Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді

Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" Грузияның жоғары оқу орындарына оқуға құжаттарды қабылдау туралы мәлімдеді.


2025–2026 оқу жылына Грузияның жоғары оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан азаматтарына 5 грант ұсынылып отыр. 

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша 2 орын;
  • магистратура бағдарламасы бойынша 2 орын;
  • докторантура бағдарламасы бойынша 1 орын.

Өтінім мен құжаттарды 2025 жылдың 26 мамырына дейін Электрондық үкімет" порталы (Egov.kz) арқылы немесе "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-да қолма-қол тапсыруға болады.

Үміткерлерді іріктеу үшін тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелері онлайн сұхбат өткізеді, үміткерлердің материалдарын қарайды және қорытынды комиссия шешімі шығады.

Ұпай тең болған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, мүгедектігі бар балалар, көп балалы отбасынан шыққан балалар, ауылдық елді мекеннен шыққан, соңғы 2 жылда ауылдық елді мекенде тұратын үміткерлер басымдыққа ие болады.

Мамандықтар тізімі мен толық ақпарат "Халықаралық бағдарламалар орталығының" ресми сайтында жарияланған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу