Заттың тығыздығын есептеу. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Күні: | Мектеп: | |
Сынып: 7 | Оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
Мұғалім: |
Сабақ тақырыбы: | Заттың тығыздығын есептеу | ||||||
Сабақ түрі: | Өтілген тақырып бойынша дағдыларды бекіту | ||||||
Сабақтың оқу мақсаттары: |
| ||||||
Сабақтың міндеттері: |
| ||||||
Бағалау критериялары |
| ||||||
Құндылықтарды дарыту: |
| ||||||
Тілдік мақсаттар: | Алынған білім негізінде оқушылар масса, көлем, тығыздық ұғымдарын ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.
Арнайы пәндік лексикалық терминология: масса, көлем, тығыздық, мензурка, таразы, жүктер, ареометр. Диалогқа қажетті тіркестер: Әр түрлі заттың тығыздығы (массасы) әр түрлі болады. Тығыздық заттың 1м3 (немесе 1см3) көлемінде қанша масса бар екендігін көрсетеді. Тығыздық – дене массасының көлеміне қатынасына тең физикалық шама. | ||||||
Пәнаралық байланыс: |
| ||||||
Алдыңғы білім: |
| ||||||
Жоспар | |||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
0-2 мин. 3-10 мин. | (Т) ұйымдастыр кезеңі. Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім оқушыларды сабақ мақсаттармен таныстырады. (Т/D) Өткен сабақ материалдарын қайталау мақсатында диктант өткізіледі. Әрбір оқушыға жеке ЖАДА (жақын арадағы даму аймағы) орнатылады. Сыныптастарының тақтада орындаған тапсырмаларының жауаптарымен салыстыра отырып оқушылар өздігінен тексеру жүргізеді. Физикалық диктант
| Тақта, бор | |||||
11-15 мин. 16-20 мин. | (Т) Өткен тақырыпты қайталау. Масса мен көлем бірліктерін ХБЖ келтіру дағдыларын дамыту мақсатында жүргізіледі. Масса, көлем және тығыздықты байланыстыратын формулалар тақтаның бір бөлігіне жазылады. Есеп шығару барысында оқушылар оған қарай алады. Немесе үлкен тлакатқа жазып қоюға болады. Есептерді шығарғанда алдымен ХБЖ келтіруді ұмытпайық! Сондықтан ХБЖ келтірудің күрделі мысалдарын қарастырайық 1 см3 – метр кубтың миллионнан бір бөлігі, сондықтан 1 дм3 - метр кубтың мыңнан бір бөлігі, сондықтан Көлемнің 1 литр деген өлшем бірлігі де бар. Бұл бірлік ХБЖ жатпайды. Сондықтан оны метр кубқа айналдырамыз. Масса туралы да ұмытпайық: Ұмытпаңыз: Килограмм- бұл массаның өлшем бірлігі, массаны m әрпімен белгілейді. Метр куб – бұл көлемнің өлшем бірлігі, көлеммді V әрпімен белгілейді. Килограмм/метр куб – бұл тығыздықтың өлшем бірлігі, тығыздықты ρ әрпімен белгілейді. (G) 1. Бөлім. Сапалық есептер шығару. Тығыздық түсінігін нығайту және кестемен жұмыс жасау дағдыларын дамыту мақсатында бұл тапсырмалар ауызша орындалады. Оқушы ауызша жауап береді, сыныптастары оны толықтыра алады. Бұл оқушылардың бойында жауапкершілік және толеранттылық сезімдерін дамытады. Сапалық есептерді шығару
Темірдің көлемі үлкен, себебі темірдің тығыздығы қорғасыннан аз.
Су, оның тығыздығы керосиндікінен көп.
Детальдің көлемі артады, тығыздығы кемиді, ал массасы өзгермейді. | ||||||
21-35 мин. | (G) 2. Сандық есептер шығару. Мұғалім әрбір оқушының жұмысын қадағалайды, бір оқушы тақтада орындайды. Мұғалім есеп шартының қысқаша жазылуын, бақылайды, шығару барысында қиындық туындаса сұрақтар қою арқылы есептің шартын түсінуге ықпал жасайды, сөйтіп олардың есеп шартына талдау жасау дағдыларын дамытады. 1. Көртышқан – алақандары үлкен сыртқа иілген кішкентай аң. Ұзындығы 10 – 15 см және массасы 100 г, ол жылына 1 га қайыңды орманның 10 т топырағын қазып шығарады. Ол жылына тығыздығы 2000 кг/м3 топырақтың қанша көлемін өңдейді?
Жауабы: 5м3 2. Кәдімгі сиыр жылына 3–5 мың литр сүт береді, ал сүтті сиырлар 20 мың литрге дейін сүт береді. 1941 жылы тәулігіне 82,15 л сүт берген сиыр рекордқа енді. Осы сиырдың бір тәулікте берген сүтінің массасын анықтаңыз. Сүттің тығыздығы 1 028 кг/м3.
Жауабы: 84,45 кг 3. Егер сыйымдылығы 35 литр ыдысқа 63 кг күкірт қышқылы сиятын болса, қышқылдың тығыздығын анықтаңыз. 4. Массасы 146 г қалайы кесегінің көлемін анықтаңыз. 5. Көлемі 15 дм3 шыны пластинаның массасы қандай болады? 6. Массасы 949 г металл детальдің көлемі 130 дм3. Бұл қандай металл? Есептің сұрағына жауап беру үшін осы заттың тығыздығын есептеп оны кестедегі тығыздықтармен салыстыра отырып, қандай затқа сай келетінін анықтаңыз. 7. Шойын шардың массасы, ал көлемі 10 дм3. Бұл шардың іші тұтас па, әлде қуыс па? Тұтас шар деген толық шойыннан жасалады, оның тығыздығы кестедегі шойынның тығыздығына тең болады. Егер шар ішінде бос орын болса, бұндай шар қуыс деп аталады. Бұл жағдайда шардың тығыздығы кестедегі шойынның тығыздығынан аз болуы керек, себебі бостықты ауа толтырады. Ал ауаның тығыздығы аз. Формуланы қолданып тығыздықты есептеп, кестелік мәнмен салыстырамыз. 8. Шойын плитаның массасы - 64 кг. Өлшемдері дәл осындай болатын мәрмәр плитаның массасы қандай болады? Егер есеп шартын мұқият оқысақ шойын плитаның көлемі мәрмәр плитаның көлеміне тең: Vш = Vм Үлгерімі жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар. Бұл туралы мәтінде жазылмайды. 9. Керосині бар бөтелкенің массасы 4 кг. Бос бөтелкенің массасы 400 г. Бұл бөтелкеге қандай массадағы су сияр еді? Назар аударыңыз: бөтелке көлемі = бөтелке толған керосин көлемі = бөтелке толған су көлемі. Осы көлемдердің бірін білу жеткілікті! 10. Сүт таситын машинаның цистернасының сыйымдылығы 10 м3. Массасы 30 тонна сүтті тасу үшін машина неше рейс жасау керек? 11. Құрылыс алаңына машина 400 м3 құм әкелді. Барлық құмды тасу үшін машина 50 рет барып келген болса, машина бір жолда қанша жүк көтере алады? 12. Қарағай тақтайлар платформаға тиелген және массасы 12 тонна. Бір тақтайдың көлемі 500 х 20 х 10 (см3) болса, платформада неше тақтай бар?
| Тапсырма парақтары | |||||
2 мин. 3 мин. | Үй тапсырмасы: Қайталау Р. Башарулы, §31-33, оқу. Рефлексия: 6. Сабақ қорытыныдысы: – Сабақта не ұнады? – Қандай тақырыпты қайталадық? – Қандай құралдармен жұмыс жасадық? – таразының көмегімен қызанақ пен қиярдың салмағын анықтай аласыз ба? – Мензурканың көмегімен көлемді анықтай аласыз ба?? – Қандай сұрақтарыңыз бар? Сабаққа қатысқаныңызға рахмет! |
Қосымша ақпарат
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Барлық оқушылар білуі қажет: Масса, көлем, тығыздық ұғымдарын білу. Есептің қысқаша шартын жазу. Оқушылардың көбі білуі қажет: Есептің шығарылу жолын түсіндіру, дұрыс формуланы қолдану. Бірліктерді ХБЖ келтіру, тығыздықты есептеу.. Кейбір оқушылар білуі қажет: Интерпретировать условие задач и применять знания в новой ситуации. Правильно рассчитывать плотность и давать оценку полученного результата, и переводить единицы измерения в СИ. |
| |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Оқушылар физиквлық есепті рәсімдеу дағдыларын дамытты, көлем мен тығыздық бірліктерін ХБЖ келтіруді үйренді. Тығыздықты тәжірибеде өлшеу дағыдаларын көрсетті. Сабақта ынтымақтастық атмосферасы болды. Дифференциация жақсы жолға қойылған, уақыт ұтымды пайдаланылды. 6 есептен кейін үзіліс жарияланып, саусақтар жаттығуы жасалды. | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сапалық есептерді шығарудан сандық есептерді шағаруға көшу, яғни іс әрекет түрін өзгерту. 2: Формулаларды есте сақтау. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Бірінші есепте нақты мәліметтер келтірілген. Бұл оқушылардың қызығушылығын туғызды. 2: Әрбір шығарылған есепке байланысты оқушылармен жүргізілген кері байланыс оқушылардың тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?