Этностильдегі бұйым дайындау (бас киім, кеудеше). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


2 Бөлім. Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Этностильде бұйым дайындау (бас киім, жилет).

Оқу мақсаттары:

8.2.3.2-Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау;

8.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар бас киім дайындау үшін нұсқаулық-технологиялық карта құрастырады,

қажетті өлшемдерді алады, сонымен қатар осы бұйымның сызбасын сызуды үйренеді (ынтасына қарай – бірнешеуін).

  • Ұйымдастырушылық кезең

Бұл екінші тоқсанның төртінші сабағы. Мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне бейімдеуі және оқу үдерісінде ынталандыру үшін жағдай жасауы тиіс, ол үшін «Мен саған ... тілеймін» ойнын қолдануға болады, сол кезде ұлттық қазақ аспаптарының орындауындағы музыкалық сүйемелдеу мүмкіндіктері қатысушылардың барлығында белгілі бір көңіл-күй қалыптастыруға көмектеседі.

«Мен саған ... тілеймін» ойны

Мұғалім қатты қағаз немесе картоннан жасалған медальды алдын ала дайындап, сыныпқа оқушылар кіргеннен кейін оларға ұсынуы қажет. Оқушылар музыканың ырғағымен қимылдайды және музыка тоқтаған кезде олар бір-бірімен қол ұстасып жұптаса тұрады. Бүкіл оқушылар қағаз медальдарда өз тілектерін жаза отырып, оларды бір-біріне ұсынады. «Сабақта саған жақсы көңіл-күй тілеймін», «сәттілік!», «саған қызықты шығармашылық идеялар тілеймін» және т.б. құштарландыратын сөздерді қолдануға болады. Оқушылар қалауынша, жақсы тілектер жазылған медальдарды киімдеріне қыстырып алуына болады. Осы ойын сабақтың жақсы басталуына мүмкіндік береді. Сыныптағы барлық қатысушылар өздеріне және сыныптастарына қатысты жақсы, жағымды сөздерді естиді.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Шатастырылған әріптер» ойыны

Бұл сабақ оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын қызықты формада анықтауға мүмкіндік береді. Сол құрамның алғашқы жұптары сабақ алдында мұғалім алдын ала дайындалған карталармен жұмыс істейді, онда барлық әріптер шатастырылады:

  • УҰҚР (құру)
  • ЫҰМБЙ (бұйым)
  • ИТСОНТЭЛЬ (этностиль)
  • КБАСІМИ (бас киім)
  • ЛЕТИЖ (жилет)

Белгілі уақыт аралығында оқушылар жұптаса отырып, араласқан әріптердің дұрыс тәртіпте орналасуын шешіп, дұрыс жауабын айтады. Әр жұптың жауаптарын тыңдай отырып, мұғалім оларды тақтаға жазады, қажеттілігіне қарай түзетуіне болады. Мұғалім тақтада жазылған сөздерге назар аудартып, оқушыларға осы сөздерден тақырыптың атауын тұжырымдауды ұсынады. Сабақтың мақсатын мұғалімнің өзі хабарлайды, бірақ оқушылар олардың мағынасын өздігімен түсіндіреді, ол үшін «Ақылды тас» тәсілін қолдануға болады. Оқушылар пакеттен немесе матадан жасалған қоржыннан бір тастан таңдап алады, сұрау белгісі бейнеленген тас кімде болса, сол қатысушыларға сабақ мақсатының мағынасын түсіндіреді. Қандай да бір қиындық туындаған жағдайда сыныптастары жауабын түзете отырып, көмектеседі. Бұл тәсіл оқушыларға сабақ мақсатын ерекше түрде анықтауға көмектеседі, жауабын тұжырымдауда қиындық туса, оқушылар түсініктеме беріп немесе бір-бірін толықтырып, бір-біріне көмектеседі.

  • Бірлескен әңгіме

Оқушылар тәжірибелік жұмысты бастамастан бұрын алдынғы сабақта жасалған болашақ жоба бұйымының шығармашылық эскиздерін қарап шығуы қажет. Мұғалім әр топқа бір-бір сұрақтан таңдап және ойланып, жауап беруді ұсынады:

  • Бұл бұйымға қандай ою-өрнек қолайлы?
  • Бұл бұйымды жасауға қандай материалдарды қолданған ыңғайлы?
  • Өз эскиздеріңді тағы да немен толықтырғыларың келеді? Неліктен?

Топтар осы жайында өз ойларын ортаға салады. Оқушыларға эскиздерді қарап шығу тек қана есте сақтап қоймай, сонымен қатар өздерінің шығармашылық идеяларын, қалауына қарай бұйым пішінін, конструкциясын түзетуге көмектеседі.

  • Тәжірибелік жұмыс. Кестемен жұмыс.

Бұл тәжірибелік жұмыстың бірінші кезеңінде оқушылар бас киімнің сызбасын сызу үшін өлшем алу кезінде қандай өлшем алу ережелерін сақтауы керектігін, № 2 қосымшамен жұмыс, сонымен қатар бас киімнің – тақия, сәукеле, және т.б. сызбасын сызу үшін қандай өлшемдер алу қажеттігін біледі. Оқушылар өлшем алып, нәтижесін кестеге – 3 қосымшаға жазуы қажет. Өлшем алу кезінде оқушылар бір-біріне көмектесуіне немесе мұғалімнен көмек сұрауына болады. Конструкциялау кезінде, яғни сызба жасау кезінде БА (бас айналымы) өлшемінің бөлінуі немесе бөлінбеуі де мүмкін екендігіне оқушылардың назарын аудару маңызды. 2,4,6,8,10,12 немесе басқа санға бөлінуі мүмкін. Бұл бас киімнің моделіне байланысты. Яғни, егер артқы жағынан тір тігіс түскен жаздық бас киім болса, онда құрылым кезінде бөлінбейді. Ал егер, мысалы, қиықты тақия болса, онда 4-тен 12-ге дейін бөлінеді. Яғни БА өлшемі жоспарланған қиық санына бөлінеді.

Екінші кезеңнің орындалу барысында оқушылар мұғалімнің ұсынған үш бас киім сызбасының нұсқасынан тек бір нұсқасын таңдайды. Содан кейін қажетті өлшемде арнайы қағаз парағына орындайды. Оны орындау барысында мұғалім оқушылардың сызу құралдарын дұрыс қолдануын бақылап отыруы қажет.

Үшінші кезеңде оқушылар алынған ақпаратқа, дизайнерлік шығармашылық бұйымды жасауға арналған эскиздер мен таңдалған материалдарға сәйкес нұсқаулық-технологиялық картаны дайындап, оны кестеге орналастырады:

Бұйым дайындау кезеңі

Дайындау реттілігі

1

2

3

Оқушылар бұл жұмысты орындау кезінде бір-бірімен ақылдасуларына, сонымен қатар мұғалімнің көмегіне жүгінулеріне болады.

  • Сапаны бақылау

Өзін өзі бақылау, өзара бақылау:

Оқушылар мұғаліммен бірге орындалған жұмыстардың сапасын тексереді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу