Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 46 сабақ.
Әдістемелік нұсқау
4 бөлім: Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену.
Оқу мақсаты: 6.2.6.1. Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білу
Сабақтың мақсаты: Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білуге үйрету.
Сабақтың басы.
Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.
- Сабақтың ортасы.
1 тапсырма.
(Т, Ж, ҚБ) Білім алушылармен «Тоғызқұмалақ» ойынынның шығу тарихы бойынша қысқаша ақпарат беріліп, ойынындағы негізгі ережелер қарастырылады. Осыдан кейін «Тоғызқұмалақ» ойынын өткіземін. Ойынның мақсаты – ойыншы өз серіктесіндегі 81 тастан көбірек жеңу болып табылады. Ойыннан кейін олар пайдаланылған тактиканы және ойынды жақсарту бойынша стратегияларды талқылайды.
Ойын ережесін талқылаңыз, жарысқа және ойындағы төрешілікке талдау жасаңыз.
Мұғалімге, оқушылардың ынталарын арттыру үшін, осы зияткерлік ойын туралы қызықты ақпарат беріп, көрсету керектігі ұсынылады. Ойынды өткізу бойынша нұсқаулар алу үшін оқу ресурстарын қараңыз.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Арқан тартыс», «Орамал тастамақ»,«Бәйге», «Аударыспақ», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ», «Қамшы тастау», «Сақина салу», «Тауық күрес», «Хан талапай», «Күн мен түн» т.б.
балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
2 тапсырма.
(Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен таныстырып, «Хан алшы» ойынын өткіземін. «Хан алшы» ойынының мәні – ойлау қабілетін, зейінді, ықыластылық пен бипаздықты дамыту. Бұл ойынға 5 оқушыдан 10 оқушыға дейін қатыса алады. Ойынды ойнау үшін барлық қатысушыларға асық жеткілікті болатындай беріледі. Асықтардың ішінен ең ірісі қызыл түске боялған болады. Бұл асық «хан» болады. Ойын санамақ арқылы жүргізушіні таңдаудан басталады, ол асықтардың барлығын алақанына жинап, шеңбер бойымен отырған ойыншылардың алдына лақтырады, солайша «хан» қай жағымен түскендігін мұқият қарап алады. Егер «хан» «бүк», «шік» немесе «тайқы» түссе, жүргізуші сұқ саусақпен, бас бармақ көмегімен ең жақында жатқан асықтарды атуы керек. Атылған асықтарды жүргізуші өзіне алады. Міндетті шарт — «ханды» «хан» түскен жақпен түскен соңғы қалған асықпен ғана атуға болады. Егер жүргізуші басқа асықтарға қолымен немесе асықпен тиіп кетсе, жүргізуші болып басқа ойыншы таңдалады. Егер «хан» «алшы» болып түссе, әр ойыншы оны атып алуға тырысуы қажет. Солайша, «ханды» кім иеленсе, сол жеңімпаз болады. Келесі ойынды жеңімпаз бастайды.
- Сабақтың соңы.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.
Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Ресурстар:
Үлкен бос кеңістік.Тоғызқұмалақ тақтасы және құмалақтар(әр жұпқа), асықтар, бор.«Тоғызқұмалақ» ойынының ережесіне сілтеме: http://soyle.kz/article/view?id=176Оқыту бейнесі:https://www.youtube.com/watch?v=IwD_8vqU2k0«Хан алшы» интернет ресурсына сілтеме:http://bilimsite.kz/tarbie_sagaty/8831-ulttyk-oyyn-asyl-kazyna.htmlhttps://articlekz.com/article/5852«Хан ату» (11 минут 25 секундтан бастап):https://www.youtube.com/watch?v=zpavGOT2GmMАсық ату мобильді нұсқасын жүктеп алу:https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.KEOLimits.asyk
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?