Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 47 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

4 бөлім: Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену.

Оқу мақсаты: 6.2.5.1. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Сабақтың мақсаты: Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсынуға үйрету.

Сабақтың басы.

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

  • Сабақтың ортасы.

1 тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушылармен «Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі ережелер қарастырылады. Ойыншылар «тоғызқұмалақ» ұлттық зияткерлік ойынын жұп болып ойнамастан бұрын ойынның басын таңдайды.

Тоғызқұмалақта барлық ойындар 3 топқа бөлінеді:

1. Комбинациялық ойын

2. Позициялық ойын

3. Аралас ойын

Бұл 3 бағыт өзіндік ерекшеліктерге ие және түрлі әдістер мен айланы қажет етеді. Сондықтан бұл сабақта «Комбинациялық ойын» қарастырылады.

  • Комбинациялық ойындарда тұздық дебютте ақ құрбандыққа шалынады. Бұл – тұздықты құрбандыққа шалып, ойын соңына дейін тұздық алмай, 82 құмалақты барынша жылдам ұту тәсілі.

Мұғалімге, оқушылардың ынталарын арттыру үшін, осы зияткерлік ойын туралы қызықты ақпарат беріп, көрсету керектігі ұсынылады. Ойынды өткізу бойынша нұсқаулар алу үшін оқу ресурстарын қараңыз.

 Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.

 Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Арқан тартыс», «Орамал тастамақ»,«Бәйге», «Аударыспақ», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ», «Қамшы тастау», «Сақина салу», «Тауық күрес», «Хан талапай», «Күн мен түн» т.б.

балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.

2 тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен таныстырып, «Алшы» ойынын өткіземін. Ойыншыларға бір сақа, 4 кенейден беріледі. Ойыншылар сақасын алып қалып, қалған бір кенейден көнге тігеді.

Оны шыр дейді. Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдалып алынады. Ойыншылар сақада көрсетілген номер кезегімен ойын бастайды.

Сақа болатын асық салмақты, ірі болады. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет.

«Алшы ойынында» 1 алаңға 4 ойыншыдан шығады. Бірінші бала сақасын ешкім көздей алмайтындай жерге алысырақ тастайды. Екінші баланың да, басқасының да солай тастауына болады. Оны «жаттым» дейді. Бірақ тастаған сақа атуға ыңғайлы жатса, кезектегі түптегі қарсылас көздеп атуға құқы бар.

Тигізсе «өлді» дейді. «Өлген» сақаның иесі келесі кезекке дейін ойыннан шығады. Алдыңғы баланың одан да әрі маңында жатқан сақаларды атып «өлтіруге» еркі бар. Болмаса, бір сақаны «өлтіргеннен» кейін, сол жерден «шырды» атып бұзады. Сақасының жұбына қарай құлаған асықтарды жиып алып, енді біртіндеп кенейлерді атады. Жұп түссе – ұтысын алып, ойынды жалғастыра береді. Бөлек түссе, сол жатқан жерінде жатады. Егер сақасы кенейлермен жұп түспей-ақ алшы түссе, ойыншының қайта атуына болады. Тәйке түссе, алыстау басқа жаққа «жатуға» болады. Бұл заңдылық сақаны сақа көздегенде де сақталады. Тимей кетіп, бүгінен не шігінен түссе, сол жерде жатады. Қарсылас ойыншы кезегін алғанда, оны оп-оңай өлтіре салады. Бұл ойында сақаны атып «өлтіріп» не «шыр» бұзып, жұп асықтарды көбірек ұтып, көбірек ұпай жинаған ойыншылар жеңімпаз деп танылады.

«Шыр» түбінде ең соңғы ойыншының сақасы ғана жата алады. Оның пайдасы, қарсыластар сақаларын атып, ұзап кетеді де, «шырға» тигізе алмай қалады. Кезегі келгенде «шырды» бұзып, жұп – асықтарды жиып алады. Ыңғайлы кенейді жақын жатқан сақаға қарай атып жақындап, кенеймен жұп түссе, оның сақасын «өлтіруге» болады. «Шырды» бұзып, бар кенейді ұтқан бала жеңімпаз атанып, ойынды басындағыдай қайта жалғастырады. Кенейі біткендер ойыннан ұтылып шығып қалады. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды.

Ойын алаңда өткізіледі.

Ортаға диаметрі 8 метр шеңбер сызылады. Шеңбердің ортасынан бөле көмбе сызығы сызылады.

Білім алушылармен жекелеген ойыншылардың іс-әрекетін талқылаңыз.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.Тоғызқұмалақ тақтасы және құмалақтар(әр жұпқа), асықтар, бор.«Тоғызқұмалақ» ойынының ережесіне сілтеме: http://soyle.kz/article/view?id=176Оқыту бейнесі:https://www.youtube.com/watch?v=IwD_8vqU2k0Зияткерлік ойындар(ойын тарихы):http://sportwiki.to/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%83%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B«Алшы» ойынына сілтеме (14-16 бет.):http://www.tursport.akmol.kz/public/uploads/pravila_igri_asik.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу