Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, қосымша материал.


Тарау 2. Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы: Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау.

Оқу мақсаты:

9.3.1.1 медиа құралдары мен онлайн платформаларды қолдана отырып, белгілі бір аудиторияға дайын жұмыстарын қорғауды өз бетінше ұйымдастыру (бейнетаспа, онлайн форумдар, әлеуметтік желілер)

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • арнайы аудитория алдына сәулет объектісін қорғайды және жобаларының орналасуын (көрме) өз беттерінше ұйымдастырады;
  • жұмыстарын көрмеге алдын-ала дайындауды жүзеге асырады;
  • өз жұмысын таныстыру, оны жүзеге асыру мақсатында орындау этаптарын айқындау;
  • өзінің және өзгелердің шығармашылық жұмыстарына түсінік беру және талдау.

 Бағалау критерийлері:

  • арнайы аудитория алдына сәулет объектісін қорғайды және жобаларының орналасуын (көрме) ұйымдастырады;
  • бұйымның сапасын талқылайды;
  • сұрақтарға жауап береді және бұйыммен таныстырады;
  • сыныптастарының жұмыстарын талқылауға қатысады
  • бұйымның алғашқы этапта ойластырған идеяға сәйкес келетінін талқылайды;
  • кері байланыс орнатады.
  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • өнімді оқу барысына және жаңа тақырыпқа байланысты оқушыларды сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
  • сабақ барысында оқушылардың сабаққа деген ынталарын арттыру көмек көрсетеді:

«Тілек тілеу» әдісі.

Оқушылар алақан және саусақтарының көмегімен бір-біріне тілек жолдайды

  • Барлықтарыңызға (үлкен саусақтардың түйісүі)
  • және барлық (сұқ саусақ)
  • жерде (ортаңғы)
  • табыстар (шылдыр шүмек)
  • тілеймін (шынашақ)
  • Сәлеметсіздер ме! (алақан)
  • «Архитектураға арналған көрме» бейне ақпаратын көру.

Оқушылар бейнематериалдарды көре отырып, әртүрлі көрмелер туралы ақпараттар көре алады және суретшілердің туындылары қалай безендірілгеніне, қалай ұсынылғанына назар аударады.

Оқушылар альбомдарда немесе жұмыс дәптерлеріне қажетті ақпаратты жаза алады.

  • Шығармашылық жұмыс.

Жұмыстарын қорғау

Дайын жұмысқа көрме ұйымдастыру және оны ұсыну жолдары.

Оқушылар топтарда шығармашылық жұмыстарының көрмесіне таныстырылым дайындайды, ол слайд түрінде, бейнетаспа, онлайн форумдар немесе әлеуметтік желілер арқылы жасалған көрме таныстырылымы болуы мүмкін.

Оқушыларға таңдаулары бойынша, белгілі бір аудиторияға сәулеттік нысан макетін қорғауды ұйымдастырады. Оқушылар көпшілік алдында жасалған бұйымдарын таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, кері байланыс орнатады.

Олар сәулеттік нысан макетін жасау кезінде негізгі тарихи, әлеуметтік және мәдени аспектілердің тигізген әсері жайлы баяндайды.

Оқушылар өткізілген көрмені қорытындылау кезінде келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  • Көрмені ұйымдастыруда қандай кемшіліктер мен жетістіктер болды?
  • Біздің көрмені ұйымдастыру тәсіліміз көрермендердің ойынан шықты ма ?
  • Көрермендердің қызықтырған сұрақтарына дәлді жауап берілді ме?
  • Сәулеттік нысан макеті көрмесінен қатысушылар қандай әсер алды?
  • Сабақты қорытындылау

Оқушылар көрермендер комментарияларын ұстана отырып, өзідерінің және өзгелердің жұмыстарын критериялар бойынша бағалайды.

  • Рефлексия:

Стикерді (жапсырылатын қағаздар) кері байланыс алу үшін қолдану.

Сұрақтарға топпен немесе жеке жауап беріңіздер:

  • Не үйрендім?
  • Қайсысы оңай болды?
  • Қайсысы қиын болды?

Тағы не үйренгім келеді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу