Шығармашылық жұмысты орындау. Сәндеу мен безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары №6

Тарау 1: ұзақ мерзімді жоспардан

Сәндік қолданбалы өнер

күні:

Мектеп:

Мұғалім:

Класс: 9

Сабаққа қатысқандар

Қатыспағандар

саны:

Сабақ тақырыбы: №6

Шығармашылық жұмысты орындау. Сәндеу мен безендіру.

Оқу мақсаты

9.2.1.1 мазмұнды және ерекше туындылар орындау үшін өнердің көркем құралдарын өз бетінше қолдану.

9.2.3.3шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану.

Сабақ мақсаты

  • Тоқуға арналған өнімдерге қолданылатын нақты иірілген жіптің сапасымен ерекшеліктерін қарастыру.
  • Тоқуға арналған жіпті негізге кернеп, қазақ ұлтының мәдениет элементтерімен байланыстыру.

Бағалау критериі

  • Қазақтың тоқыма бұйымдарының түрлі жіптердің типтері мен түрлерін анықтау.
  • Негізгі керме жіптің тоқыма өнеріндегі мақсатын түсінеді.
  • Негізгі керме жіпті байлаудың жолын көрсетеді.
  • Ұқыптылық
  • Техникалық қауіпсіздікті сақтау.

Тіл мақсаты

Оқушылар:

Қазақ мәдениетін қолданбалы өнер туындыларын басқа мәдениеттердің жұмыстарымен салыстыру;

• зерттелген ақпараттың белгілі бір аспектілері арасындағы өзара қарым-қатынастың технологиялық әдістерін және әдістерін түсіндіру;

• өз зерттеулеріне түсініктеме беру және өнер туындыларының ерекшеліктерін сипаттау (сөйлеу қабілеті);

• сәндік композицияның, көркемдік және эстетикалық шешімдердің ерекшеліктерін атаңыз.

Құндылықтарды білу

Ұлттық мәдениеттердің ортақ байланысын түсіне отырып,мәдени құндылықтарды ескеріп,достық қарым қатынасты ұстану және шығармашылық жұмыстарына байланыстыру.

Пәнаралық байланыс

Тақырыптар бойынша теориялық білімді қолдану: өнер және технология.

 АКТ ны қолдану

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу

 Алдыңғы білім

Өнер сабағы және қолөнер пәндері бойынша алынған білімдер мен дағдыларға негізделген. Оқушылар сәндік өнімді жасау үшін өздерінің алдыңғы зерттелген білімдерін сүене отырып, қолдана алады.

Ход урока

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақ барысында орындалатын жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(С). Талқылауға арналған сұрақтар.

  • Қолмен тоқуға қандай материалдар мен құралдар қолданылады?
  • Неге олар тоқыма бұйымдары шетіне қарай қысқарады?
  • Бір түстен екінші түске қалай біртіндеп өтуді қалай жасауға болады?

1 сабақ

 5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 20 минут

 

 

 

Сабақ мақсаты 1. 1.Тоқуға арналған өнімдерге қолданылатын нақты иірілген жіптің сапасымен ерекшеліктерін қарастыру

(Ж) (Т) Талқылауға арналған сұрақтар.

Оқушылармен тоқу үшін жіптің әртүрлі қалыңдықтары мен түрлерін қарастыру.

  • Тоқыма бұйымдарға қандай жіп таңдау керек?
  • Жіптің қалыңдығы өнімнің сапасына қалай әсер етеді?
  • Жіптерді түс үлгісіне қалай сәйкестендіруге болады?
  • Қазақ халқының қызыл түс пен қиық пішіндегі ою гүлі нені білдіреді?

(мысалы, кілемде ромб түріндегі гүл үлгісі түркі аймағының барлық халықтарында кездеседі Қызыл түсті реңктерге бейімділік ретінде қызылсарыдан қанық қызылға одан күрең қызылға өтуі. Қызыл түс ұлттық шеберлердің сүйікті түсі ретінде есептеледі ол(отты, күнді, көз тиюден жояды және зұлым рухтардан қорғайды.)деп есептелді.

  • Қазақстандық колөнершілердің таңдалған сурет пен түстің байланысы өнімнің көркемдік ерекшелігін қалай әсерлетеді?

Сабақ мақсаты 2: Тоқуға арналған жіпті негізге кернеп, қазақ ұлтының мәдениет элементтерімен байланыстыру.

(Ж) Орындау кезеңдері.

Оқушылар алдыңғы зерттеулердегі жазба жұмыстарына қарап,жіпті қалай керудің жолдарын немесе сайттардағы ұсынылатын видео материалдарды көруге болады.

 .

 

Оқушыларға арқау жіптерін рамаға қалай керудің бірнеше жолдарын көрсетіңіз.

Өріс -- көлденең жіптер басты жіптермен байланысады.

Арқау  — тігінен (вертикалды) бір –біріне параллельді орналасқан жіптер. Өріс пен арқау байланысып тоқылғанда алаша пайда болады.

(Ж) (Т) (Ф) жасау.

 

 Оқушыларға жіпті керу барысында шеткі шегеден байлап керу керектігін көрсетіледі.

Масалы:

Бағалау дескрипторы :

  • Негізге жіпті қалай керуді біледі.
  • Жіптерді біріңғай дұрыс тартып кереді.
  • Арқау жіптті өрістен ажырата алады.

(Ф) Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін тәжірибе.

Оқытушының оқушыларды тоқу үшін құрал- саймандарды жасау процесін бақылау.Оқушылар жасалу нәтижесін талдап және түсіндіру. Формативті бағалау процесінде жасалған жұмыстың нәтижелеріне сүйеніп нақтылау және түзету.

Дифференциация

Оқушыға қолдау көрсетуде, мұғалімнен жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие бола алады.

http://www.gmirk.kz/ru/issledovaniya/526-lang-ru-kovrotkachestvo-kak-fenomen-mirovoj-kultury-lang-lang-kz-lang-lang-en-lang

Феномен тоқу әлемінде

https://www.youtube.com/watch?v=3q50qVMERBo

Жіпті рамаға қалай дұрыс керу.

https://www.youtube.com/watch?v=bAj2XQ8KqhU

Гобелен Картонға қалай жіпті керу

https://www.mastera-rukodeliya.ru/tkachestvo/2882-poleznyie-sovetyi-nachinayuschim.html

Жаңадан тоқуды бастаушыларға пайдалы кеңестер.

Сабақтың соңы

5 минут

Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушыларға тәжірибе нәтижелерімен бөлісу «Өзін-өзі бағалау», «Өзара бағалау » жұмысын өткізуге ұсыныс беру.

Кері байланыс орнату:

1.мен білдім.

2. мен үйрендім

3.Маған ұнағаны.

4-маған қиын болды.

Дифференциация – Сізге көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлап отырсыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың оқу деңгейін қалай тексеруге болады?

Денсаулық және қауіпсіздік ережесі.

Дифференциация қолдау көрсету. Мұғалімнен жеке кеңес алу мүмкіндігі.

Мұғалім оқушыларды үйрету үшін құрал жасау процесін бақылау.

жасағанды талдау және түсіндіру. Формативті бағалау процесінде алынған аралық нәтижелерге негізделген қызметті түзету.

Қауіпсіздік ережелері мен өткір кескіш нысандардағы талаптар

Сабаққа кері байланыс.

Сабақтың / мақсаттардың мақсаттары шынайы болған ба?

Барлық студенттер ОМ -ге жетті ме?

Егер жоқ болса, неге жоқ?

Сабақта дифференциация дұрыс па?

Сабақты уақытша кезеңдерде ұстап тұру керек пе?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

1: Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқу туралы ойлаңыз)?

2:

1: Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?

2:

Сабақ туралы немесе жеке оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы сабақта не білдім, келесі сабақтарда не іздеймін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу