Этностильдегі бұйым дайындау (бас киім, кеудеше). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


№5 Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология

Мектеп:

Күні: __________

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8 сынып

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Этностильдегі бұйым дайындау (бас киім, кеудеше).

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.2-Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау;

8.2.6.1-Техника қауіпсіздігін сақтап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- кеудеше дайындау үшін нұсқаулық-технологиялық карта құрастырады;

- қажетті өлшемдерді алады;

- бұйымның сызбасын сызады.

 Бағалау критерийлері

- белгілі бір талаптарға сәйкес бұйым дайындау үшін альбомға немесе жұмыс дәптеріне қажетті жазбаларды орындайды;

- осы жазбалар негізінде бұйым дайындаудың әртүрлі тәсілдерін ескере отырып, өлшем алу және сызбасын сызуды орындайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар диалог жүргізеді, талқылайды, ашық/жабық сұрақтарға жауап береді, талдайды, пікір алмасып, сыныптастарының жұмысына түсінік береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Стилизация, жалаңдық, ықшамдық, зооморфтық, өсімдік, геометриялық ою-өрнектер, бұйым эскизі және сызбасы.

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Бұл сызба … көрсетеді және сипаттайды.

Біз оны… қолдана аламыз.

Біздің бұйым дайындау нұсқамыздың эскизінде біз … ұсындық.

 Құндылықтарды дарыту

  • Шешім қабылдау барысында жауапкершілікке тәрбиелеу;
  • Жаhандану азаматтығы: өзге елдің мәдениетін сыйлау;
  • Материалға ұқыпты қарау;
  • Оқушылардың өзара ынтымақтастығы, бір-біріне құрметпен қарау;
  • Отанға деген сүйінпеншілікке тәрбиелеу;
  • Отаншылдық және азаматтық көзқарасын қалыптастыру;
  • Топта адал еңбекке тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

Қазақ тілі мен әдебиеті, бейнелеу өнері

 Бастапқы білім

Бұл екінші тоқсанның бесінші сабағы. Оқушылар алдыңғы сабақта бас киім дайындау үшін өлшем алды және сызбасын сызды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы 1-2 мин.

1мин.

1мин.

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;
  • оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды:

«Мені түсін» тәсілі

Оқушылар топқа алдыңғы сабақтағыдай құрамда бірігеді. Әрбір топ жеке тізбек түрінде бірігіп, барлық топтың басталуы бірдей деңгейде мұғалімнің жанында тұрады. Мұғалім тізбектегі әр топтың бірінші тұрған оқушысына жеке, ақырын ғана әртүрлі сөздер айтады немесе жазбаша түрде береді. Ары қарай, оқушылар тізбек бойымен аталған сөздерді мысалы, өлшем, сызба, қамзол, қосымша, сызу құралдары және т.б. көрші тізбектің оқушыларына естілмейтіндей етіп бір-біріне жеткізеді. Тізбек соңында тұрған оқушы өзіне кезек жеткенде айтылған сөзді мұқият тыңдап, тақтаға шығып естіген сөздерін жазады. Мұғалімге бірнеше рет қайталауға болады. Мұғалімнің оларға айтқан сөздерін тақтаға кім дұрыс әрі жылдам жазады, сол топ жеңімпаз аталады.

  • Өткен материалды қайталау

Мұғалім оқушылардың назарын тақтаға жазылған сөздерге, олардың ішіндегі қандай сөздер жобалық бұйым жасау тақырыбына сәйкес келетіндігіне аудартады. Оқушылар оларды таңдап, неліктен екені жайында айтады.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Мұғалім оқушыларға алынған ақпарат арқылы осы сабақтың тақырыбы мен мақсатын тұжырымдауды ұсынады.

Тақта, бор, маркерлер

Сынып немесе интерактивті тақта

Презентация

Сабақтың ортасы

1-2 мин

4-5 мин.

2-3 мин.

10 мин.

15 мин.

  • мин.
  • Сұхбатқа шолу.

Оқушылар алдыңғы сабақтағыдай топ құрамында жұмыс жасауды жалғастырады. (1 қосымша)

Оқушылар топта бұйым (қамзол) дайындау кезеңдерінің дұрыс реттілігін анықтайды. Бұл тапсырма жарыс түрінде жүргізіледі, берілген тапсырманы жылдам орындаған топ жеңіске жетеді.

Дұрыс жауап:

Бұйым дайындау кезеңі

1

Өлшем алу

2

Қамзолдың сызба құрылымы

3

Модельдеу (мойын ойындысы, бұйымның төменгі қиығы)

4

Бұйымды өңдеу

5

Бұйымды безендіру

6

ЫЖӨ

  • Жеңі тұтаспішімді бұйымның сызбасы негізінде қамзолды конструкциялау

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

  • Бұйымның сызбасының дұрыс құрылуы неге байланысты?
  • Өлшем алу кезінде қандай ережелерді сақтау қажет?
  • Адам денебітімінен алынған ұзындық және айналым өлшемдері қалай жазылады?

Оқушылар жауап беруі мүмкін:

  • Өлшем алу кезінде адам түзу, салмақ екі аяққа бірдей түсетіндей, күш салмай, денені шынайы қалыпта ұстап, қол төмен түсірулі қалыпты тұруы қажет. Бел тұсы ызбамен (тесьма) буылады.
  • Өлшем сантиметрлік таспаны тартпай және бос ұстамай, алдыңғы жағынан қабыстырып өлшенеді.
  • Дене, қол, ұзындық және басқа өлшемдер денебітімнің оң жағынан өлшенеді.
  • Ұзындық өлшемдер толық, айналым өлшемдерінің жартысы жазылады. Өлшем атаулары қысқартылып жазылады:

Айналым – А, жартылай айналым – Жа, ұзындық – Ұ, ені – Е, биіктігі – Б.

  • Өлшем алу тәсілдерін көрсету.

Мұғалім манекенде қамзол сызбасын сызуға қажетті өлшем алу тәсілдері мен негізгі антропометриялық нүктелерді көрсетеді.

  • Тәжірибелік жұмыс. Қамзол сызбасын сызу

Қабілеті жоғары оқушылар бұйым пішімінің классикалық құрылымын қолдана отырып, сызба құрылымын және модельдеуді өздігімен орындайды, қабілеті төмендеу оқушылар қамзол сызбасын сызу, модельдеу тәсілінің бірін таңдап, орындауына болады:

  • Жеңі тұтаспішімді бұйым сызбасы негізінде қамзолды модельдеу (3 қосымша).

Оқушылар, әртүрлі өлшемдегі дайын пішім сызбасын қолдана отырып, қамзолдың мойын ойындысын және төменгі қиығын формасы мен ұзындығын өзгерте отырып, модельдейді.

  • Сапаны бақылау

Өзін-өзі бақылау, өзара бақылау:

Оқушылар мұғаліммен бірге орындалған жұмыстардың сапасын тексереді.

Презентация

Сантиметрлік таспа, жұмыс дәптері

Дидактикалық материалдар, № 1-3 қосымшалар.

Таңдалған тәсілге сәйкес – бұйым пішімінің сызбасын сызуға арналған қажетті сызу құралдары

Интернет сайты:

https://ru.wikihow.com/кеудеше тігу

https://ru.wikihow.com/%D1%81%D1%88%D0%B8%D1%82%D1%8C-%D0%B6%D0%B8%D0%BB%D0%B5%D1%82

Модельдеуге арналған материалдар мен құралдар

Сабақтың соңы

1-2 мин

(W) Рефлексия

Сөйлемді толықтырыңдар:

- сабақта маған ұнағаны …

- сабақта маған … қиын болды.

- мен ендіорындай аламын

Саралаукөбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктеуді жоспарлайсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бұйымды дайындау сапасын бақылау, қолдау көрсету қажет

Сапасын тексеру – өзін-өзі тексеру, өзара тексеру

Оқушылар әртүрлі құралдар және материалдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауы тиіс

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу