Мозаика панносын орындау . Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал, 7 сабақ.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Мозайка панносын орындау» тақырыбына арналған сабақ «Сәндік қолдаңбалы өнер» бөлімінің жетінші тақырыбы. Сабақтың бастапқы бөлігінде оқушылардың назарын сабаққа аудару ұсынылады.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Шеңбер жасап «Менің Отаным» тренингін орындаймыз.
Оқушылардың көңілдерін сабаққа аударып, өткен сабақта оқушылар өз мозаика панноларының негізгі элементтері мен жан жағындағы фонды және жиектемелерін біріктіру және жабыстыру арқылы орындаған болатын. Бүгінгі сабақта осы жұмыстарын толығымен аяқтау мақсатында жұмыстар орындайтын болады. Алдымен өткен сабаққа қысқаша шолу жасаңыз. Осыдан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
Түсінкті болу үшін тәжірбиелік жұмысты бастамас бұрын оқушылар назарына шағын бейнефильм көрсету ұсынылады.
https://www.youtube.com/watch?v=pevb12ysEW8
мозайкадағы саңылауларын арнайы сүрткішпен (затирка) толтыру тәсілдері.
Осы бейнебаяннан көріп болғаннан кейін оқушыларда тақырып бойынша сұрақтары пайда болса жауап беруге тырысыңыз.
Тәжірибелік жұмыс жасауды бастар алдыңда оқушыларға техника қауіпсіздігін сақтауын ескертіңіз.
Музыка ырғағымен тәжірбиелік жұмыс жасау.
https://www.youtube.com/watch?v=bGu9cwsirT0
Тапсырма. Топтық жұмыс
Мозайка жұмысының соңғы кезеңін орындау. 4 кезең.
- Өз технологиялық карта мен нобайларына сүйене отырып орындаған сәндік мозаика жұмыстарының желімдері толығымен кебуін күтіп, керамикалық плиткілер арасындағы саңылауларды арнайы сүрткішпен (затирка) толтыру;
- Сүрткішпен (затирка) толтырылған мазайкаларды арнайы матамен немесе паралонмен тазалап жылтырату;
- Сүрткіштің (затирка) бірнеше түрлерін қарастыра отырып, тиімді тәсілін таңдау;
- Кейбір арнайы негізде орындалған мозайка панноларына қажет болған жағдайда рамка дайындау.
Тәжірбиелік жұмыс орындау барысында оқушыларға қосымша көмек қажет болған жағдайда көмектесуге болады. Немесе бағыттау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
Оқушыларға орындайтын тапсырмалармен таныстырып болғаннан кейін, тапсырманы бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.
Тапсырманы бағалау критерийлерге тоқталып өтіңіз.
Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылар бүгінгі орындаған тәжірбиелік жұмыстары туралы топ арасында талдау жүмыстарын жүргізуге болады.
Рефлексия:
Post-It «Жапсырмалар»
Стикерді (жапсырылатын қағаздар) кері байланыс алу үшін қолдану. Топтық жұмысты өзара бағалау жүргізу үшін қолдануға болады.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Әйнек немесе керамикалық плиталар кескішпен жұмыс жасау кезінде –
- кескішті дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша немесе қатты затты қойып жаса;
- кескішпен ойнама;
- кескішті арнайы орынға қойып қоюды ұмытпа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?