Механикалық жұмыс. Қуат. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мектеп атауы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

3 тоқсан

ТАНЫСТЫ

ӘБ жетекшісі:

____________________

« »______20__ж.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3С Жұмыс және қуат

Сабақ тақырыбы

Механикалық жұмыс. Қуат

Сабақта іске асатын оқу мақсаты

7.2.3.1 – Механикалық жұмыстың физикалық мағынасын түсіну;

7.2.3.2 – Қуаттың физикалық мағынасын түсіну

7.2.3.3формулалары бойынша механикалық жұмыс пен қуатты есептеу

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Механикалық жұмыстың физикалық мағынасын түсінеді;
  • Механикалық жұмыстың орындалу шарттарын біледі;
  • Механикалық жұмыстың формуласын есептер шығаруда қолданады.
  • Қуаттың физикалық мағынасын түсінеді;
  • Қуаттың және жұмыстың формулаларын есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қазақша

Русский

English

Күш

Сила

Force

Орын ауыстыру

Перемещение

Механикалық жұмыс

Механическая работа

Mechanic work

Қуат

Мощность

Power

Уақыт

Время

Time

Жылдамдық

Скорость

Velocity

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Егер ... болса, онда механикалық жұмыс жасалады;

Қуат ... өлшенеді, ал жұмыс .... өлшенеді;

Қуат ... ретінде сипатталады.

Құндылықтар

Сыйластық қасиеттерін дамыту (бір-бірінің ойын тыңдау);

Ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында);

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Әлемдік автокөліктердің қуаты ат күші арқылы өлшенеді.

Өмірмен байланыс

Стадионда бір айналым жасап жүгірген спортшы механикалық жұмыс жасамайды.

Пәнаралық байланыс

математика

Алдыңғы білім

Дене қозғалысы. Күш түрлерін

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

1сабақ

1-5 мин

(W)Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға сабақ тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады..

(W) Қайталау тапсырмасы.

  • Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?
  • Орын ауыстыру дегеніміз не?
  • Орын ауыстыру мен жолдың айырмашылығы қандай?
  • Бірқалыпты қозғалыс кезінде орын ауыстыру қалай анықталады?
  • Күш дегеніміз не? Қандай түрлері бар?

Бағалау: Мұғалім оқушыларды формативті бағалайды. Бағыттап отырады. Ұсыныс айту арқылы оқушыларға кері байланыс береді.

презентация

6-12 мин

13-19 мин

38-40 мин

(Р) Жаңа білім.

Күнделікті өмірімізде жұмыс ұғымын жиі естиміз. Алайда физиологиялық жұмыстың физикадағы (механикалық) жұмыстан айырмашылығын аңғара алуымыз қажет.

Сабақтан кейін сіз «Мен бүгін көп жұмыс жасадым!» десеңіз, бұл – физиологиялық жұмыс болады.

Егер сіз бір нәрсенің орнын қозғалту кезінде оған күш түсірсеңіз, бұл – механикалық жұмыс болып саналады.

Денеге түсірілген күш нәтижесінде, дене өзінің орнын өзгертсе, осы дене механикалық жұмыс жасайды.

  • Механикалық жұмыс деп денеге әрекет ететін күштің осы күш нәтижесінде ауыстырған орнына көбейтіндісін сипаттайтын скаляр шаманы айтамыз.

А – механикалық жұмыс

F денеге түсірілген күш

s орын ауыстыру

ХБЖ-дегі жұмыстың өлшем бірлігі 1 Н күш әрекеті нәтижесінде

1 м-ге орын ауыстырған дененің атқарған жұмысы 1 Дж (джоуль)-ге тең

Механикалық жұмыс жасаудың шарттары

  • Денеге белгілі бір күш әрекет етуі қажет;
  • Осы күш әрекетінен дене орнын ауыстыруы қажет;
  • Түсірілген күш бағыты, қозғалыс бағытына перпендикуляр болмауы қажет.

Егер аталған шарттардың кез келген біреуі орындалмаса, механикалық жұмыс нөлге тең болады!

Проблемалық жағдаяттар:

  • Пианиноны орнынан қозғалту мақсатында, біз оған күш түсіре отырып итердік, бірақ ол орнын өзгерткен жоқ. Осы жағдайда жұмыс жасалады ма? (жоқ, себебі орын ауыстыру жоқ)
  • Ракеткамен соқтығысқаннан кейін теннис добы ұшты. Ұшу кезінде доп механикалық жұмыс жасайды ма? (жоқ, себебі доп инерция әрекетінен қозғалды)
  • Қай жағдайда механикалық жұмыс атқарылады? (Тек 3 жағдайда)

Механикалық жұмыс мәні:

  • Егер денеге түсірілген күш бағыты қозғалыс бағытымен сәйкес келсе, онда оң жұмыс жасалады

 

  • Егер денеге түсірілген күш бағыты қозғалыс бағытымен қарама-қарсы келсе, онда теріс жұмыс жасалады

 

  • Егер денеге түсірілген күш бағыты қозғалыс бағытымен перпендикуляр болса, онда жұмыс жасалмайды

 

Осы жағдайларға байланысты оқушылардан әртүрлі күштердің атқаратын жұмысының мәні қандай болатынына талдап жасап кету қажет

Есептер шығару (1-6)

Дескрипторы:

  • Есептің қысқаша берілгенін жазады;
  • Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді;
  • Қажетті формуланы қолданады;
  • Математикалық түрлендірулер мен есептеулер жүргізеді;
  • Есептің жауабын көрсетеді.

Бағалау: Оқушылар дайын жауабы бойынша өзара (жұптық) бағалау жұмысын жүзеге асырады.

Қортындылау және кері байланыс

Рефлексия

презентация

Презентация

(Слайд 14-19)

2 сабақ

1-3 мин

(W) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға сабақ тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

презентация

4-7 мин

8-18 мин

(W) Проблемалық жағдаят:

Бірдей жұмысты қайсысы тез орындайды?

Күтілетін жауап: Жұмыс техниканың көмегімен тезірек жасалады.

Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама – қуат деп аталады.

Қуат бірлік уақыттағы дененің жасаған жұмысын сипаттайтын скаляр шама.

Nқуат, [Вт] – Ватт

(Р) Қуаттың формуласын түрлендіріңіз

Дескрипторы:

  • Бос орындарды толтырады.

Есептер шығару

Дескрипторлары:

  • Есептің қысқаша берілгенін жазады;
  • Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді;
  • Қажетті формуланы қолданады;
  • Математикалық түрлендірулер мен есептеулерді орындайды;
  • Жауабын көрсетеді.

Бағалау: мұғалім есеп шығару барысында оқушыларға бағыт беріп отырады;

Дифференциация: тапсырмаларды жылдам орындаған оқушыларға мұғалім қосымша тапсырмаларды бере алады

Презентация

19-20 мин

Рефлексия

Өз жұмысыңызға баға беріңіз

  • ..... тақырып бойынша жұмысым сәтті болды.
  • .... тақырып бойынша әлі де жұмыс жасауым қажет.
  • Қиындық тудырғаны ...

презентация

Үйге тапсырма

Механикалық жұмыс пен қуат бойынша материалды қайталау

Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау

Қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулық жүргізіледі. Оқушылар танысқандығы туралы белгі қалдырады

Қорытынды бағалау

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу