Қызықты ойындарды құру. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене
шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Бірлескен іс-әрекетті қажет ететін қызықты ойындар. | Мектеп: Алматы қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: ? | |||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Қызықты ойындарды құру. | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.2.1.1 Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл-әрекеттермен байланысты білімді білу және түсіну. | |||||
Сабақ мақсаттары | Әр түрлі дене белсенділігін дамытуға байланысты жаттығуларды меңгеру және қимыл-әрекеттерді бір-бірімен байланыстыру, қозғалыстардың маңыздылығын түсіну, қолдану. | |||||
Бағалау критерийясы. | Жаттығуларға байланысты баламалы нұсқаларын анықтау және қолдана білуі, бірлескен жұмыс арқылы бірқатар дене сапасын дамыту жолдарын қарастыу. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет лексикалық қормен қамтамасыз ету); | |||||
Құндылықтарды дарыту
| Олар сондай-ақ ойынға және басқа оқушыларды үйретуге арналған ережелер мен ұсыныстарды әзірлеп, өздерінің оқыту тапсырмаларын жасайды. Оқушылар командалық жұмыста сәтті болу үшін ынтымақтасу және араласу қажеттілігін ұғынуды бекіту үшін әртүрлі командалық ойындар арқылы өздерінің әлеуметтік дағдыларын дамытады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы.өзгерту | |||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат та өзгертубу үшін басты құрал ретінде қолдану. | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптардағы және мектептен тыс қызметтегі оқыту кезіндегі әртүрлі спорттық ойындардың нұсқаларын орындай алады деп күтілуде. | |||||
Сабақ барысы. | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 12-15 мин. | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. | Үлкен, бос кеңістік. Оқушылардың әр тобына арналған баскетбол шығыршықтары (бейімделгіш биіктігімен). Әр оқушыға арналған баскетбол добы, маркерлер, конустар. | ||||
Сабақтың ортасы 20-25 мин | Оқушылар допты игерудің көптеген жеке дағдыларын тәжірибелейді:
4 немесе 5 оқушыдан құралған топтар допты лақтыруды тәжірибелеу үшін тапсырма жасайды. Оқушылар қандай ережелер болатынын және қандай атуларды тәжірибелейтінін (мысалы, жақын/алыс қашықтықтан) шешеді. Әрбір топ екіншісін өзінің тапсырмасына үйретеді, және үйретілген топ ол қаншалықты жақсы әзірленгенін жұлдызды (оларға ұнағаны және не үшін ұнағаны үшін) және бір тілекті (жақсартуға болғандығы үшін) пайдаланып, бағалайды. | Үлкен, бос кеңістік. Оқушылардың әр тобына арналған баскетбол шығыршықтары (бейімделгіш биіктігімен). Бор (қосымша). Әр оқушыға арналған баскетбол добы, маркерлер. Ату (допты лақтыру) – келесі мысалдарды қараңыз, ату 1-ші және 2-ші бөлімдер: https://www.youtube.com/watch?v=nxrNR76AMXg (1.17 және 1.18 мин).
| ||||
Сабақтың соңы 3-5 мин. | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім спорттық ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын бақылау. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, спорттық ойындарды жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету. Қозғалыс үйлесімділігіне назар аудару, көңіл бөлу. | Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойындар арқылы қозғалыс сапасын артыру. Белсенді қимыл-қозғалыс, тапсырмаларды сапалы орындауларына назар аудару. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. | Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?