Сәндік қолданбалы өнер. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән: Көркем еңбек

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс: 9

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Сәндікқолданбалыөнер

Сабақтың тақырыбы

Интерьердің сәнді заттарының дайындалу техникалары мен тәсілдерін зерделеу

Бастапқы білім

Әртүрлі елдер мәдениеттеріндегі инетерьер бұйымдары жәйлі ақпараттарды біледі

Оқыту мақсаттары

9.1.3.1 шығармашылықидеяларды (оныңішіндеақпараттық-коммуникативтіктехнологияны) дамыту мен іскеасырудабіріншіжәнеекіншіақпараткөздерінтолыққандыжәненәтижеліқолдану

Сабақтың мақсаттары

АКТ-ны қолдану арқылы интерьерге арналған сағатты жасау жолдарымен танысу

Бағалау критерийлері

  • Интерьерге арналған сағат дизайнымен танысады;
  • АКТ-ны қолданып интерьерге арналған сағатты жасаудың техникасын таныстырады.

Тілдік мақсаттар

Үйімізде ... сағат түрлері бар. Ол ... материалдан жасалған. Интерьер сағаттарының ... түрлері болады. Біздің қараған бейнероликтегі сағат циферблаты ... материалдан жасалған. Оның декоры үшін ... материалдар қолданылды. Сағат ... жұмыс қадамдарынан тұрады.

Құндылықтарды

дарыту

Сабақ барысында оқушылар алдағы өнер пәні бойынша нәтиже мен білімінің қалыптасуына жауапкершілікпен қарауды, сабақтың барысында мұғалімді және сыныптастарын сыйлауды, практикалық жұмысты орындауда ұқыптылық пен қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету арқылы денсаулық және сыныптасына көмек қолын созу арқылы серіктестікті дарытамыз.

Пәнаралық байланыстар

Пән

-

Кезең

-

Дифференциация

Ресурс бойынша дифференциация:

Жасау дағдысы жоғары оқушыларға – әйнектен;

Жасау дағдысы орташа оқушыларға – фанердан;

Жасау дағдысы төмен оқушыларға – картон немесе винилді пластинадан жасалған сағаттардың бейнеролигінің сілтемелері танысуға беріледі.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақта оқушылар берілген сілітеме бойынша бейнероликті қарау арқылы, АКТ –ны қолдану дағдыларын дамытады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқушылар тоқсанның басында өткен қауіпсіздік ережелерін сақтаулары тиіс.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылармен аманадасып,сыныпты түгендеп аламын. Сабақтың тақырыбына шығу үшін слайд арқылы 4 әртүрлі суреттерді көрсетемін. Оқушылар әр суретке мұқият қарап оларды өзара байланыстыратын сөзді табулары қажет. Кейін оқушыларға бағыттаушы сұрақтарды қоямын:

  • Қалай ойлайсыздар бүгінгі сабағымызда қандай интерьер бұйымын қарастырамыз ?

Оқушылардың сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысырамын.

Сабақтың ортасы

5 минут

20 минут

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Сіздердің үйлеріңізде қандай сағат түрлері бар?
  • Сағатыңыз қандай материалдан жасалынған деп ойлайсыз?
  • Интерьердегі сағаттардың қандай түрлері болуы мүмкін? Оқушылармен қабырға сағаты, үстел үстіне қойылатын сағат және жерге қойылатын сағат түрлері туралы талқы жүргізіңіз.

Жерге қойылатын сағат адамзат тарихындағы ең алғашқы сағат түріне жатады. Бұл сағат отбасының немесе сағат иесінің жоғары әлеуметтік статусы бар екендігін білдірген.Оны әрине қонақтардың көзіне түсетін жерге орналастырған. Бұл сағаттың сыртқы габариттері үлкен және көбінесе оны классикалық стильде орындайды.

Үстел үстіне қойылатын сағат шағын сағат түрі. Үстел үстіне қойылатын сағаттар кабинеттерде немесе кітапханада үйлесімді көрінеді.

Қабырға сағаты өте ыңғайлы сағат түріне жатады.Себебі ол интерьерде аса көп орынды алмайды.Сағаттың дизайны мен оны ілу орынына үйлесімді болуы қажет.

Оқушыларға берілетін қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:

Берілген сілтеме бойынша бейнебаянды қарап шығыңыз және сол бойынша бақылау кестесін толтырыңыз.

Бақылау кестесінде:

  • Циферблат материалы (сағаттың негізінің материал атауы);
  • Декор материалдары (сағатты сәндеуге қолданылған материалдар);
  • Жұмыс қадамдары.

Бақылау парақшасы әр шағын топқа таратылып беріледі.

Оқушылармен дескрипторларды құрастырамыз:

  • Берілген сілтеме бойынша бейнероликті мұқият бақылайды;
  • Бейнероликтегі сағатты жасау үдерісімен танысады;
  • Игерген ақпарат бойынша бақылау парағын толтырады;
  • Бақылау парағы бойынша сағатты жасау үдерісін түсінікті етіп түсіндіреді.

https://luxprezent.ru/blog/799/

https://clck.ru/EbCU6

https://clck.ru/EbCRY

https://clck.ru/EbCSR

https://clck.ru/EbCTb

Сабақтың соңы

15 минут

Оқушылар кезекпен ортаға шығып өздерінің бақылау парақшаларына сүйене отырып, сағатты жасау әдістерін түсіндіреді. Оқушыларды ортаға шығармас бұрын, олардың ортаға шығу кезектерін нақтылап алу қажет.Өзара бағалауды жүзеге асыру таныстыруға шыққан оқушылардың тобын одан кейінгі шығатын оқушылар дескрипторлар бойынша бағалап өз кері байланыстарын береді. Және оқушылардың кері байланыстарын толықтырып тұрамын. Соныңда оқушылармен сабақ мақсатына қайта оралып, оны қаншалықты орындай алғанымыз бойынша кері байланыс беріп, аяқтаймын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрыс қойылғанба?

Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткізді ме?Жеткізбесе,неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталды ма?

Сабақжоспарынанқандай ауытқулар

болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу