Қатынас ыдыстар. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қатты дене, сұйық және газ қысымы

Мектеп: НЗМ ФМН Талдықорған қ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Султанова И.А.

Сынып: 7

 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қатынас ыдыстар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Қатынас ыдыстардың анықтамасын, олардағы біртекті және әртекті сұйық құйылғанда сұйықтардың деңгейін сипаттай алу

 Сабақ мақсаттары

Қатынас ыдыстарға мысалдар келтіре алу;

Қатынас ыдыстардың қандай қондырғыларда пайдаланатынын білу.

 Жетістік критерийлері

Қатынас ыдыстарға мысалдар келтіре алу;

Қатынас ыдыстардың қандай қондырғыларда пайдаланатынын білу.

 Тілдік мақсаттар

 

Диалогқа/жазуға қажетті сөз Тіркестері

Сұйықтардағы қысым ….

Газдардағы қысым……

Кысым артады /азаяды …

Газдар туралы айтқанда (менің ойымша) қысым үлкенірек/кішірек бола алады …

Қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы ……

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Тақырыпқа қатысты атақты ғалымдардың еңбектерін, заңдылықтарын, ашқан жаңалықтарын ескере отырып, оқушылардың көшбасшылық дағдыларын дамыту. Оқушылардың интеллектуалдық дағдыларын дамыту үшін, деңгейі жоғары, сапалық есептер шығару. Ынтымақтастық орта құру, академиялық адалдыққа үйрету.

 Пәнаралық байланыстар

Математика

 АКТ қолдану дағдылары

Жоспарланған жоқ

Бастапқы білім

Қатты денелердегі, сұйықтардағы, газдардағы қысым. Гидравликалық пресс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-15 мин

Ұйымдастыру.

Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру.

Газдардың қатты денелер мен сұйықтардан өзгеше қандай қасиеттері бар?

Газдың барлық бағытта бірдей қысым түсіретіні неден байқалады?

Гидравликалық престің құрылысы қандай?

Қатты дене қысымды қалай жеткізеді?

Паскаль заңы қалай айтылады?

Қысымды арттырып немесе кемітуге болады ма?

Миға шабуыл

Шәугімдердің, су құйғыштардың суретін көрсету арқылы сабақтың мақсаттарына келу.

Мұғалім:

Сабақтың ОМ мен сабақтың тақырыбын таныстырады.

Слайд 1

Слайд 2,3

Сабақтың ортасы

15-20 мин

20-25 мин

25-30 мин

30-40 мин

40-50 мин

50-60 мин

60-75 мин

Мұғалім:

Қатынас ыдыстардың қасеттерінің ғылыми ашылуының тарихына қысқаша шолу жасайды.

Оқушылар: негізгі ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады.

Мұғалім:

Проблемалық сұрақ қою:

Берілген ыдыстардың қандай ұқсастықтары бар?

Оқушылар: сыныппен талқылай отырып, берілген сұраққа өз ойларымен бөлісе отырып жауап береді.

Мұғалім:

Дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтап, қиындық туғызған оқушылардың жауаптарына түзетулер енгізеді.

Мұғалім:

Қатынас ыдыстардың анықтамасын береді.

Оқушылар: негізгі ақпаратты дәптерлеріне жазып алады.

Тәжірибе көрсету.

Мұғалім:

Екі шыны түтікшені алып, резина түтікше арқылы жалғайды. Егер резина түтікшені ортасынан қысып ұстап, бір түтікшеге су құйып, одан кейін резина түтікшені ашып тастаса, не болады?

Оқушылар:

Сыныппен талқылай отырып, өз ойларымен бөліседі.

Мұғалім:

Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады.

Оқушылар: негізгі ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады.

Мұғалім:

Егер қатынас ыдыстарға тығыздықтары әр түрлі сұйықтықтар құйса, онда сұйықтық деңгейлері қандай болады?

Оқушылар:

Сұйықтық деңгейлері әр түрлі болады.

Мұғалім:

Қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады.

Оқушылар:

Негізгі ақпаратты дәптерлеріне жазып алады.

Мұғалім:

Оң жақтан және сол жақтан түсетін қысымдардың теңдігі p1 = p2 тепе теңдік шарты болып табылатынын ескерсек, болып шығады. Осыдан,

h1/h2= өрнегін аламыз.

Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.

Оқушылар:

Негізгі ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады.

Оқушылар:

Қатынас ыдыстардың тұрмыста, техникада қолданысына интернет желісін қолдана отырып, ақпараттар іздестіреді. Негізгі ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады.

Оқушылар:

Бекіту тапсырмаларын орындайды. Өзара бағалау.

Слайд 4

Слайд 5

Шыны екі түтікше, резиналы түтікше, су, май.

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Ұялы телефондар

Үлестірмелі, қосымша материал

Сабақтың соңы

75-80 мин

Қорытындылау.

Оқушылардан кері байланыс алу (ет тұрағыш, чемодан, қоқыс салатын шелек)

Үйге тапсырма беру:

Параграф 48 оқу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар қасындағы түсінбеген оқушыларға көмек көрсетеді, түсіндіреді.

Оқушылардын кері байланысы. Тапсырмалар орындайдағы оқушылардың белсенділігі, өзара бағалау.

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау. Көзге жаттығу жасау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу