Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


 Бекітемін__________________________

 __________________________

 

 Дене шынықтыру сабағының №6 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жүгіру, секіру реттілігі

Оқу мақсаттары

6.3.2.1 Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау

Сабақ мақсаттары

Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және олардың орындалуын көрсету

Бағалау критерийлері

Алыс қашықтыққа жүгіруге арналған дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіреді және олардың орындалуын көрсетеді.

Дескрипторлар

  • алыс қашықтыққа жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін біледі;
  • алыс қашықтыққа жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындайды;
  • жүгіру кезінде дұрыс тыныс алады;
  • бір қалыпты жылдамдық ұсталынады;
  • қалыпқа келтіру жаттығуларын орындайды.

Тілдік мақсаттар

 

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

  •  арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері
  •  дене жүктемелері, дене қыздыру жаттығулары және қалыпқа келтіру техникасы
  •  ағзаның энергетикалық жүйесі

Талқылауға арналған сұрақтар:

  •  Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?
  •  Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-4мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

5-18мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-34мин

 

, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. Осы кезде алыс қашықтыққа жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен дене қыздыру, қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері түсіндіріліп, олардың орындалуы көрсетіледі.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • алыс қашықтыққа жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін біледі;
  • алыс қашықтыққа жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындайды.

Сұраңыз: денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді? Аяқ бұлшық еттерін, демді қалпына келтіруге арналған қандай жаттығуларды білесіздер?

(Т, Ж, ҚБ) Сынып күштері тең 3-4 топқа бөлінеді. Тапсырманы орындар алдында бір келкі жылдамдық сақталу қажет екендігі және дұрыс тыныс алуға аса назар аударылу қажет екендігі айтылады. Оқушылар белгіленген қашықтықты жүгіріп өтуге тапсырма алады. Мұғалімнің белгісімен алда жүгіріп келе жатқан оқушы (көшбасшы) қарқынын бәсеңдетіп, барлық жүгірушілер тобын өткізіп (өзінің оң жағынан), жүгірушілердің соңына қосылады. Жаңа белгі бойынша тағы да көшбасшылар ауысады. Көшбасшылардың ауысу аралығын мұғалім өзі анықтап, оқушыларға хабарлайды.Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін қалыпқа келу жаттығуларын орындайды және жасалған жұмыс талданады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • жүгіру кезінде дұрыс тыныс алады;
  • бір қалыпты жылдамдық ұсталынады;
  • қалыпқа келтіру жаттығуларын орындайды.

Сұраңыз: Тапсырманы орындау кезінде дұрыс тыныс алу қаншалықты маңызды? Не себептен бірқалыпты жылдамдық ұсталынуы қажет? Қысқа қашықтықтарға жүгіру мен алыс қашықтықтарға жүгірудің айырмашылығы қандай?

Үлкен бос кеңістік.

Дене қыздыру жаттығуларына сілтеме:

http://okafish.ru/tennis/114_123.htm

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, ысқырық, уақыт өлшеуіш, конустар.

Жүгіру техникасы интернет ресурсының сілтемесі:

http://fizkult-ura.ru/sci/legkay_atletika/6

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері.

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық білім алушылар алыс қашықтыққа жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіре алады және олардың орындалуын көрсете алады деп жоспарлап отырмын.

 

Қабілеті жоғары оқушыларға алыс қашықтыққа жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындау кезінде сыныптастарына орындалу жолдары бойынша ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу