Ойын техникасының дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, дидактикалық материал. 15 сабақ.


Дидактикалық материал 6 сынып

Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

  • Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).
  • Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте мұқият болу.

Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.

Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

Допты салмағына сәйкес таңдау.

Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

  • Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.
  • Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;
  • «финтті» қолдана білу;
  • Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;
  • Бір –бірін итермеу;

Ойын техникасын топтау.

Баскетболшы техникасына берілген нақты ойын жағдайларын тиімді пайдалану үшін арналған спорт түрінің дамуы барысында жинақталған әдіс-тәсілдер және олардың жиынтығы мен түрлілігі жатады.«Техника тәсілі» термині құрылымы бойынша сәйкес келетін және бір ойын жағдайын шешуге бағытталатын қозғалыстар жүйесін қарастырады. Берілген немесе басқа да тәсілдер қолданылатын шарттар көптүрлілігі оны орындаудың тәсілдерін жетілдіреді, құрылуын реттейді. Баскетбол дамуының түрлі кезеңдерінде тәсілдер саны, оларды орындау әдістері, бағалац критериилері өзгеріп, жетілдіріліп отырылған. Арсенал қайта құрылуына ойын ережелерінің жоспарын дамыту, ойыншылардың басқа да дайындық түрлерінің деңгейін арттыру әсер етеді.

Қозғалысты, жүгіруді, секіруді, тоқтауды, айналыстарды жетілдіруӘрбір даму кезеңіндегі спортсмен техникасы – бұл ойыншыға ережелер шектеулерінен шықпай күрделі ойын жағдайларында ең тиімді іс-әрекет жасауына көмектесетін тәжірибемен тексеріліп өткен тәсілдер жиынтығы. Кенеттен қлыптасатын ойын жағдайларында ең тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, баскетболшы ойын техникаларының көптүрлілігін толығымен меңгеріп, белгілі бір жағдайда қажетті тәсіл немесе тәсілдер жиынтығын таңдай біліп, тез арада, әрі нақты орындауы керек.Жоғарғы техникалық шеберліктің критериилері:— берілген ойын фунцияларын шабуыл және қорғаныстың негізгі тәсілдерімен қоса толыққанды орындау үшін тиімді әдіс-тәсілдер жиынтығын оңай пайдалана білуі;— берілген ойын тәсілдерін орындаудың нақтылығы, әрі тиімділігі.— қарама-қайшы факторлар (қатты шаршау, психологиялық ауырлықтар, қиын сыртқы жағдайлар және т.б.) әсеріне қарамастан ойын тәсілдерін орындаудың тұрақтылығы;— қарсылас ойыншының қарама–қарсы іс–әрекеттеріне байланысты техникалық ойын тәсілдерінің кезеңдерін пайдалана білу;— ойын тәсілдерін пайдаланудың тұрақтылығы, ол көпкүндік жарыс кезінде ойыннан–ойынға еш ауытқусыз жоғары мергенділікпен анықталады.

Баскетбол техникасы мен тактикасын жетілдіру.Мұғалімнің жас баскетболшыларды тактикалық іс–әрекеттерге оқыту кезіндегі негізгі міндеттеріне ойын барысында пайда болатын жағдайларды ойыншының шығармашылық жолымен шешуін қамтамасыз ету үшін берілген жүйеде пайдаланылады: қатысушылардың зейінін арттыру, ойын жағдайларында бағдарлану тәсілдерін көрсету; негізгі жеке және топтық тактикалық іс–әрекеттерге үйрету.Тактикаға үйрету барысында келесідей ретті ұстанады: алдымен, жеке тактикалық іс–әрекеттерді оқытады, кейін берілген ойын жүйесіне жуық жеке және топтық іс–әрекеттер нақтыланады.Тактикаға үйрену барысында шабуыл мен қорғаныстың екі жақты қарым–қатынасы бойынша зерттеу керек. Бұл, жаттығуларға ойыншылардың іс–әрекетін шектейтін немесе кеңейтетін шарттары бар арнайы жаттығуларды қосуды қажет етеді.

Доппен ойнау техникасы, бірінші және екінші доп берулердегі мергенділікДопты тартып алған топ шабуылдаушы топ болады. Шабуыл – ойындағы топтың негізі функциясы болып табылады. Шабуылдаушы іс–әрекеттер арқылы топ басымдылыққа ие болып, қарсыласушыға тиімді тактикалық жоспарды пайдалануға міндет еткізеді.Шабуылдаушы топтың негізгі мақсаты – қарсыласушының қоржынына допты кіргізу. Бұл мақсатқа 30 с. Ішінде жету үшін арнайы ұйымдастаырылған, бұрыннан ойластырылып қойылған және дайындалған тактикалық жүрістерді пайдалану керек. Олар доптың қарсылас қоржынына жақындауына, нәтижелі шабуыл үшін тиімді шарттар құрастыруына, аталып отырған шабуылды өткізу және доптың кері түсуіне байланысты күресу мүмкіндігін тудыруына бағытталған. Шабуыл тактикасы топқа нақты қарсыласқа және ойынның түрлі кезеңдеріне байланысты мақсатты бағытталған тәсілдерін, жоспарлық шабулды жүргізудің формалары мен әдістерін таңдап, пайдалануға мүмкіндік береді.Өзінің сипатына қарай шабуылдың барлық іс–әрекеттерін жеке және топтық деп жіктейді. Тактиканың топталуына сәйкес топтық іс–әрекеттердің өзі топтық және командалық деп бөлінеді.

Доппен ойнау және қарсыласу техникасы.Қарсыласу әдістері техникасына үйрену реті оқылатын шабуыл тәсілдеріне тәуелді: шабулдаудың сәйкес ойнау тәсілі үйренгеннен кейін оған қарсыласу тәсілі үйретіледі.Атап өтуге тұратын жайт, баскетболшы қарсыласу тәсілдерін аз ықыласпен және ниетпен үйренеді. Сондықтан, кеіпті түсініктемелер, әңгімелер, үлгілер арқылы қорғану тәсілдерін үйренуге қызығушылықты арттыру қажет. Үйренудің аса маңызды негізі болып бақылай білуі, қарсыласушы іс–әрекетін бағалауы, ойын тәсілін уақытында, әрі тиімді пайдалануы саналады. Қандай–да болсын ойын тәсіліне үйрену барысында оқытушы негізгі зейіннің қайда бағытталуы және ойын тәсілін қалай дұрыс орындау керектігін нақтылап көрсетуі керек.

Баскетболда шабуылдау техникасын жетілдіруБаскетбол техникасының негізі – қозғалыс. Ойын алаңы бойынша баскетболшының қозғалысы нақты ойын жағдайларының орындалуы барысында құрылатын шабуылдау мәселелерін шешуге арналған іс–әрекеттер жүйесінің белгілі–бір бөлігі болып табылады.Ойын алаңындағы қозғалыс үшін жүріс, жүгіру, секіру, тоқталыстар, айналуларды пайдаланамыз. Осы ойын тәсілдерін пайдалану арқылы баскетболшы қажетті орын тауып, қарсыласушысынан кетіп қала алады, кеінгі шабуыл жасау үшін тиімді қажетті бағытқа қарай орналаса алады. Сонымен қатар, қозғалыста аяқтардың дұрыс жұмыс жасауынан және тепе–теңдікті ұстап тұруына доппен орындалатын ойын тәсілдерінің тиімділігі тәуелді болады: қозғалыс және секірген кезде допты беру, допты жүргузу және онымен алдату, секіріп лақтыру және т.б..Ойындағы жүріс басқа қозғалыс тәсілдеріне қарағанда азырақ пайдаланылады. Ол, негізінен, қысқа тоқтамдарда орын ауыстыруға немесе ойын жағдайының интенсивтілігін төмендетуге, сонымен қатар жүгіріспен қоса темпті жайлату үшін пайдаланылады. Қарапайым жүрістен айырмашылығы, баскетболшы аяғында тізесін бүгіп жүреді, бұл оған кенеттен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жүгіру ойындағы негізгі қозғалыс тәсілі болып табылады. Ол жеңіл атлеттің жүгірісінен біршама ерекшеленеді. Ойыншы ойын алаңының шегінде, кез–келген бағытқа, алдымен немесе артымен алға қарай түрлі бастапқы орналасулардан жылдамдығын арттырып отыруы керек.Қарсыласушыға кенеттен болған, тез арадағы жүгіріс жылдамдығын арттыру немесе бастапқы старт спорт ойындарында талпыныс деп аталады. Талпыныс – қарсыласушы қарауынан босатылуына және бос орынға шығуға арналған негізгі құрал болып табылады. Талпынысты жүзеге асыру үшін алдымен 4-5 қадам өтеді. Олар өте қысқа, әрі жыдам (соққылы) болады. Орындау барысында аяқты аяқ ұшынан қояды. Жүгіру жылдамдығы қадамның созылуына байланысты артады. Осы уақытта ойыншы допты қабылдауға әзір болуы тиіс.Секірулерді өзіндік әдіс ретінде де қолдануға болады. Көбінесе, ойыншылар жоғарыға және ұзындыққа жоғары қарай немесе бірнеше секіруді қатарынан пайдаланылады. Секіруді орындаудың екі түрін пайдаланылады: екі аяғымен және бір аяғымен итеріліп секіру.Екі аяғымен итеріліп секіруді көбінесе негізгі қалыптан бастап жасайды. Ойыншы кішкене ғана отырып, қолдарын артқа қарай жібереді де басын көтереді. Жерден тебіну аяқтың қуатты бүгілуінен, дененің және қолдың алға жіне жоғары қозғалысынан туады.Жүгіріп келіп екі аяғымен итеріліп секіру көбінесе қоржынға допты лақтырғанда және допқа қайта таласқанда пайдаланылады.Жүгіріп келіп бір аяғымен итеріліп секіру. Жүгірудің нәтижесінде пайда болған инерциялық қуатты максималды түрде пайдалану итерілуге тәуелді болып келеді. Итерілуден бұрыңғы соңғы қадам алдыңдағы қадамдарға қарағанда бірнеше кең болады. Тізеде бүгілген итермелеуші аяқты алға қояды да, жайлап итерілу үшін аяқ ұшына қарай отырады. Секіруден кейін баскеболшының денесі ең жоғарғы нүтеге жетсе,сермелетін аяқтыбүгіп итермелейтін аяққпен бір деңгейде ұстайды. Жерге түсу қандай тәсіл болмасын жұмсақ, дененің салмағы тепе-теңдікте болуы керек. Ал ол алшақ тұрған аяқтардың аздап бүгілуімен жүзеге асады.Мұндай қалып баскетболшыға келесі ойын қимылдарын тездетіп жасай беруіне мүмкіндік туғызады.Жағдайға байланысты ойыншы жүгірудің бағытының өзгеруі кезінде жүгіріп қарсыластың қарауынан босануға мүмкіндік алады және ары қарай шабуыл жасау мақсатында ашық жерлерге шыға алады. Тоқталыс екі тәсілмен: секіріс және екі қадам жүзеге асады.Шабуылдаушы қорғаушыдан кету үшін, допты соғудан қорғану мақсатында айналымдар жасайды. Айналудың екі әдісі бар: алға және артқа.Алға қарай айналуда баскетболшы бетімен қарап тұрған жаққа қарай аттап өтеді, ал артқа қарай айналуда арқасымен тұрған жаққа қарай аттау.

Доппен ойнап тұрған және ойнап тұрмаған ойыншыға қарсы іс-әрекеттер.Егер топ ойыншылары қорғаныс әрекеттерінде қателіктер жіберсе, онда топтың жеңіп кетуі екіталай.Шабуылшының техникалық қабілеттілігі қорғанушыға қарағанда көбірек. Тәжірибе көрсеткендей қорғаныс іс-әрекеттері олар дұрыс және зейін қойып орындалған жағдайда, олар тиіді болады. Қорғаны техникасын екі негізгі топқа бөледі:1) қимылдау техникасы;2) доппен ойнау және қарсы іс-әрекеттер техникасы.

Қимылдау техникасы.Алаң ішінде қимыл –қозғалыстарды жасау ерекшеліктері мен мінезі, жеке қорғаныс қимылдары ойыншының мақсатты орнатуы мен нақты ситуацияларды жоспарлауға мүмкіндік береді.Тік тұру. Қорғаушы тұрақты орналасуы керек , аяқтары кішкене бүгілу керек және қарсыластың допты алуға және допты қоржынға алуға шабуыл жасау әрекеттерін жасауға мүмкіндік бермеу керек. Өзінің қол астындағы ойыншының қимылдарын бақылай отырып, қорғаушы ойыншы допты және қарсыластардың басқа да ойыншыларының іс-әрекеттерін қадағалау қажет.Қимыл-қозғалыстар. Қорғаушының қимылдау бағыттары мен мінезі шабуылшының әрекеттеріне байланысты.сондықтан қорғаушы әрқашан тепе-теңдік қалыпты сақтау керек жәнекез-келген бағытта қозғалып, кез-келген уақытта жан жаққа, артқа, алға жүгірулерді ң бағыттарын өзгертіп, қарсы қозғалыстар жасағанда өзініңқозғалыс жылдамдығын реттеу керек, сонымен қатар лезде жасалатын тоқталысты қамтамасыз ете отырып қысқа дистанцияда жылдамдықты өсіру керек.

Доппен ойнап тұрған және ойнап тұрмаған ойыншыға қарсы іс-әрекеттер.Егер топ ойыншылары қорғаныс әрекеттерінде қателіктер жіберсе, онда топтың жеңіп кетуі екіталай.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.htmlhttps://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnostiБаскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Yhttps://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26shttps://www.youtube.com/watch?v=Gxg3DxJ_rjIhttps://www.youtube.com/watch?v=bN7PhwUd-u4

Баскетбол ойынында шабуылдау техникасын оқыту әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: https://infourok.ru/basketbol-oyininda-shabuildau-tehnikasin-oitu-distemesi-942947.html

Баскетбол ойынының ережесін меңгертіп, оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыру http://orleu.kz/?p=161185



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу