Иінтіректің тепе- теңдік шарты. Физика, 7 сынып, дидактикалық материал.
Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау
Мақсаты: Күш моменттері ережесінің дұрыстығын иіндікті пайдаланып, тәжірибе жүзінде тексеру.
Құрал-жабдықтар: Штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, сызғыш, динамометр.
1-тапсырма. Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:
- Оқулықтағы «Иіндік», «Иіндікке түскен күштердің тепе-теңдігі», «Күш моменттері» туралы материалдарды қайталау;
- Иіндіктің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналасатындай етіп теңгеріңдер;
- Иіндіктің сол айналу білігінен ℓ1 қашықтыққа массаларының қосындысы m1 болатын екі жүк іліңдер. Тәжірибе жасап, иіндіктің оң жағына оны тепе –теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен қандай ℓ2 ара қашықтықта ілуге болатынын анықтаңдар. Алынған мәліметтерді төмендегі кестеге жазыңдар:
№ | Масса, m1(г) | Иін, ℓ1(см) | Күш, F1 (Н) | Күш моменті, М1 (Н·м) | Масса, m 2 (г) | Иін, ℓ2(см) | Күш, F2 (Н) | Күш моменті, М2 (Н·м) |
1 |
- М1 және М2 күш моменттерін салыстыра отырып, алынған эксперимент нәтижелерінің күш моменттер ережесінен қаншылықты ауытқитындығын анықтаңдар. Ауытқуды анықтау үшін күш моменттерінің айырымын (М1-М2) олардың орташа мәніне бөлу керек:
Ауытқу= (М1-М2): (М1+М2)/2·100%
2-тапсырма. Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:
- Біліктің екі жағындағы кез келген ілгекке әр түрлі жүкті іле отырып, иіндікті тепе-теңдік күйге келтіріңдер;
- Иіндікті сағат тілінің бағытында айналдыратын күштердің күш моменттерінің қосындысын табыңдар:
Моң= М1+М2+...+Мn;
- Иіндікті сағат тіліне кері бағытта айналдыратын күштердің күш моментттерінің қосындысын анықтаңдар;
Мсол= М1+М2+...+Мк;
- Оң және теріс күш моменттерін салыстыра отырып, тәжірибеде
алынған нәтижелердің моменттер ережесіне сәйкестігін көрсетіңдер.
- Қорытындылау.
- Бағалау.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?