Нобай және материалды таңдау . Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, дидактикалық материал.


Сынған керамикалық плиткалардан сәндік мозаика панносын орындауға арналған дидактикалық материал. Техникалық құжат үлгісі.

Жұмыстың орындалу кезеңдері

Графикалық кескіні

Қолданатын құралдар мен материалдар

1

Керамикалық плиткалар қалдықтарын дайындау.

Түрлі түсті керамикалық плиталар, тастар, шыны ыдыстыр қалдықтарын дайындау.

Сынған керамикалық плиткалар қалдықтары. Плиткалардың қажетті пішіндерін алу үшін бірнеше құралдар қолданамыз. Сындыру үшін балға, шыны қалдықтарының сынықтары ұшпау үшін арнайы материалға орап сындырамыз. Қажет болған жағдайда әйнек кескішпен арнайы пішіндерді кесіп аламыз.

2

Негізді дайындау. Мозайкаға арналған негіз – цемент пен құмды тұтастық (стяжка) немесе сылақ, гипсокартон. Бұлар керамика мен желім арқылы тығыз беріктікпен орналасады. Бастысы тегіс және таза болу керек. Егер қажет болған жағдайда тегіс емес жерді тегістеп, жарылған жерді толтырыңыз. Осыдан кейін негізді арнайы грунтпен бояу керек. Ол негіздің бетінің қатайтып, адгезияны көбейтеді.

Цемент, құм, су, сылақ, щетка, валик, грунт, түрлі өлшемдегі егеуқұм қағазы және т.б.

3

Нобайды дайындау.

Өлшемді нақты орындау үшін, пропорциясын сақтау және қиын бейнелерді орындау үшін негізге нобайды карандашпен орындап аламыз. Негізге материалдарды қойып көріп түстік шешімдерін табуға болады.

Мозаикаға арналған негіз, нобай, карандаш, керамикалық плиталарға арналған желім, түрлі түсті керамикалық плиталар және т.б.

4

Мозаиканы орналастыру.

Түрлі қалындықтағы плиткалар болса, онда ішіндегі ең қалың плиталардан бастаған жөн. Қалған плиталар бағыт бағдар алу үшін. Желімді негізге және плита қалдықтарына да жаққан дұрыс. Тек бір жазықтықтағы желімді жайып жіберу керек. Орналастыру кезіңде тек жиектеме сызықтан және түстік шешімдерден қате жібермеу керек. Ал плиталардың орналасу реттілігі тек өзіңіздің шеберлігіңізге байланысты.

Негізгі ережелер:

  • Нобайға сүйене отырып, жұмысты ортасынан бастаған жөн. Композициялық сапасы жоғары болады.
  • Фонды соңынан орындауға қалдырыңыз. Абстракцияныда соңына қалдырыңыз. Алдымен адамдар, жануарлар, өсімдіктерді, яғни қиын пішіндерді орындаңыз.

Керамикалық плиталарды орналастырып болғаннан кейін, толығымен кептіріп, плиталардың арасын толтыру үшін арнайы сүрткішті (затирка) жағып шығамыз. Жылтырағанша арнайы матамен сүртіп шығамыз

Мозаикаға арналған негіз, нобай, карандаш, керамикалық плиталарға арналған желім, түрлі түсті керамикалық плиталар және т.б.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу