Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы. Санақ жүйесі. Физика, 7 сынып, қосыша материал.


Механикалық қозғалыс – дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі. 

Материялық нүкте – қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайына өлшемдерін елемеуге болатын дене. 

Қозғалыс траекториясы – дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырылған ізі. 

Орын ауыстыру – қозғалыстағы дененің бастапқы орнын онның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді. 

Механика — физиканың материя қозғалысының ең қарапайым түрін — механикалық қозғалысты, яғни денелердің кеңістіктегі уақыт бойынша өтетін қозғалысын зерттейтін бөлімі. Механикалық қозғалыстың кеңістікте және уақыт бойынша өтетіндігін кез келген механика заңынан байқауға болады. Айқын түрде ме, әлде көмескі түрде ме, әйтеуір олардың барлығының құрамына кеңістіктік-уақыттық қатынастар — қашықтықтар мен уақыт аралықтары кіреді.

Дененің кеңістіктегі орны басқа бір денелерге қатысты ғана анықталады. Дененің қозғалысына, яғни оның кеңістіктегі орнының уақыт бойынша өзгеруіне қатысты да осыны айтуға болады. Қарастырылғалы отырған дененің орнын анықтауға мүмкіндік беретін денені (немесе бір-бірлеріне қатысты тыныштықтағы денелер жүйесін) санақ денесі деп атайды.

Анығына келетін болсақ, дененің қозғалысын сипаттау үшін санақ денесімен қайсыбір координата жүйесін, мәселен, декарт координата жүйесін байланыстырады. Дененің координаталары оның кеңістіктегі орнын анықтауға мүмкіндік береді. Дененің қозғалысы кеңістікте ғана емес, сонымен қатар уақыт бойынша да өтетін болғандықтан, қозғалысты сипаттау үшін уақытқа да санақ жүргізе білуіміз керек. Мұны сағаттың көмегімен іске асырады.

Санақ денелері жиынтығы немесе олармен байланысқан координаталар жүйесі және өзара сағаттар санақ жүйесін түзеді. Санақ жүйесі түсінігі физикада түпкілікті түсініктер қатарына жатады. Қашықтықтар мен уақыт аралықтарының көмегімен қозғалыстарды кеңістіктік-уақыттық сипаттау тек белгілі санақ жүйесі таңдалып алынғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Кеңістік пен уақыттың өздері де басқа обьектілер тәрізді физикалық обьектілер болып табылады, бірақ басқа обьектілерге қарағанда маңыздырақ және қажеттірек. Кеңістік пен уақыттың қасиеттерін зерттеу үшін, олардың өздерінде өтіп жатқан денелердің қозғалыстарын бақылау керек. Денелердің қозғалыс сипатын зерттей отырып, біз сол арқылы кеңістік пен уақыттың қасиеттерін де танитын боламыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу