Нобай және материалды таңдау . Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Сәндік қолданбалы өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нобай және материалды таңдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.5.2

Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар дайындау.

 Сабақ мақсаттары

        • Сәндік панноны (мозаика) дайындау кезектілігін және ұтымды тәсілдерін анықтап, АКТ қолданып нобай жасау.
        • Сәндік панноны дайындауға қажетті технологиялық құжаттар дайындау.

 Бағалау критерийлері

  • Әртүрлі графикалық тәсілді қолданып, нобай орындайды;
  • Мозаика панносын дайындауға қажетті технологиялық құжат дайындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Мозаиканың орындалу реттілігін ауызша сиппаттайды;
  • Нобайдағы бейнелер мен түстерді талдайды;
  • Графикалық және техникалық құжаттарды талдап, жазбаша түрде сиппаттайды

Пәндік лексика және терминология:

Мозаика, әктеу, сылау, құрастыру, қаптау, панель, панно, сюжет, контур, түстер үйлесімі, өрнекті тас, жазықтық, тегістік, түстің жарқырауы, тізу, желімді негіз, жік, тегіс, жылтыр қабат;

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

Бұл бұйым …. аумағында талап етіледі.

Бұл бұйымның тартымдылығы

Бұл бұйым …. технологияда тиімді қолданылады.

Қиындықтың негізгі себебі…

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, тарих, технология пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар зерттеу барысында қажетті ақпарат жинау үшін АКТ дағдыларын қолданады және мәлімет іздеу, таідау, құрастыру, дәлелдер мен дәйектер арасында байланыс орнату барысында өзіндік жұмыс дағдыларын дамытады. .

Бастапқы білім

Мозаика өнері. Мозаика орындаудың түрлері мен техникалары туралы білімдеріне қысқаша шолу.

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

Ұйымдастыру кезеңіСабақтың басында оқушылар назарын аударуға

екпін жасау.

Өткенге сабаққа қысқаша шолу.

Талдауға арналған сұрақтар:

1.Мозаиканы жасауға қандай материал қолданады?

2.Мозаика техникасын қай жерде пайдаланады?

3. Мозаика техникасында орындалған жұмыстар қалай жасалады (жасалу кезеңдері)?

4.Мозаика жұмыстарын қандай материалдардан жасар едіңіз?

Бейнефильм тамашалау.

Оқушылардан бейне көрініске байланысты алған әсерін сұрау.

  • Бейне роликтен не байқадық?
  • Қандай ой түйдіңіздер?
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. Сабақтың мақсатына сәйкес бағалау критерийлері таныстырылады.

https://www.youtube.com/watch?v=1H5216c1ljM

Мозаиканы дайындау жолы.

Сабақтың ортасы

10 мин.

25

Мозаиканы орындаудың бірнеше әдістері бар.

Тікелей әдіс.

Атауынан-ақ бұл әдіс беткі қабатқа тікелей жатқызуды талап ететіндігін байқауға болады. Бұл әдіс үлкен мозаика жасау үшін қолданылады. Тікелей әдіс ең алдымен қабырға панельдерінің панносын орындауда қолданылады. Біркелкі емес беттері және элементтердің түрлі беткейлері жарықтың ерекше жарқырауын тудырады, ал ол болса өз кезегінде мозаиканың негізгі ерекшелігі болып табылады.

Кері әдіс.

Мозаиканы алдымен жабысқақ негізге беткі қабатын төмен қаратып орналастырады, содан кейін желім жағылып дайындалған жазықтыққа ауыстырылады. Желім құрғағаннан кейін, субстрат (бұл резеңкеленген қағаз немесе өзі жабысатын пленка болуы мүмкін) алынады, содан кейін жіктер сүртіледі. Бұл әдіс дайын мозаиканың тегіс және жылтыр бетін жасау қажет болған жағдайда қолайлы.

Қарама-қарсы әдіс

Қарапайым суреттермен панель жасау үшін пайдаланылады.

Сонымен, сіздер мозаикалық терминдермен және техникалармен таныс болдыныздар.

Тапсырма №1.

Топтық жұмыс:

  • Сәндік панно нобайын (мозаика) орындау
  • Сәндік панноға қажетті материалдар таңдау.
  • Мозаика орындауға қажетті технологиялық құжат дайындау.

Оқушылардың мозаиканы қай әдіспен орындайтындарына таңдау жасауға мүмкіндік беріңіз.

Оқушылар суреттерін түрлі - түсті және қара контур сызығын байланыстырып, өрнекке айналдырулары керек.

  • Нобай орындау реттілігі:
  • Сюжет ойластыру;
  • Композициялық үйлесімділігін табу;
  • Контурлы сурет орындау;
  • Түстер және бояулар палитрасын дайындау;
  • Кескінді бояу;
  • Мозаикалық элементтің контурын бастыру;
  • Жұмыс нәтижесін таныстыруға дайындау.

Нобай жұмыстарын орындап болғаннан кейін, оны орындауға қажетті материалдар мен құралдарға таңдау жасау керек. Ол үшін техникалық құжат дайындау қажет.

Тапсырма №2.

Топтық жұмыс:

Сәндік панноны орындауға байланысты техникалық құжаттың кестесін дайындау. Мысалы;

Сәндік панно (мозаика) дайындау

Тақырыбы

Өлшемі

Пайдаланатын материалдар, қажетті өлшемі

Қажетті құрал- жабдықтар, олардың саны

Орындауға қажетті уақыт

Панноны қолдануға болатын орны немесе пайдалану мақсаты

Қосымша мәлімметтер:

Оқушылар өз жұмыс нәтижелерін аяқтағаннан кейін, өзара талдау және бағалау үшін таныстырады. Қажет болған жағдайда толықтырулар мен өзгерістер еңгізеді.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

  • АКТ қолдана отырып графикалық тәсілде нобай орындайды;
  • Жұмыстың композициялық үйлесімділік шешімін табады;
  • Жұмыстың орындалу реттілігі мен дайындауға қажетті материалдарды (технологиялық құжат дайындайды) анықтайды;
  • Уақытты тиімді пайдаланады.

https://www.youtube.com/watch?v=JXGbiV7U88s мозаика шеберханасы

http://vopros-remont.ru/obshhie-voprosy/mozaika/#h2_2

Мозаика орындау әдістері

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия:

«2 жұлдыз және бір тілек»

  • Екі жұлдыз - ұнайтын екі нәрсе (жұмыс бойынша);
  • Тілек – жұмысты жақсартуды қажет ететін ұсыныстар

Түсті стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Сабақ барысында оқушылардың жеке қабілеттерін қолдап, дамыту мақсатында ашық және жабық сұрақтар қою.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу