Физикалық шаманы өлшеу. Үлкен және кіші сандарды жазу. Физика, 7 сынып, қосымша материал.


Оқушының аты-жөні: ________________________________Сыныбы: __________

Қалыптастырушы бағалау

Сабақ тақырыбы:

Физикалық шамаларды өлшеу

Оқу мақсаты:

7.1.2.1 аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып, ұзындықты және уақытты өлшеу;

Бағалау критерийлері:

  • Физикалық аспаптарды біледі;
  • Аспаптардың шкаласына талдау жасайды;
  • Өлшем бірлігі;
  • Бөлік құны;
  • Аспаптардың қателігін есепке ала отырып, өлшеулер жүргізе алады

Тапсырмаларды орындаңыз:

Тапсырма 1.

1 суретте сызғыштың көмегімен қарындаштың ұзындығын өлшеу көрсетілген. Осы сызғыш шкаласының бөлік құнын анықтаңыздар және қарындаштың ұзындығын өлшеңіздер.

1 сурет

Сызғыш шкаласының бөлік құны ________________ мм

Қарындаштың ұзындығы ________________ мм

Дескрипторы:

  • Физикалық аспаптың бөлік құнын дұрыс анықтайды;
  • Дененің ұзындығын дұрыс анықтайды.

Тапсырма 2.

а) Сағат уақытты өлшеу құралы болып табылады, ал сағаттың циферблаты –аспаптың шкаласын білдіреді. Төмендегі 2 суретте көрсетілген сағат шкаласының бөлік құны қаншаға тең? Осы сағат қанша уақытты көрсетіп тұр? Төмендегі бос орынға өз жауаптарыңызды жазыңыз.

2 сурет

Жауабы: Сағат шкаласының бөлік құны __________________ (өлшем бірлігін жазыңыз)

Сағаттың көрсетуі: __________________ сағ _________ мин ___________сек

б) Төмендегі 3 суретте қабырғада ілулі тұрған екі түрлі сағаттар көрсетілген.

3 сурет

Осы сағаттардың қайсымен уақытты дәлірек өлшеуге болады деп ойлайсыздар? Өз ойларыңызды түсіндіріп жазыңыздар.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дескрипторы:

  • Физикалық аспаптың бөлік құнын дұрыс анықтайды;
  • Сағаттың көрсетуін дұрыс жазады;
  • Сағаттардың айырмашылығын түсіндіреді.

Тапсырма 3.

а) Төменде көрсетілген суреттегі қай мензурка арқылы сұйықтың көлемін дәл анықтауға болады? Неліктен?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

б) Аспаптың қателігін ескере отырып, әрбір мензуркадағы сұйықтың көлемін анықтаңыздар.

Дескрипторы:

  • Физикалық аспаптың қайсысы дәлірек өлшеу беретінін дұрыс жазады, түсіндіреді;
  • Мензуркалардың қателігін ескере отырып, көлемін дұрыс анықтайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу