"Кешью" тобы неге жігіттермен кездесе алмайтынын түсіндірді

"Кешью" тобы неге жігіттермен кездесе алмайтынын түсіндірді

Есентаеваның "Кешью" тобы келісімшарт бойынша оларға жігітпен кездесуге болмайтынын Comode.kz-ке берген сұхбатында баяндады. Әншілердің айтуынша, жанкүйерлерді де жиі мазалайтын сұрақ осы екен.

Жеке өмірін шетке ысырып, тек шығармашылықпен айналысуды талап ететін продюсердің шешіміне бойжеткендер түсіністікпен қарайды.

"Жігітпен кездесуге, тұрмыс құруға, балалы болуға болмайды", - дейді топ әншісі Жұлдыз.

Жас әншілер ғашық болу үшін біреуді сағынып, онымен кездесуді армандау керектігіне сүйеніп, жігітпен танысу үшін еш уақыты жоғын алға тартты.

Айта кетерлігі, "Кешьюдің" әншілері гастрольдік сапарда көп жүретіндіктен, бұл жағдай студент қыздардың оқуына кедергісін келтірген.

Топ әншісі Жұлдыз үздіксіз дайындық пен гастрольдік сапарға байланысты оқуын үлгере алмай, екінші жылға қалып қойса, әнші Ақбота Алматыдағы Чайковский атындағы музыкалық коледжінің грантынан айырылып қалған.

Сондай-ақ, қыздар топқа алғаш келгенде, бір-біріне мінездері үйлеспей, жиі ренжісіп қалған көрінеді. Бірақ уақыт өте келе, бойжеткендер продюсерінің өздеріне қойылған талаптарға,продюсердің қатал мінезіне де үйренісіп кеткен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі