Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. Халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ). Өлшеудің дәлдігі мен қателігі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу. Физика, 7 сынып, дидактикалық материал.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 7.1A: Физикалық шамалар мен өлшем бірліктер. | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Конурова А. М. | |||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны:10 Қатыспағандар саны:0 | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. Халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ). Өлшеудің дәлдігі мен қателігі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу. | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.1.2 негізгі физикалық шамалар мен олардың ХБЖ жүйесі бойынша өлшем бірліктерін білу: масса (кг), ұзындық (м), уақыт (с); 7.1.2.1 аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып, ұзындықты және уақытты өлшеу; | |||||||||
Сабақ мақсаттары | 1. «Физикалық щамалар» ұғымын қалыптастыру. 2. Үлкен және кіші сандарды жазғанда үлестік және еселік қосымшаларды қолдану. 3. Кейбір физикалық шамаларды өлшеуді, өлшеу құралын таныстырып, аспатың бөлік құнын анықтауды үйрету. | |||||||||
Бағалау критерийлері | Білу. Өлшем бірліктерді ХБЖ-не түрлендіреді. масса (кг), ұзындық (м), уақыт (с); Түсіну. Физикалық шамаларды өлшеу ұғымын түсінеді. Қолдану. Физикалық құрылғыларды қолданып, шамаларды өлшеу; Үлкен және кіші сандарды жазғанда үлестік және еселік қосымшаларды қолдана біледі; Анализ: Өлшеу құралдарының қателігін анықтайды. Синтез: Өлшеу нәтижесін қателікті ескере отырып жазады. Бағалау: Өлшеу нәтижесі қаншалықты нақты анықталғандығын бағалайды. | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Өлшеу нәтижесін сипаттап, ауызша және жазбаша түрде жалпылай алады. Пәнге тән лексика мен терминология: физикалық құбылыстар, физикалық шамалар, физикалық дене, зат,өлшем бірліктер, санның стандарт түрі, Халықаралық бірліктер жүйесі, құралдың бөлік құны. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Физикалық құбылыстарға … жатады. Физикалық денелер … сипатталады. Құралдың бөлік құнын табу үшін … білу керек. Берілген ақпараттың нәтижесін енгізу үшін біз... Нәтижелер / қорытындылар / жұмыс нәтижесі жазылған кестеде көрсетеді… Кестеде көріп түрғанымыздай... Қорытынды жасай отырып ... | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Осы сабақта физикалық шамалардың түрлерімен, олардың айырмашылығымен танысады, физика кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігін біліп, зертханалық жұмыс кезінде ұқыптылық, жауапкершілік таныту керектігін, физикалық құрал қателігін есептей алады. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика. (Вектор, ұзындық, уақытты өлшеу.) Денешынықтыру. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта оқушылар компьютер арқылы әртүрлі сайттардан тақырыпқа сай ақпараттарды қолданып, тез есте сақтау дағдыларын қалыптастырады. | |||||||||
Бастапқы білім | Физика нені зерттейді? | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 5 мин 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. - оқушылардың зейінін шоғырландыруға көрсетілген ресурс бойынша дене, зат, құбылыс ұғымдарын сәйкестендіреді. - оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын /ОМ анықтап алынады. - оқушылардың сабақ соңында қандай күтілетін нәтижелерге қол жеткізу керектігі ескертіледі. - физикалық өлшем бірліктер ХБЖ тез айналдыру мақсатында «Домино» ойыны жүргізіледі. | http://bilimmedia.kz/kk/content/structure/1069-kirispe#lesson=10651 | ||||||||
Сабақтың ортасы
15 мин 5 мин 10 мин | Сабақ мақсатына орай бар білімдерді қалыптастыру мен дағдыларды дамытуға бағытталған іс-әрекет.
Аспаптық жаңылыс. Өлшеу қатесі: абсолют, салыстырмалы. Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы аспап бөлігі құнының жартысына тең. немесе Мұндағы: a-өлшенетін шаманың мәні. h - өлшеу қателігі. Өлшеудің тура және жанама тәсілі болады. Өлшеулердің метрлік жүйесі: ұзындық бірлігі – метр, масса бірлігі – килограмм, уақыт бірлігі – секунд т.б.
Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу-математикалық сауаттылықтың белгісі. Өте үлкен немесе кіші санды екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде ықшамдап жазу амалы. санын
ал бөлсек, . Тапсырмалар
8500, 816, 200 000
107: 105, 109* 10-3
| http://interneturok.ru/ru/school/physics/7-klass Сызғыш, секудометр, мензурка | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? сұрақтары бойынша. Үйге тапсырма: 1 тарау бойынша №1 СОР дайындалып келу. 2-жаттығу. №8,10. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Өзара бағалау. Марапаттау. Бағалау критеррий бойынша бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары Оқушыны партада дұрыс және түзу отырыуын қамтамасыз ету Көз ауыруларының алдын алу үшін жарықпен қамтамасыз ету Қажет кезінде физ. жаттығу сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлерін жүргізу | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылардың топпен жұмысы 2: Зерттеу жұмыстары. (Физикалық құралдармен шамаларды өлшеу) Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Уақытты қтымды пайдалану. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Физикалық құралдармен шамаларды өлшеу кезінде кейбір оқушылардың өлшеу нәтижесін қателікті ескере отырып жазу кезінде қиналғандары көрінді. Келесі сабақта жеке немесе жұптық жұмыс бойынша әртұрлі бағытта тапсырмалар беріп, қайталатып еске түсіру қажет. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?