Қозғалыс теңдеулері. Әртүрлі қозғалыс графиктері. Физика, 7 сынып, дикдактикалық материал.
Оқушының аты-жөні: ________________________________Сыныбы: __________
Қалыптастырушы бағалау
Сабақ тақырыбы: | Қозғалыс теңдеулері.Әртүрлі қозғалыс графиктері |
Оқу мақсаттары: | 7.2.1.6 орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдықты анықтау; 7.2.1.7 жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау: (1) дене тыныштық күйде болғанда, (2) тұрақты жылдамдықпен қозғалғанда, (3) теңүдеумелі қозғалғанда, (4) айнымалы үдеумен қозғалғанда; 7.2.1.8 дене тұрақты жылдамдықпен немесе тұрақты үдеумен қозғалғанда жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі график астындағы ауданын есептеу арқылы жүрілген қашықтықты анықтау; |
Бағалау критерийлері: |
|
Тапсырмаларды дәптерге орындаңыз:
- Төменде берілген жүрілген жолдың уақытқа тәуелділік s(t) графигінің әр бөлігі үшін қозғалысты сипаттаңыз. Келесі уақыт интервалдарындағы:
а) 0-4 с аралығындағы;
b) 4-10 с аралығындағы
с) 10-12 с аралығындағы объекттің жылдамдықтарын анықтаңыз.
Дескрипторлары:
- График бөліктеріндегі қозғалысты дұрыс сипаттайды;
- Берілген уақыт интервалдарындағы жылдамдық мәнін дұрыс анықтайды.
- Төмендегі графикті пайдаланып, А нүктесінен F нүктесіне дейін жүріп өткен велосипедші туралы сұрақтарға жауап бере отырып, әңгіме жазыңыз
- Велосипедші өз қозғалысын қалай бастады?
- Қандай уақыт интервалдарында бірқалыпты қозғалды?
- Бірқалыпты қозғалыстарының жылдамдығы қандай?
- Қанша уақыттан кейін ол үзіліс жасады? Үзілісі қанша уақытқа созылды?
- Барлық уақытта оның орын ауыстыруы қандай? Жолы ше?
Дескрипторы:
- Сұрақтарға дұрыс жауап береді
- Суретте зымыран моделі үшін жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінің мысалы келтірілген. Графикті қолдана отырып:
- төмендегі үш негізгі интервал үшін оның үдеуілерін анықтаңыз.
- 0-1 с аралығындағы;
- 1-4 с аралығындағы;
- 4-12 с аралығындағы.
- 1-4 с аралығындағы жүрген жолын анықтаңыз
Дескрипторлары:
- График бөліктеріндегі қозғалыс үдеулерін дұрыс анықтайды;
- Берілген уақыт интервалдарындағы жүрілген жол мәнін дұрыс анықтайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?