Тығыздықты есептеу. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А Тығыздық

Мектеп: Павлодар ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Муғраж М

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тығыздықты есептеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.4 тығыздықтың анықтамасын білу және тығыздық = масса / көлем формуласы бойынша есеп жүргізу;

7.1.1.3- туынды өлшем бірліктер мен негізгі ХБЖ бірліктерді ажырату;

Сабақ мақсаттары

  • Тығыздықтың физикалық мағынасын түсінеді;
  • Тығыздық, масса, көлем арасындағы байлысты түсіндіре алады;
  • Тығыздықтың өлшем біріліктерін біліп, оны ХБЖ айналдырады;
  • Тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Барлық оқушылар:

  • Тығыздықтың физикалық мағынасын түсінеді;
  • Тығыздық, масса, көлем арасындағы байлысты түсіндіре алады;
  • Тығыздықтың өлшем біріліктерін біліп, оны ХБЖ айналдырады;
  • Қарапайым есептеулерде тығыздықтың формуласын қолдана алады.

Көпшілік оқушылар:

-Орташа деңгейдегі есептерді шығара алады;

- Пікірталаста өз ойын қорғай алады;

Кейбір оқушылар:

  • Күрделі есептерді шығара алады;
  • Есептеулерді дұрыс орындайды.

Тілдік  мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Көлем, масса, тығыздық.

Диалогқа/жазуға қажетті сөзтіркестері:

Заттың тығыздығы тура пропорционал...

Заттың тығыздығы кері пропорционал...

Тығыздықтың өлшем бірлігі...

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық:

  • Мұғалім сабақта психологиялық жағымды орта туғызады;;
  • Мұғалім мен оқушылар бірігіп топпен жұмыс істеудің мақсаттарын, ережелерін және критерилерін анықтайды

Академиялық адалдық және айқындық:

  • Мұғалім және оқушылар өздерін, бір-бірін, топты ашық бағалайды, бағыны негіздейді, кері байланыс жасайды

Өмір бойы оқу:

  • Тақырып, тарауды оқытудың, оқу жоспарының бірізділігін сақтайды.

Пәнаралық байланыстар

Математика (формуланы түрлендіру)

Химия (заттардың құрылысы)

АКТ қолданудағдылары

https://phet.colorado.edu/sims/density-and-buoyancy/density_en.html

Бастапқыбілім

Пропорция, сандарды стандарт түрде жазу

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

2 мин

5 мин

5 мин

5 мин

15 мин

11 мин

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялау

Алдыңғы білімдерін жаңғырту

Оқушылар фронтальді түрде келесі сұрақтарға жауап береді.

  • Тығыздық, масса, көлем арасындағы байланыс;
  • Тығыздықтың өлшем бірліктері;
  • Зат тығыздығының заттың молекулалық құрылысынан тәуелділігі;
  • Тығыздықтың формуласы және түрленуі.

Кері байланыс.

Дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтау, қолпаштау, дұрыс жауап бермесе жетекші сұрақ қою немесе басқаға бағыттау.

Салыстыру тапсырмасы.

Оқушылар өздігінен сурет бойынша заттардың тығыздықтарын салыстырады. Сәйкесінше дұрыс теңсіздік белгілерін

жазады.

𝝆1 𝝆2

𝝆1 𝝆2

𝝆1 𝝆2

𝝆1 𝝆2

Жұппен отырған оқушылар бір-бірімен алмасып, тексереді. Дұрыс жауаптары интербелсенді тақтада беріледі.

Тығыздықтың өлшем бірлігін ХБЖ айналдыру тапсырмасы

Жеке жұмыс. Тығыздықтың өлшем бірлерін ХБЖ айналдырып, стандарт түрде жазыңыз.

=

Тақтаға үш оқушыдан шығып, өз жауаптарын жазады. Сыныптағы оқушылар жауаптарын салыстырып, дұрыс жазады.

Жеке жұмыс. Деңгейлік есептерді оқушылар шығады.

А1) Ішіне 50 т мұнай сиятын болуы үшін цистернаның көлемі қандай болуы керек? А2) Ұзындығы 30 см, ені 20 см аквариумның 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын табыңыздар. ( ρ= 1000

В3) Графикте үш әртүрлі денелердің массаларының көлемдеріне тәуелділік сызықтары берілген. Бұлардың тығыздықтары қалай дұрыс орналасады?

В4) Суретте көрсетілген дененің массасын анықта. Өлшемдері мм -мен көрсетілген.Жауабынды бүтін санымен грамм жаз. (ρ=2,7 г/см3)

С5) Иттің пішіні мыс пен қалайыдан жасалған. Егер қоспаның 1/3-і мыс (көлемі бойынша) және 2/3 –сі қалайы болса, онда оның орташа тығыздығы қанша? Мыстың тығыздығы = 8,9 г/см3, қалайының тығыздығы=7,3 г/см3.

Тест тапсырмасы

Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Тест тапсырмаларын орындайды.

№1: Төменде берілген қандай формула заттың тығыздығын анықтауға арналған

А)  

C)   E)

B)  

D)  

№2: Төменде берілген тұжырымдардың қайсысы ақиқат: Заттың тығыздығы бұл -

А) физикалық құбылыс

D) дененің массасын анықтайтын шама

B) физикалық дене

E) қандай да бірлік көлемде дененің массасын анықтайтын шама

C) дененің көлемін анықтайтын шама

№3: №3: Төменде берілген заттардың қайсыларының тығыздығы бірдей?

А) су мен керосин;

D) спирт пен сынап;

B) су мен мұнай;

E) мұнай мен спирт.

C) керосин мен спирт;

№4: Төменде берілген тығыздықтарды кему ретімен орналастырыңыздар: ; ;;

А) 123

D) 3,1,2

B) 213

E) 13 ,2

C) 3 ,2,1

№5:Массасы 35 т бензин, 50 м3 көлемді алады. Бензиннің тығыздығын анықта?

А) 700г/см3

D) 70 г/см3

B) 17,5 г/см3

E) 1,75 г/см3

C) 0,7 г/см3

Презентация

(слайд 1-3)

(Слайд 4-10)

Үлестірмелі қағаз 1

Үлестірмелі қағаз 2

Слайд 11

Үлестірмелі қағаз 3

Үлестірмелі қағаз 4

Үлестірмелі қағаз 5

2 мин

Рефлексия. «Бес жол өлең»

Зат есім ( 1 сөз)

Сын есім (2 сөз )

Етістік (2 сөз )

Сөйлем (4 сөз )

Зат есім (Синоним)

Үй тапсырмасы 7 сынып есептер жинағы 308,313

7 сынып есептер жинағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Тығыздықтың физикалық мағынасын түсінеді;

Тығыздық, масса, көлем арасындағы байлысты түсіндіре алады;

Тығыздықтың өлшем біріліктерін біліп, оны ХБЖ айналдырады;

Қарапайым есептеулерде тығыздықтың формуласын қолдана алады.

Көпшілік оқушылар:

Орташа деңгейдегі есептерді шығара алады;

Пікірталаста өз ойын қорғай алады;

Кейбір оқушылар:

Күрделі есептерді шығара алады;

Есептеулерді дұрыс орындайды.

Өзіндік бағалау;

Жұптық бағалау;

Формальді емес бағалау;

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары қолжетімді. Тапсырмалар оқушылардың оқу мақсатына жетуіне негізделген. Уақыт кезеңдері ескерілген. Деңгейлік тапсырмалар құрылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Алдыңғы білімдерін жаңғырту кезеңі;

2: Сурет арқылы берілген салыстыру тапсырмасы;

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Бейнематериалдар ұсыну;

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Оқушылардың есептеу амалдарында қателесуі. Оқушылармен алдын-ала есептеулерде қолданылатын математикалық формулаларды қайталау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу