     1000С-та қайнаған су қоршаған ауаға 1680 кДж энергиясын бере отырып, қандай температураға дейін салқындайды?

8.     100 кг антрацит толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

9.     Қарағанды көмірінің 100 кг-ы толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар.

10.     Сыйымдылығы ыдыс бензинмен толтырылған. Толық жануы кезінде 23ּ107 Дж энергияны алу үшін осы бензин мөлшері жеткілікті бола ма?

11.     440*107 Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек?

https://der.nis.edu.kz:3000/Physics/2018/quarter2/der12/index.html?kz

ОМ 8.3.2.5

Сабақтың соңы

2 мин

Үй тапсырмасы

Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

Тақырып бойынша қайталау

Оқушылар хабарламасы

..\Физика_8сынып_оқулық_25092019 (1).pdf

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға сыни тұрғыдан ойландыратын қосымша тапсырмаларды үлестіремін.

Кейбір үлгермеушы оқушыларға жеткілікті деңгейдегі тапсырмалар орындатамын

Шығармашылық тұрғыда барлық оқушыларға практикалық тапсырмалар орындатылады

(1)сабақ барысында оқушыларды қолдау, қолпаштау

(2) отынның жану формуласына есептер шығарады

(3)Формула қорыту және өлшем бірліктер мен шамалар арсындағы байланысты анықтауға арналған тапсырмаларды бағалау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу