Белгілі бір интерьерге арналған заттарды дайындау (көрме залына арналған модульді жиһаз, трансформацияланатын балаларға арналған жиһаз, сәнді шамшырақ). Идеяны дамыту және талқылау. Материалдарды таңдау. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.
Көркем еңбек пәнінің сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 3 А Дизайн және технология | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 9-сынып (ұлдар). | Қатысқандар саны: Қатыспағандр саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Белгілі бір интерьерге арналған заттарды дайындау (мысалы: көрме залына арналған модульді жиһаз, трансформацияланатын балаларға арналған жиһаз, сәнді шамшырақ) Идеяны дамыту және талқылау. Материалдарды таңдау. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.5.1 күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді жалпылау 9.1.6.1 жобаланатын нысанның техникалық, эксплатуациялық және экологиялық сипаттамаларын ескере отырып, өз бетінше конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды, өңдеу тәсілдерін негіздеп, анықтау және таңдау | ||||||
Сабақ мақсаттары | • Модулді және трансформаланатын жиһаздар туралы білімдері мен идеяларын дамыту. • Шығармашылық идеяны дайындауда жобаланатын нысанға қолданылатын материалдардың экологиялық, техникалық сиппаттарын анықтау | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: •Белгілі бір (мысалы, балалар жиһазы) тауардың нарықтағы алатын орны туралы түсіндіреді; •Тұтынушылардың қажеттілігін анықтап, нарықтағы тауарларға (мысалы, балалар жиһазы) талдау жұмыстарын орындай алады. Пәндік тіл және терминология: Ағаш, ДСП, ЛДСП, МДФ, пластик,модуль, трансформер және т.б Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер: •Мен нарықтағы балалар жиһазын зерттеген себебім... •Мен бұл жиһазды таңдадым, себебі... •Технологиялық құжат .... үшін қажет | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Басқа адамдарды, олардың мәдениетін, пікірлерін құрметтеу. Мектеп және қоғам ережелерін, заңдылықтарын және құндылықтарын құрметтеу. Қарым-қатынастағы адалдық, әділдік және ашықтық. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Мәдениет, салт, дәстүр, ғұрыпқа байланысты тарих, сызу сияқты пәндермен тығыз байланыста болады. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сәндік қолданбалы өнер соның ішінде трансформаланатын балалар жиһазының конструкциялық ерекшеліктері мен түрлерін зерттеуде АКТ қолданады . | ||||||
Бастапқы білім | Жиһаздардың технологиялық жасалу үдерісін біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу. Интерактив тақтасында сабақтың тақырыбы, мақсаты көрсетіледі. Модулді және трансформаланатын жиһаздар туралы бейнебаян көрсету. | Трансформаланатын жиһаз. Ағаш саты-орындық. | |||||
Сабақтың ортасы
|
Көрген ақпаратты оқушылармен талқылау: 1.Жиһаз – трансформер. Ағаштан дайындалған орындық- саты. 2.Қаңқасы жоқ конструктор-диван. Талқылау сұрақтары: •Модулді және трансформаланатын жиһаздардың айырмашылығын айтып берсеңіз. •Модулді және трансформаланатын жиһаздардың қарапайым жиһаздардан артықшылығы неде? •Осы тәріздес жиһаздарға мысалдар көрсетіңіз. Сыныпты екі топқа бөлу. Талқылау және идеяны дамыту. Бір топ- шығармашылық идеяларын (нобай, сурет және т.б.) дамытады. Екінші топ трансформаланатын балалар жиһазының конструкциялық ерекшеліктерін қысқаша жазбаша түрде сиппаттайды. Шығармашылық идеяны дайындауда жобаланатын нысан материалының қолдану, экологиялық, техникалық сиппаттарын анықтау. Жұмыс барысында өткен сабақта алған анкета және зерттеу нәтижелерін пайдаланады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, топтар өткен сабақта орындаған зерттеу жұмыстары және тұтынушылардан алған анкета нәтижелері мен шығармашылық идеяларын таныстырады. | Қаңқасыз модулді диван. Құрастырушы «Гурман». «Ай- Димо» өндірісі. https://www.youtube.com/watch?v=sETnMYsUdt4 Картоннан жиһаз дайындау: https://www.youtube.com/watch?v=ubb6bPqpIx0 Үздік 10 үстелдер: https://www.youtube.com/watch?v=C2dqxmd0jXU | |||||
Сабақтың соңы | Оқушылардың шағын топтағы орындалған жұмыстарының нәтижелерін стикерлар арқылы бағалау. | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушылар жұмыстың қиын немесе барынша жеңіл түрлерін қарым-қабілнетіне қарай таңдай алады. Берілген ресурс бойынша талдап, сұрақтарға жауап береді. . | Өздерінің және басқалардың жұмыстарын талдайды. Сынып бағалауы. | Қайшы, кеңсе пышағы, бояу түрлері, желім т.б. заттар мен материалдарды қолданып жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын міндеттеу қажет.
| |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?