Механикалық жұмыс және куат. Механикалық жұмыс және куат. Есеп шығару. Физика, 7 сынып, дидактикалық материал.


Пән физика

Сынып 7

Оқу бағдарламасына сілтеме

Бөлім 7.В: Қатты заттардағы, сұйықтардағы және газдардағы қысым

Бөлім 7.С:Жұмыс және қуат

7.2.3.1 механикалық жұмыстын физикалық мағынасын түсіну

7.2.3.2 қуаттың физикалық мағынасын түсіну

7.2.3.3 A=Fs, N=A/t, N=FV формулалары бойынша механикалық жұмыс пен қуатты есептеу;

        • газ қысымы бейберекет қозғалатын молекулалардың соқтығысуларына негізделенетінін түсіндіруі

1.Төмендегі жағдайлардың қайсысында ауырлық күші механикалық жұмыс атқаратынын түсіндір.

1-сурет 2-сурет 3-сурет

2.Айдын Айымбетов космоста салмақсыздық күйде өзіне қажет құралды көтерген кезде механикалық жұмыс жасалынады ма? Жауаптарыңды түсіндір.( жұмыс жасалу үшін денеге күш түсіп, күш әсерінен дене орын ауыстыру қажет)

3.Неліктен екпін ала бастағанда автомобильдің қуаты оның бірқалыпты қозғалғандыға қарағанда қуаты жоғары екенін түсіндір.

4.Ат арбаны 3м/с жылдамдықпен 100 Н күш түсіре отырып тартса оның қуатын есептеңдер.

5.Бақа және шегіртке сияқты жәндіктердің қуатын бағалау үшін төмендегі тұжырымдардың қайсысы қажет екендігін таңда. (Бірнеше жауап дұрыс болу мүмкін)

А.Олардың массаларын білу керек

В.Олардың көтерілу биіктігін

С.Олардың жылдамдықтарын

D.Қозғалыс уақытын

Е.Ауа температурасын.

6.Паскаль заңын пайдалан отырып неліктен тіс пастасын құтыдан ( тюбик) сығып шығару оңай екенін түсіндіріңдер

7.Неліктен қыстың күні бөлмеден сыртқа шығарған доп нашар үрленген болып қалады. Дұрыс тұжырымды анықтаңдар. (Дұрыс жауап біреу)

А. Доп жасалған материал төменгі температурада қатады.

В.Доп ішіндегі ауа төменгі температурада барлық бағытта доп қабырғасына түсіретін қысымы азаяды.

С.Доптың тесігі болуы мүмкін.

D.Допқа сыртынан ауаның түсіретін және допқа ауаның түсіретін қысымы теңеседі.

Бағалау критериі:

Дескрипторлар

Қуат және жұмыс ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіреді

Қуаттың физикалық мағынасын біледі

Қуат және жұмыстың формуласын қолданып есеп шығарады

Әр түрлі денелердің қуатын салыстырады

Газ қысымы газ молекуласының бей-берекет қозғалысы салдарынан болатынын түсіндіреді

Паскаль заңы негізінде физикалық құбылысқа сипаттама береді

Газ қысымын негізінде құбылысқа сипаттама береді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу