Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары №
6-бөлім: Бірлескен іс-әрекетті қажет ететін қызықты ойындар | Мектеп: Алматы каласы ФМБ НЗМ | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: ? | ||||||||||||||||
Сынып: 5 |
| ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.4.4.Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің қолынан не келетінін білу және анықтау | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Түрлі қимыл-қозғалыс ойындары арқылы физикалық қабілеттерін жетілдіру. Өзінің және өзгенің қозғалыс қабілеттерін біліп, анықтай алады. | ||||||||||||||||
Жетістік критериялары | Түрлі қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзінің және өзгелердің физикалық қабілеттерін анықтай алады. Топтық ойындарда бірлесе жұмыс жасай отырып, қиындықты шешу жолдарын табады. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен үш тілдегі терминология: -преодолевать препятствия-overcome obstacles; -динамика- dynamics; -координация- coordination; -тапқырлық- находчивость- resourcefulness; -тәуекел- риск- risk Диалог пен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
| ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өз бетімен және топта жұмыс жасай білу. Патриотизм. Өзін-өзі жетілдіру мен дамыту қажеттілігін сезіну. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дене бұлшық еттердің дамуы ж/е жүрек соғысының өзгерісі туралы биология пәнімен байланыстырып, сабақтастыру | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет арқылы түрлі қимыл-қозғалыс ойындары туралы теориялық мағлұмат алады | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Қимыл-қозғалыс ойындарын түсініп, орындай білу. Спорттық жабдықтарды қолданудағы қауіпсіздік және өз-өзін сақтандыру. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 12мин. | 1.Ұйымдастыру кезеңі: - сапқа тұру,сәлемдесу; - сабақтың оқу мақсатын, сабақтың мақсатын және жетістік критерийін түсіндіріп мәлімдеу;
2. Ынталандыру, сергіту ойыны: «Ұшты-ұшты» Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын заттарды араластыра айтып отырады, Шарт бойынша,тез ұшатын зат аталғанда ғана,ойнаушылар қолдарын көтеру керек,Ал егер кімде-кім ұшпайтын зат аталғанда ғана қолын көтеріп қойса,айыбын тартады,яғни бір өнерін көрсетеді,Ойын осылай жалғаса береді, 3.Арнайы жүгіру, секіру дайындық жаттығуларын орындау: а) оң ж/е сол қапталмен аяқты алшақ қойып секіре-жүгіру; ә) қолды белге қойып, тізені бүкпей аяқты алға сермей жүгіру; б) қолды желкеге қойып, тізені бүгіп өкшені артқа сермей жүгіру; в) тізені алға бүгіп жоғары көтере жүгіру; г) оң ж/е сол қапталмен аяқты қиғаш айқастыра сала жүгіру; ғ) оң ж/е сол аяқты ауыстыра отырып алға секіре жүгіру. Әрбір дайындық жаттығуы спортзалдың жарты айналымына дейін ғана орындалады. 4. «Өзіңді сына» әдісімен видеоролик көрсетілімі арқылы жалпы дамыту жаттығуларын фитбол добымен орындаңыз. Сұрақ арқылы талқылау: - Жаттығу түрлерін көмексіз орындай алдыңыз ба? - Қандай жаттығу сіздерге қиынырақ болды? Жаттығу соңында «Басбармақ» әдісімен өзін-өзі басқару, бағалау. Ашық алақан- барлық жаттығуды жасай алдым; үш саусақ көтеру- жартылай жасай алдым; жұдырығын көрсету- ештеңе жасай алмадым. | Әрбір әрекет үшін кең, таза кеңістік Гимнастикалық таяқша АКТ-ні пайдалану Видеоролик көруге арналған планшет, жеңіл гимнастикалық төсеніштер,фитбол доптары https://www.youtube.com/watch?v=FkvHN6YHHw8 https://www.youtube.com/watch?v=IknYT0Xye3g | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 28мин. | Тапсырма1. Топтық жұмыс .«Ойлан- топтас- бөліс» әдісі - идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі,тапсырма карточка арқылы орындалады. 1топтың тапсырмасы. Төмендегі спорттық құралдардың (секіртпелер,конустар, обручтар, төсеніштер, гимнастикалық орындықтар) көмегімен эстафеталық ойындар құрастырып, оны көрсетіңіздер және ойындағы қиындықты анықтаңыздар. Карточка 1. Дескриптор: оқушы
2топтың тапсырмасы. Төмендегі спорттық құралдардың (жеңіл атлетика барьерлері, фитбол доптары,тығыздалған доптар, конустар) көмегімен кедергілерден жүгіріп өту ойынын құрастырып, оны көрсетіңіздер және ойындағы қиындықты анықтаңыздар .
Карточка 2.
Дескриптор: оқушы
Тапсырманы сұрақ арқылы қорытындылау немесе пікір алмасу:
Тапсырма2. «Ойында көрін» әдісімен жұптық ойын. Фитбол добымен суреттегідей екі оқушы арқамен бірін-бірі итере жүріп допты түсірмей сызықтан шығаруға тырысады. Сызықтан шыққан оқушы жеңіледі.
Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау:
Ойын соңында бір-біріне баға береді. | Әрбір әрекет үшін кең, таза кеңістік http://jas.kz/wp-content/uploads/2016/05/skachki24_thb_610x350x2.jpg https://www.youtube.com/watch?v=FzvOVL9sSt0 Әрбір әрекет үшін кең, таза кеңістік. Фитбол доптары. | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5мин. | 1.Тыныс алу жүйесін қалпына келтіру. « Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» жаттығуы Топ бір қатарға тұрады және 1-16 санауда сапқа тұрып жүруді бастайды. 1 - 4 – үш қадам алға, аяқты түзеп қою; 5 - 6 – айнала бұрылу; 7 - 8 – оңға сүйеу қадам; 9 - 10 – солға бұрылу; 11 - 12 – алға қадам, аяқты түзеп қою; 13 - 14 – айнала бұрылу; 15 - 16 – оңға бұрылу. 2.Үйге тапсырма: Әр топқа (кем дегенде бір) кез келген бір ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын дайындап әкелу. 3.Кері байланыс. Рефлексия. Оқушылар түрлі- түсті қағаз арқылы сабақ туралы пікірлерін төмендегі «Бағдаршам» таблицасына белгі қою арқылы білдіреді
| Түрлі-түсті қағаз- қалам,толтыру парақшасы. | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
|
Топтық композиция мен талқылау сапасы |
| |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?