Этностильдегі бұйым дизайны (бас киім, жилет). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.
План урока №3
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология | Мектеп: | ||||||||||
Күні: __________ | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 8 сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Этностильдегі бұйым дизайны (бас киім, жилет). | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.5.1-Функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және экологиялық талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау 8.1.5.2-Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар дайындау | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - киім стилін анықтайды; - этностильдегі иықты киім және бас киім эскизін орындайды; | ||||||||||
Бағалау критериялары | - альбомға белгілі бір талаптарға сәйкес этностильдегі иықты киім мен бас киім эскизінің суретін салады; - костюм салу кезінде пропорциясын сақтай алады; - түстік шешімін біледі; - жұмысқа қызығушылығын танытады және ұқыптылығын көрсетеді; - композициялық шешімінде бейнелеудің барлық компоненттерін көрсетеді. | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар диалог жүргізеді, талқылайды, ашық/жабық сұрақтарға жауап береді, талдайды, пікір алмасып, сыныптастарының жұмысына түсінік береді. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Стилизация, жалаңдық, ықшамдық, зооморфтық, өсімдік, геометриялық ою-өрнектер, бұйым эскизі Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Бұл эскиз … сипаттайды. Біз оны… қолдана аламыз. Біздің ою-өрнекті стильдеу нұсқамыздың эскизінде біз … ұсындық. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақстан тарихы Қазақ тілі мен әдебиеті, бейнелеу өнері | ||||||||||
Бастапқы білім | Бұл екінші тоқсанның үшінші сабағы. Оқушылар әртүрлі қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерін, ою-өрнекті стильдеу ұғымын біледі. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басталуы 1-2 мин 2 мин. 1 мин. |
«Қар ұшқыны» (снежинка) (2 слайд) (Бұл тапсырманы орындау кезінде музыкалық сүйемелдеу қолдануға болады). Мұғалім әр оқушыға белгілі бір уақыт ішінде қағаз парағынан қар ұшқынын жасауды ұсынады. Орындау кезеңінің түрі мен реттілігі барлығына бірдей:
Оқушылар өз жұмыстарына қарайды, бір-біріне көрсетеді. Мұғалім оқушылардан барлығының уақыты, материалы, құралы бірдей болғанымен, әр оқушыда өзіндік бірегей бұйым пайда болғаны жайлы ойлануды сұрайды. Оқушылар бұл жөнінде өз ойларымен бөліседі.
Оқушылар өздері таңдаған үш түрлі карточка бойынша үш топқа бірігеді. Үш түрлі карточканың сыртына жазу жазылған (1 қосымша): Ою-өрнек - 1 топ Стилизация – 2 топ Этностиль – 3 топ Әр топ ою-өрнек, стилизация, немесе этностиль жазылған таңдаған карточка қағаз парағына 5 сөз немесе негізгі түсінік туралы ойларын жазады. Мұғалім тапсырманы орындауға берілетін уақытын айтады. Берілген уақыт аяқталған соң, әр топ өздерінің сөздері мен ойларын басқа топқа жеткізеді. Мұғалім қажеттілігіне қарай оқушылардың жауабын түзетіп, оларды сынып тақтасына жазады.
Мұғалім тақтаға «Дизайн» сөзін жазады, сонымен бірге қазақтың ұлттық бас киімдері мен иықты киім қамзол бейнеленген әртүрлі фотосуреттерді орналастырады. Оқушыларға барлық жазулар мен суреттерді қарап шығып, топта сабақтың тақырыбы мен мақсатын тұжырымдап, талдайды және ойларын айтады. Мұғалім қажеттілігіне қарай өзгеріс енгізіп, жазбаны тақтаға жазады | Домбырамен ойналған қазақтың музыкалық композициясы. Әр оқушыға арналған бірдей түсті қағаз парағы, қайшылар. Оқушыларды топқа бөлуге арналған карточкалар Сынып тақтасы, презентация (таныстырылым) | |||||||||
Сабақтың ортасы 3 мин. 3 мин. 5-7 мин. 1-2 мин. |
Стильді анықтау. (4 слайд) Киімге қатысты негізгі стильдер: классикалық, спорттық, романтикалық, этникалық (фольклорлық).
1 кезең. Ақпаратты көру алдында жаңа ақпарат бойынша сұрақтар дайындау үшін оқушылар альбом мен жұмыс дәптерлерін дайындауы тиіс, әр топ өзге топқа екі сұрақтан дайындайды. 2 кезең. Көріп шығу (слайд) 3 кезең. Жаңа ақпаратты топтар дайындаған сұрақтар бойынша талқылау.
Қазақтың ұлттық костюмдерінде этникалық және әлеуметтік жағдайларға байланысты ежелгі дәстүр сақталған. Мерекелерде киілетін киімдерді қымбат материалдан тігіп, бисер, кесте, өрнекті ызбамен сәндеген. Қазақ халқының өз костюмдеріне қоятын негізгі талаптары – ыңғайлылық пен функционалдылық, ыңғайлы пішімі және кез келген ауа райына төзімділік. «Этностильдегі бұйым дизайны (бас киім, қамзол, жилет) тақырыбын өздігімен оқу (кластер немесе коллаж құру). 5 минут Оқушылардың сөз сөйлеуі, тақырып бойынша шығармашылық жобаны қорғау, 3минут. Оқушылар әр топқа жеке дайындалған тапсырмамен танысады:
Оқушылар жұмысты берілген уақыт аралығында орындай отырып, өз жауаптарын ұсынады, оны өзге топтарға көрсетеді. Мұғалім қорытындылайды және оқушыларға әңгіменің негізгі кезеңдерін альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазып алуларын тапсырады.
- эскиз костюмдегі пропорцияның дұрыстығын көрсетеді; - эскиз түс шешімдерін көрсетеді; - эскиз ою-өрнектің заманауи элементерін көрсетеді;- ұқыптылықты көрсетеді және жұмысқа қызығушылықты арттырады;- бейнелеу компоненттерінің барлығы композициялық шешімде көрсетіледі. 2 кезең. Оқушылар жұмысты өзге топтарға көрсетеді, көрген әсерлерімен бөлісіп, критерийлер бойынша бағалайды.
Оқушылар топта тақтадағы немесе электронды презентациядағы мұғалім ұсынған сұрақтармен танысады:
Әр топ кез келген екі сұрақтың жауабын талқылайды (мұғалім әр топтың бірдей сұрақ таңдамауын қадағалайды) және бұл туралы өз ойын айтады. | Презентация Альбомы, рабочие тетради учащихся https://www.youtube.com/watch?v=87-DrwZ4fvE https://www.youtube.com/watch?v=9ZIaQhw_HWQ Презентация, әр топқа арналған сұрақ жазылған слайдтар. Альбомдар, жұмыс дәптері, көркем материалдар және акварель немесе графикаға арналған таңдау бойынша құралдар. Презентация, Сұрақтарымен слайдтар | |||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | (W) Рефлексия. Сабақ соңында оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді: - нені білдім, не үйрендім - не түсініксіз болды - не туралы тағы да жұмыс жасауға тура келеді. Оқушыларға келесі сабаққа дайындалып келу ескертіледі. Оқушылар технологиялық картада көрсетілген пішім мен материалдарды алып келулері тиіс. | ||||||||||
Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер жүктеуді жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар жилет дизайнын дайындау бойынша тапсырманы, қабілеті төмендері – бас киімнің дизайнын орындайды. | Оқушылардың тәжірибелік жұмыстарының нәтижелері: эскиз, пішім, рәсімделген технологиялық карта | Оқушылар қайшымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтаулары тиіс. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?